ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП — БАСТЫ НАЗАРДА

0
46

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, қала  аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуын  күшейту жөніндегі қала әкімі М. Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, полицейлер карантин режимінің сақталуын қатаң бақылауда. Бұл ретте тәртіп сақшылары кезекті бақылау барысында карантин талаптарын бұзған кезекті лоундж-барды анықтады. Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шараларды жүргізіп жатыр.

2021 жылдың 4-тамызында, сағат 22:15-те аудан аумағында орналасқан «WOW LOUNNG BAR» карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықтады. Қызметкерлер мен даяршылар лоундж-бар ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсеткен.

Сондай-ақ, тиісінше тыйым салынғанына қарамастан, келушілерге қор-қор ұсынылғаны да белгілі болды.Аталған жайт бойынша, карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған лоундж-бар әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара көру үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бекітілген қаулыға бағынбай, әлі күнге көпшілік орындарда бас қосып немесе той-жиын өткізіп жатқан тұрғындарға бұл өздерінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіріп жатқанын қатаң ескертеді.

Айта кетейік, қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ 6 тамыз күні 735 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған