«ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР – ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және 12 тамыз Халықаралық жастар күні, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Zoom видео байланыс ақпараттық жүйесі арқылы «Жұмысшы жастар – қуатты Қазақстан» атты жұмысшы жастар форумы өтті.
Форумның мақсаты – мемлекеттің игілігі үшін маңызды мамандық иелерінің беделін көтеріп, үдемелі индустриялы-инновациялық бағдарлама аясында ашылған кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшы жас мамандардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыру, осы арқылы өскелең ұрпаққа жұмысшы мамандықтарын насихаттау болып табылады.
Жұмысшы жастар форумына Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі басшысының орынбасары Альжанов Ерлан Тұрсынбекұлы, «BI Group» құрылыс компаниясының техникалық директоры – Асылхан Фархат, «Петро Қазақстан» компаниясының технологиялық сораптар машинисті – Бәйденов Өркен , «Бал Текстиль» ЖШС-нің Ақпараттық есептеу орталығының басшысы – Қарақұлов Нүркен , “Наурыз Пластик” ЖШС-нің инженер-технологы – Байтемірова Наурызбек, Шымкент құс ЖШС-нің операторы – Ақылдын Бақдәулет, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті кадр саясаты басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны – Ерғали Нұрдаулет, сонымен қатар жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастары және жастар ұйымдары қатысты.