Түркістандық тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – жүйесіне қатысуға шақырамыз
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – жүйесіне қатысу үшін төленетін төлемдер жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаевпен сұхбаттасқан болатынбыз.
– Асхат Асанұлы, жүйедегі қағидаттың бірі – ортақ жауапкершілік. Осыны түсіндіріп берсеңіз…
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Яғни, барлық сақтандырылған азаматтардың жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.
Айта кетерлігі, мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген. Демек, мемлекет экономикалық белсенді емес халық үшін жарна төлейді. Жұмыс берушілер – жұмысшылар үшін төлейді. Ал, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар – өздері үшін жарна төлеуі тиіс. Осылайша, қаржылық ресурстарды тиімді бөлу қағидаты әрекет етеді. Ортақ жауапкершілік негізінде қоғамның кез-келген ортасы бір-біріне көмектеседі.
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша МӘМС жүйесінде шамамен 1,6 миллионнан астам адам сақтандырылған. Бұл халықтың жалпы санының 81,1% құрайды.
Сақтандырылмаған тұрғындар саны – 380 170 адам. Олар тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде жедел жәрдем, емханалардағы амбулаториялық көмек, шұғыл стационарлық және әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі медициналық көмекке жүгінуге болады.
Айта кетерлігі, сақтандырылғандардың басым бөлігін жеңілдік санаттағылар құрайды. Яғни, 1,3 миллионнан астам адам. Оның ішінде, балалар, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, декреттік демалыста жүргендер, мүгедектер, көп балалы аналар, студенттер, жұмыссыздар, жәрдемақы алушылар т.б.
– Бүгінде облыс бойынша қорға жүйеге қатысушылардан қанша жарна түсті?
– 2017 жылдың 1 шілдесінен 2022 жылдың 30 маусым аралығында Түркістан облысы бойынша жинақталған жарнаның жалпы сомасы 40,6 млрд. теңге. Оның ішінде, жұмыс берушілерден – 23,6 млрд. теңге, жеке кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалардан 16,6 млрд.теңге, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 384,4 млн. теңге төленді. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. ТМККК және МӘМС пакеттері шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.
– Жүйеде аударым және жарна төлеу тәртібін білгіміз келеді…
– Шетелдік тәжірибеде көрсеткендей жарна көлемі жоғары. Мәселен, Германияда жұмыс берушілердің жарнасы – 7,3%, жұмысшылар – 8,2%, Словакияда – 10% және 4%, Литвада – 3% және 6%.
Басқа елдермен салыстырғанда елімізде медициналық сақтандыру қоры аударым және жарна көлемі бойынша қолайлы жағдай жасалған. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілердің аударымдары 2021 жылмен салыстырғанда 1%-ға ұлғайды, яғни жұмысшылар үшін аударым 3% – ы құрайды, аударымдардың ең жоғары сомасы 18000 теңгеден аспауы тиіс. Бұл 10 АЕК-нің 3% – і болып саналады. Айта кету керек 2022 жылдан бастап, ең төменгі жалақы 60 000 теңгені құрайды.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер мен жеке тұлғалардың жарналары 2022 жылы табыстарының 2% -тін құрайды. Бұл ретте, егер жалақы мөлшері 10 АЕК (600000 теңге) жоғары болса, онда жарналарға тек осы сома ғана төленеді және жарнаның ең жоғары сомасы 12 000 теңгені құрайды.
Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатындардың жарналары 2022 жылға 4200 теңгені немесе 1,4 АЕК-нің 5% – тін құрайды.
2022 жылы бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) сомасы 1 АЕК – ке тең болады, бұл республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін – 1 АЕК (3 063 теңге), ал басқа елді мекендердің тұрғындары үшін – 0,5 АЕК (1 531,5 теңге) құрайды.
Дербес төлеушілер үшін жарна сомасы да 2022 жылы өзгереді және 3 000 теңгені (1 МЗП-дан 5%) құрайды.
Пациент төлемді екінші деңгейдегі банктер және олардың интернет-сервистері, Kaspi.kz, Halyk Bank мобильді қосымшалары, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, төлем терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.), медициналық ұйымдардағы төлем терминалдары арқылы аударуға болады.
Ескеретін жайт, іссапар және жұмыстың жол жүру сипатына арналған өтемақы, бюджет қаржысынан жұмысшылардың жол шығындарына, оқуына, жәрдемақысына жұмсалатын қаржылар, өтемақылар, оңалтуға арналған төлем, денсаулық сақтау қызметтеріне ақы төлеуге төлемдер, 8 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері шеңберіндегі баланың тууына байланысты, жерлеуге байланысты төлемдер, шәкіртақылар, сақтандыру сыйақыларынан аударым және жарна ұсталмайды.
Бастысы жүйе азаматтық азаматтың тапқан табысына, ол үшін аударылған жарна көлеміне қарамастан медициналық көмектің барлық түрлерін алуға мүмкіндік береді. Мысалы, жүйеге қатысушылардың ішінде жоғары жалақы алатынға да, жалақысы төмен азаматқа да бірдей медициналық көмек көрсетіледі.
– Егер төлемдер уақтылы төленбесе не болады? Әрбір адамның төлемді бақылауына болады ма?
– Өте орынды сұрақ. Егер жүйеге төлемдер тұрақты түскені жұмыс берушінің қарамағындағы жұмысшы медициналық көмекті алмауынан наразылық туады. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР заңына сәйкес, жүктелген жауапкершілікті орындамағаны үшін айыппұл салынады және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылады.
Жеке кәсіпкер, шаруа қожалық иелері, келімсімшартпен табыс табатын тұлғаларға жоғарыдағы жауапкершілік жүктеледі. Көп жағдайда кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимімен жұмыс жасап, салықтары мен әлеуметтік төлемдерін төлеу мерзімдерінен қателесіп жатады. Ал бұл өз кезегінде өсімпұлдың есептелуіне әкеліп соғуы мүмкін.
МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеу міндеті «МӘМС туралы» ҚР Заңының 5-бабында бекітілген. Төлеушілердің санаттары бойынша «төлеушілер»деген 14-бапта ашылған. Сондай-ақ МӘМС туралы ҚР заңымен жұмыс істейтін тұлғалар үшін МӘМС төлемегені үшін жауапкершілік (өсімпұл) қарастырылған «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңдарына сәйкес әлеуметтік төлемдер табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді. Яғни, әлеуметтік төлемдер ай сайын төленуі шарт. Жалдамалы қызметкерлер үшін жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді төлеуді табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ай сайын жүргізу қажет.
Тиісінше, әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлемегені үшін әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі және банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеліп соғады.
Ал, дербес төлеушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар медициналық көмектердің толық пакетін алу мәртебесіне ие болмайды.
Сондықтан МӘМС жүйесіне аударым және жарнаны тұрақты төлеу маңызды.
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандыру мәртебені, әрі төлем туралы ақпаратты Telegram @ SaqtandyrýBot, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz сайты, egov.kz электронды үкімет порталындағы жеке кабинетінен тексеруге болады.
-Қате төленген төлемдерді қайтарып алуға болады ма?
– Егер төлемдер қате түрде басқа мерзімге төленсе немесе төлем құжаттары дұрыс рәсімделмесе, онда ақшаны қайтарып алуға болады. ҚР ДСМ 2017 жылғы 30 маусымдағы N478 бұйрығына сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на өтініш жазу, қатенің себебін көрсету және өтінімге төлемді растайтын құжаттарды тіркеу қажет. Өтініш 15 жұмыс күн ішінде қаралып, ақша төлем жасағандай қайтары-лады. Мемлекеттік корпорациялар мекен-жайын gov4c.kz сайтынан табуға болады.