Wednesday, December 4

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАҢА ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

0
116

Шымкент қаласында Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов шаhардағы маңызды жолайрық құрылысында болып, жұмыс сапасын бақылады.
Нысан құрылысына жауапты мердігер — «Bazis Construction» ЖШС. Жолайрықтың жалпы ұзындығы Д.Қонаев даңғылы бойынша — 1 030 м, ал Т.Рысқұлов көшесі бойынша — 684,7 м. Жолдың ені — 45 метр.
Бүгінде инженерлік жұмыстар толығымен аяқталған. Бүгінде жер асты өткелінің жер жұмыстары, қада құю, тіреу қабырғаларын құю және Рысқұлов көшесінің Қонаев даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі аралықта жол бөлігінің жұмыстары жүргізілуде.
Қонаев даңғылын тоннель арқылы көліктердің қозғалысы мен Рысқұлов көшесін көпірдің құрылысымен бірге көлік қозғалысы үшін қараша айында ашу жоспарлануда.
Айта кетейік, қосымша өзгерістерге байланысты тұрғындарға тиімді болуы үшін аталған жолайрықта жерасты өткелінің құрылысы жоспарланған. Құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасы оң сараптамадан өтіп, оған қаржы бөлінді. Ол өткел жолайрық құрылысымен қатар жүргізілетін болады.

Leave a reply