ШЫМКЕНТ: САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

0
58

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты назарда.

Мәселен, Еңбекші ауданы аумағында мердігер мекеме «Югдорсервис» ЖШС-і орталық көшелердің санитарлық тазалау жұмыстарын кестеге сәйкес атқаруда.
Атап айтқанда, Т.Рысқұлов, Ш.Уәлиханов және Елшібек батыр көшелеріндегі ирригациялық арықтар мен аяқ жолдар, аялдамалар аумақтарында тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Аталған жұмысқа 17 техника мен 85 жұмысшы жұмылдырылды. Бұл бағыттағы іс-шаралар үздіксіз жүргізіліп отыр.

Ал бүгін Әл-Фараби ауданында ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді. Аталған аудан көшелерінде жол белгілерін жауып қалған және электр желілеріне тиіп тұрған талдардың бұтақтары кесілді. Бұл жұмыстар Шымкент қаласы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының нұсқамасына сәйкес атқарылуда.

Сонымен қатар, ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары ауданның көпқабатты үйлерінің ауласында да жүргізілуде. Себебі ағаштың өсіп кеткен бұтақтары жел соқса электр сымдарына зақым келтіріп, апатты жағдай туғызуы мүмкін. Аудан аумағындағы аулалардағы ағаштарды ретке келтіру және кесу жұмыстары тұрақты түрде жалғасын таппақ.

Leave a reply