Түркістан қаласында үйде оқитын 300 мүгедек бала әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілген

0
105

2022 жылдың тамыз айында Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген 1352 отбасыға (7642 адам)  211 310,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы төлем жүргізілген. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі хабарлайды.

Оның ішінде шартты атаулы әлеуметтік көмек 1064 отбасыға  (6370 адам)  және шартсыз атаулы әлеуметтік көмек  288 отбасыға (1272 адам). Жалпы, үстіміздегі жылы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беруге Түркістан қаласына барлығы 1 688 052,0 мың теңге жоспарланған. Оның 1 350 442,0 мың теңгесі республикалық бюджеттен, 337 610,0 мың теңгесі жергілікті бюджетттен қаралған.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде халықты әлеуметтік қорғаудың 5 бағыты  бойынша жұмыстар жүргізіледі. Атап айтқанда:- аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау;- жекеленген санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау;- азаматтық хал-актілерін тіркеу;- арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту;- еңбек қатынастарын үйлестіру. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі ҚР 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» N 246 Заңы, ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы «Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» № 1032 қаулысы, ҚР Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы» N 29-ө бұйрығы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» N 237-ө бұйрығы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдедік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 320 бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.

Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беру үшін «Е-GOV» порталы арқылы немесе халықтық кеңсеге барып ЭЦҚ ключпен өтініш береді. (өзімен бірге жеке басын растайтын құжатын, балаларының туу туралы куәліктерін, өтініш берушінің счет номерін және қажет болған жағдайда жұмыс орны бойынша растама құжаттары қажет). Өтініштер бір күн ішінде жұмыспен қамту орталығына (бұдан әрі-орталық) түсіп, учаскелік комиссия төрағасына жолданады және комиссия 7 жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мұқтаж немесе мұқтаж еместігін анықтап, комиссия қорытындысымен жұмыспен қамту орталығына ұсынады. Орталық бір күн ішінде шешім жобасын қабылдап, уәкілетті органға құжаттарды хатпен жолдайды. Уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту және құжаттарды қайта қарауға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Құжаттарды қайта қарауға мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салу қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне жазбаша хабардар етіледі, сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаннан  шешімі негізінде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде қазынашылық органдарына төлеуге шешім қабылдаған айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай ай сайын тағайындалған сомаларды төлем ведомосына енгізуді қамтамасыз етеді. Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу ай сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады.

Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алатындар қатарындағы:бір жастан алты жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген алты жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде;алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алатын, он сегіз жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға тиісті оқу жылы ішінде беріледі.

Түркістан қаласында кепілдендірілген әлеуметтік топтама тағайындауға биылғы жылға республикалық бюджеттен 335 164,0 мың теңге жоспарланып,   2022 жылдың 1 наурызына  2514  балаға 27 930,0 мың теңге КӘТ-ның азық-түлік себеттері тағайындалып, берілген. Қалған 10 айдағы КӘТ-ны беру үшін мемлекеттік сатып алу порталы арқыла конкурс жарияланып, үміткер ретінде 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысқан. Атап айтқанда: “Magnum Cash&Carry” ЖШС; “Ernaiza Group” ЖШС; “ЗКА Проект” ЖШС; “Барыс 2007” ЖШС. Конкурсқа өтінім берушілердің ішінде 2 серіктестік (“Magnum Cash&Carry” ЖШС, “Барыс 2007” ЖШС) біліктілік талаптарына сәйкес болмауына байланысты конкурсқа қатысудан бас тартылған. Қазіргі таңда жүргізілген мемлекеттік сатып алу конкурсы 5 жұмыс күніндегі шағымдарды қарау сатысында тұр.

Сонымен қатар, Түркістан қаласына қарасты 6 секторда мұқтаж отбасылардың тізімі жасақталып, «Қамқорлық»  бағдарламасы аясында 100 отбасы бектіліп, демеушілер есебінен мереке күндері азық-түлік себеттері берілген. Жекеленген санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау келесі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады: «Ардагерлер туралы» ҚР 2020 жылғы 6 мамырдағы № 322-VІ Заңы, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 1992 жылғы 18 желтоқсандағы  N 1787-ХІІ Заңы ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» N 39 Заңы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» № 26 бұйрығы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 498 бұйрығы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» № 84 бұйрығы.

Түркістан қаласында 13537 зейнеткер тұрады. Оның ішінде:Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектері -4, соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер – 343;тыл еңбеккерлері-499;Көп балалы аналар-13 172. Оның ішінде: алтын алқа-622;күміс алқа-2275;батыр аналар-80;1-2 дәрежелі ана даңқы орденімен марапатталған аналар-112;18 жасқа дейін 4 және одан көп баласы бар аналардың саны-10083. «Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 9 наурыздағы № 4/17-VII шешіміне сәйкес бір реттік қаржылай әлеуметтік көмек беріледі. Қала деңгейінде ардагерлерді сауықтыру мақсатында  жолдамамен қамтамасыз етілген. 2022 жылға облыстық бюджеттен зейнеткерге 500 жолдама бөлініп, («Ардагерлер» үйіне 260, «Мейір» ардагерлер үйіне 240 жолдама) ағымдағы жылдың «Мейір» ардагерлер үйіне -44, «Ардагерлер»  үйіне -46 жолдамамен қамтамасыз етілді.

Түркістан қаласында мүгедектігі бар азаматтардың  жалпы саны-8870 адам. Оның ішінде 1-топ мүгедектер – 695,2-топ мүгедектер – 3541, 3-топ мүгедектер – 2907,16 жасқа дейінгі бала мүгедегі- 435,8 жасқа дейінгі 1,2,3 топтағы бала мүгедегі – 1292. Мүгедектердің жалпы саны- 8870, болса олардың 4456  оңалтудың жеке бағдарламасы бекітілген – олар 100%  ЭЦҚ қамтылған. Қазіргі таңда «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы техникалық көмекші құралдармен және арнайы қызметтермен қамтамасыз етіліп, өнім берушілерге төлем жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда ОЖБ 52,4% орындалған. Санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету бойынша 2312 адамға ОЖБ түзілген 2022 жылға 431 адамға жолдамаға қаржы 75 132,0 мың тенге (РБ 27 280,0 мың теңге, ОБ 24 879,0 мың теңге, ЖБ 22 973,0 мың теңге) қаралған. Қазіргі таңда жалпы 827 адам өтініш білдіріп 431 қамтамасыз етілуде, 396 адам  кезектілікте тұр және жолдамамен қамтамасыз етуге қаржы жеткіліксіз. Сондықтан, Мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге қосымша 425  жолдамаға  (1 жолдама құны 175000 теңге) 74 млн 375 мың теңге қаржы қарастыру қажет.  Тағы бір өзекті мәселе – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы 40 нысан  бейімдеуден өткізу белгіленген, орындалуын қамтамасыз ету. Бұл бойынша арнайы жұмысшы топ құрылып, жұмыстар атқарылуда. 40 нысанның 21 мемлекеттік, ал 19 жеке меншіктегі объектілер. Мемлекеттік меншіктегі 7 нысан бейімдеуге жататындығы анықталып, қалған нысан иелеріне кемшіліктерді жою бойынша ескерту хат берілуде.

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру бойынша айтар болсақ, Түркістан қаласының АХАТ сектор қызметкерлері, 2019 жылдың 25 қараша айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 64 бұйрығымен «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою» туралы қағидасымен  жұмыс  жүргізеді. Нақтырақ айтатын  болсақ, туу туралы, неке қию туралы, қайтыс болу туралы, неке бұзу туралы,  тегін, атын, әкесінің  атын  өзгерту  туралы  хал  актілерін  тіркейді.

Атап  айтқанда, 2022   жылдың  тамыз  айында:

Қызмет  түрлері Атқарылған қызметтер саны
    1 Туу туралы,

оның ішінде  өлі  туылғандар

5063

73

2 Неке қию туралы,

оның  ішінде  шетел азаматтары

1236

13

3 Қайтыс болу туралы,

оның ішінде 1 жасқа дейінгі өлі туылғандар

641

45

4 Неке бұзу туралы,

оның ішінде сот шешімі бойынша

45

17

5 Тегін, атын, әкесінің  атын өзгету 25
6 Күрделі істер, оның ішінде – түзету, өзгерту және толықтыру енгізу туралы  істер 255
7 Жою туралы  істер 11
8 Тууды мерзімі өтіп тіркеу істері
9 Қайталама  куәліктер 1144
10 Анықтамалар 962

2022  жылдың  8-айында  ҚР–ның  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің  491- бабына сәйкес  әкімшілік  іс  қозғалмады, яғни неке қиюға кедергі болатын жайларды жасыру немесе азаматтық хал актілерін тіркейтін органдарға жалған мәліметтер берілгені үшін әкімшілік жауапкершілік хаттамаларын  толтыруға  негіздер  анықталмаған.

Қазақстан  Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы » туралы Кодексі –  неке – отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Неке (ерлі-зайыптылық) дегеніміз–ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ. Ал, отбасы дегеніміз – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы.

Келіп түскен өтініштер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ Кодексінің  91-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің  1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қарым қатынастар мен құқықтық көмек туралы» Конвенцияға сәйкес (Конвенция о пpавовой помощи и пpавовых отношениях по гpажданским, семейным и уголовным делам) өзге мемлекеттерден  келіп түсетін азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты тапсырыстар ұлттық заңнамаға сәйкес  мерзімінде орындалады.

Түркістан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету»  бөлімшесінде әлеуметтік 23 қызметкер жұмыс атқарады (1-меңгеруші,1-кеңесші, 25 әлеуметтік қызметкерлер). Әлеуметтік қызметкер ол – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар қызметкер.

Үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында жеке басты қарттарды күтушілер – 6, мүгедек балаларды күтушілер – 17. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде  37  жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтар және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 100 мүгедектігі бар балалар, ал 18 жастан асқан мүмкіндігі  шектеулі 5 мүгедектігі бар азамат есепте тұрады, жалпы 142 адамға әлеуметтік  қызметтер көрсетілді.

жалғізілікті қарттар      2022 жыл Төленген қаржы
Қаралған сомасы 1212,9 906,6
Қарттар саны 37 37
1 адамга төленетін сомасы 3063 3063

2022 жылы үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмекке 300 өтініш білдірген болса, барлығы қамтамасыз етілген.

Үйде оқитын мүгедек балалар 2022 жыл Төленген қаржы
Қаралған сомасы 8270,0 4590,0
Мүгедек бала саны 300 300
1 адамға төленетін сомасы 3063 3063

Жартылай стационар жағдайында оңалту бағдарламасы бойынша 2022жылы Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не  әлеуметтік қызмет алуға 36 мүмкіндігі шектеулі  бала  кешенді қызметтермен қамтылды.

2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 үкіметтік емес ұйым  70  ерекше балаға күндізгі бөлімшеге арнаулы  әлеуметтік қызметтерді  ұсынып келеді.

Күндізгі бөлімше

 

2022 жылға

 

Мүгедек бала саны 70
Қаралған сомасы 51376,0
Игерілген сомасы 25584,7

Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту келесі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңы, «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығы. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бұл – өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені.

Сондай-ақ, Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бұл – қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында үйде қызметтер көрсету ұйымдарда (бұдан әрі – үйде қызметтер көрсету ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және тәртібін белгілейді.

Сонымен қатар:

1) психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – балалар);

2) тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);

3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдарға);

5) егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, тоқтату және тоқтата тұру шарттарын айқындайды.

Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысы туралы айтар болсақ, 13 желтоқсан 2021 жылы Түркістан  қаласы әкімдігінің № 2224 Қаулысымен мүмкіндігі шектеулі және зейнет  жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін орталығы құрылды. Оның құрамында:«TEN QOGAM»бөлімшесі жеке тәсілді енгізу және  қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді. Жыл басынан жоспар бойынша 300 адамға қызмет көрсету жоспарланып, қазіргі таңда  60   адамға қызмет көрсетілуде, немесе    20 % құрайды.  Көрсету мүмкіндігі бар 7 бағытты  бойынша 296  қызмет  көрсетіліп келеді. Атап айтқанда: еңбек терапиясы, әнмен емдеу, психотренингтер, әлеуметті мәселелер бойынша заңды кеңес және сүйемелдеу және демалыс ұйымдастыру шаралары бойынша тарихи-мәдени орындарға экскурсия мен театр, концертке бару  және мерекелік мәдени іс- шаралар, ұйымдастырылған.

Қызмет көрсету бойынша жеті бағытта:  қызмет көрсетіліп, 8- іс – шара өткізіліп  жұмысқа    9 адам орналастырылды. Тарихи мәдени  мұражайларға «Vizit centre»  туристік орталығы,     «Фараб» кітапханасына  саяхат ұйымдастырылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға “Халықаралық туризм және меймандостық университетінің” Мансап және біліктілік орталығында Электрондық порталды пайдаланудың базалық  EGOV.KZ курсы өткізілді. Әлеуметтік арнайы  қызмет көрсету  түрлері бойынша  кейбір қызметтер ғимараттың толық жабдықталмауына байланысты қызмет көрсету  мүмкінді  болмай отыр (ЛФК, емдік гимнастика т.б).

Түркістан қалалық пробация бөлімі қызметі есебінде жалпы 196 адам есепте тұрады, оның ішінде 137 адамға пробациялық бақылау белгіленген. Түркістан қаласы әкімдігінің 02 ақпан 2022 жылғы №300 «Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды,  жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарына  квоталар белгілеу туралы» қаулысы бекітіліп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға 5 мекемеге 9 орын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыу үшін 4 мекемеге 7 орынға квота белгіленген. Ағымдағы жылдың І-ші тоқсанында пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 3  жұмыс орындарына квота бойынша жолдама берілді.

Сонымен қатар, пробациялық бақылаудағы азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетілуде. Жеке кәсібін ашуға және оны дамытуға көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында Бизнесті қолдау және туризм бөлімі тарапынан өз жеке кәсіпкерлігін ашуға жеңілдетілген несиелер және гранттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілдіТүркістан қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімі тарапынан пробация қызметі есебіндегі А. Тенлибаеваның Төле би атындағы №19 жалпы орта мектепте оқитын 7, 8 сынып балалары ағымдағы оқу жылында  киім-кешекпен қамтылды.

Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған тұлғалардың рухани дамуына және патриоттық сезімін ояту мақсатында 21.03.2022 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің спорт және мәдениет бөлімімен бірлесіп Наурыз мерекесі қарсаңында спорттық және мәдени іс шара өткізілді. Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімі есебінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 10 сотталғанға ауқымды азық-түлік пакеті берілді.

Еңбек қатынастарын үйлестіру жұмыстары келесі нормативтік-құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылады: “Халықты жұмыспен қамту туралы” 2016 жылғы 6 сәуірдегі ҚР Заңы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы»№ 412 бұйрығы.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған квотаны орындау үшін жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтерді әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне толтырады және жұмыс берушілердің белгіленген квоталарды орындауы туралы ақпаратты ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдарына ұсынады.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган “Мемлекеттік статистика туралы” 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынатын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, мамандықтар бөлінісінде бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтердің негізінде ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың және олар үшін бос жұмыс орындарының деректер базасын қалыптастырады.

Еңбек қатынастарын үйлестіру бойынша да айта кетсек. Мемлекет басшысының 2021 жылғы № 622 Жарлығына сәйкес 01.01.2022 жылдан ҚР ІІМ-нен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарға еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру функциялары берілді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» № 123 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 мамырынан бастап Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызмет көрсетіп келеді. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту бойынша Түркістан қаласында тамыз айында барлығы 698 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мүгедектер үшін көптеген бағдарламалар жасақталып, жұмыстар жүріп жатыр. Соның ішінде кембағал жандарды жұмыспен қамту маңызды мәселе болып табылады. Ең бастысы мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек. Бұл тәрбиенің негізгі мақсатыеңбекке үйрету, өмірде өз орнын табуға баулу, өмірге икемді жеке тұлға қалыптастыру. Ең алдымен тәрбие ісіне терең сезім қажет. Тәрбиеге нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек тәртібі болады. Еңбек, еңбек– бәрін жеңбек. Осы бір мақалдың ішіне барлығы сиып тұрғандай. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар дегенде көз алдымызға еңбекке жарамсыз, ата-ана қамқорлығында отырған балалар елестейді.

Еңбек баланың өмірлік қажеттілігі. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалардың өзіндік еңбек дағдылары бірден қалыптасып кетпейді. Мұндай балалар атаана мен арнайы мамандардың көмектерін қажет етеді. Оларға өздерін танытып, айналасындағылармен араласуға мүмкіндік беру керек. Өздері өте жасық келеді. Бойында дарыны бар балалар қаншама. Мұндай балаларды еңбекке баулыса, ертең есейгенде өмірде өз орнын, өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Күнделікті үй тұрмысындағы еңбектің өзі баланың еңбек дамуының көзі. Баланың өзіндік қызмет дағдыларының қалыптасуын қадағалау қажет. Оның дұрыс тамақтануы, тамақтанып болғаннан кейін ыдыстарын, киімдерін жинау ұқыптылықтары еңбектену көзінің бұлағы емеспе?!

Әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінде инклюзивті білім беру жалпы білім беру жүйесін дамытудың маңызды бағыттарының бірі ретінде есептеледі. Себебі дамыған халықаралық қауымдастықта инклюзивті білім беру әрбір адамның қандай да бір кемсітушіліксіз білім алу құқығын іске асырудың маңызды құралы ретінде әлдеқашан мойындалған. Біздің еліміз де аталмыш ұстанымды қолдайды. Мұны әрбір баланың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз етудің білім беру саласын дамытудағы басты міндет болып есептелетіндігі айғақтай түседі. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс» деп атап өтті. Инклюзивті білім берудің басты аспектілерінің бірі болып есептелетін инклюзивті саясаттың соңғы жылдары елімізде қарқынды түрде дамып келе жатқандығын да байқауымызға болады. Атап айтар болсақ, бірқатар құжаттар ратификацияланды, заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілуде, барлық мүдделі тараптардың қатысуымен әртүрлі деңгейлерде талқылаулар іске асуда.

2021 жылдың 26 маусымында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Оның негізінде білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі реттеледі. Құжат сондай-ақ білім беру ұйымы басшыларына мүгедектігі бар балаларды білім беру ұйымдарына  оқуға қабылдауды бұзғаны үшін немесе білім үшін арнаулы жағдайлар жасамағаны үшін жауапкершілік жүктейді. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, әлемдегі әлеуметтік тұрғыдан осал балалардың жергілікті мектептерде қолжетімді білім алуын қамтамасыз ету үшін білім беру жүйесі мен білім беру саласында жұмыс істейтін барлық адамның құндылықтары мен принциптерін түбегейлі өзгерту қажет Сонымен қатар инклюзивті білім беруге қатысты жоғары экономикалық дәлелдерді де атап өту қажет. Ерекше қажеттілігі бар балаларға білім беру жақсы инвестиция болып есептеледі. Дүниежүзілік банк баяндамасына сәйкес (2005 ж.), бұл әлеуметтік қажеттіліктерге шығындарды азайтуға және адамның мемлекетке тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді. ЮНЕСКО-ның 2009 жылғы зерттеуі көрсеткендей, Еуропа мен Орталық Азиядағы тұрғындардың еңбекке қабілетсіздігінен келетін шығын жалпы әлемдік ЖІӨ-нің 35%-ынан кем емес. Сонымен қатар инклюзивті білім беру отбасы мүшелерін күтім көрсетуден босатып, өндірістік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға немесе өз ісіне уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Жалпы халықаралық тәжірибеге сүйенетін болсақ, инклюзивті білім берудің барлық бала үшін пайдасы зор. Себебі ол мектептегі білім беруді жоспарлау мен іске асыру әдістеріне маңызды өзгерістер енгізеді, адам құқығын қамтамасыз ету құралы ретінде қызмет етеді және қоғам мен білім беру саласында демократия мен дербестендіру процестеріне үлес қосады.

Қазақстанда берілген бағдарды ұстана отырып  және әлемдік және отандық тәжірибені ескеріп, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында инклюзивті білім беру мәселелеріне көп көңіл бөлінді, ондай маңызды міндеттердің бірі ретінде барлық білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау болып айқындалған.  Аталған міндеттерді шешу үшін инклюзивті саясатты әзірлеу, инклюзивті мәдениетті құру, инклюзивті практиканы дамыту мәселелеріне қатысты мәселелер кешенін зерттеу қажет. Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы негізінде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Инклюзивті білім беру орталығы қызметкерлерімен Қазақстанның орта білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру жағдайына зерттеу жүргізілді.Зерттеудің әдіснамасы мен құралдарын әзірлеу үшін ҚР БҒМ Ақпараттық-талдау орталығының «Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру мониторингінің бірыңғай шеңбері» материалдары мен инклюзивті білім беруді дамыту бойынша отандық практиканы зерделеу, сонымен қатар инклюзия индексін әзірлеу бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу негіз болды. Зерттеудің сәйкестілігін және сенімділігін жоғарылату мақсатында әдіснама мен құралдарды әзірлеуде триангуляция әдісі – сандық және сапалық әдістерді қатар пайдаланып, нәтижесінде екі әдіснаманың да артықшылықтарының бірігуіне алып келетін әдіс негізге алынды.

Қазақстанның орта білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім берудің жағдайын зерттеу еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы инклюзивтілік қағидаттарын іске асыруда қол жеткізілген процестерге баға беруді қамтиды. Зерттеу нәтижелерін ескере отырып, алынған деректерді талдау нәтижелері бойынша қазіргі заманғы қазақстандық мектепте инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынылды. Зерттеудің мақсатты аудиториясын республикалық маңызы бар 14 облыс пен 3 қаладан педагогтер, ата-аналар, ПМПК және ППТК мамандары қатарынан барлығы 70 720 респондент құрады.

Мектептер бөлінісінде 17 өңірден барлығы 701 мектеп (оның ішінде қазақ, орыс және басқа тілде оқытатын қалалық және ауылдық мектептер) қатысты. Осылайша, сауалнамаға мектептердің жалпы санының 10%-ы қатысты. Зерттеудің мақсатты топтары ретінде әртүрлі білім беру ұйымдарының: жалпы білім беретін мектептер, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназиялар, лицейлер, сондай-ақ арнайы, халықаралық мектептердің педагогтері қатысты.

Меншік нысаны бойынша мемлекеттік және жеке білім беру ұйымдары қамтылды. Сондай-ақ бастауыш, орта және жоғары сынып педагогтері, мамандар мен мектеп әкімшілігі секілді лауазым өкілдері қамтылды. Деректерді ақпараттық жинау әдіснамалық тұрғыда құрылымдалған сауалнама бойынша респонденттерге онлайн-сауалнама жүргізу арқылы жүзеге асырылды.Зерттеу құралдарын пысықтау үшін Ақмола облысының білім басқармасы қолдауымен 5 мектепте (педагогтер мен ата-аналар), ПМПК және ППТК-да апробация жүргізілді.

Апробациядан алынған нәтижелерге және сәйкесінше анализге сәйкес зерттеу құралдарына және зерттеуді үйлестіру бойынша ұйымдастыру мәселелеріне түзетулер енгізілді. Нәтижелер. Халықаралық практикаға сәйкес инклюзивті білім беру үш аспектіде қарастырылады. Сондықтан зерттеу жұмыстары инклюзивті мәдениетті құру, инклюзивті саясатты дамыту, инклюзивті практиканы дамыту сияқты үш аспект бойынша жүргізілді.

Мектепте инклюзивті білім беру мәдениетін құру мектеп социумына ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды қосу табыстылығының маңызды шарттарының бірі болып табылады. Тиімді жұмыстың міндетті шарты – білім беру ұйымдарының психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік,медициналық қызметтерінің өзара байланысы мен үйлесімді жұмысы. Ерекше білім беруді қажет ететін баланы тәрбиелеп отырған отбасыны білікті, кәсіби қолдау баланың тұлғалық дамуында әртүрлі қиындықтарды еңсеруге, өзіндік мүмкіндіктер мен қабілеттерді түсінуге көмектеседі.

«Ата-аналар мектептің оқыту мен тәрбиелеу процесіне толығымен тартылған деп ойлайсыз ба?» сұрағына қатысты ата-аналардың жауаптары мектеп ортасында инклюзивті мәдениетті қалыптастыруға қатысты табыстылық кілті – отбасы мен мектептің өзара серіктестігіне негізделеді деген тұжырымды растай түседі. Қазіргі заманғы қазақстандық мектеп әкімшілігі мен педагогтері инклюзивті ортаның орын, сынып кабинеті, ресурс еместігін,білім алушыларға өз даралығын дамытуға мүмкіндік беретін білім беру процесі идеясын қабылдау екендігін анық білуі тиіс.

Жалпы, инклюзивті мәдениет индикаторларын іске асыру мәселесі бой-ынша нормативтік құқықтық құжаттар мен жиналған материалдарды талдауҚазақстанда инклюзивті білім беруді енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын, бірақ жүйелі және кешенді түрде жүргізілмейтінін көрсетті. Еліміздің ортабілім беру саласындағы негізгі заңнамада мектептегі инклюзивті мәдениет индикаторлары тікелей көрсетілмеген, заңға тәуелді актілерде барлық қажетті штат бірліктері және олардың инклюзивті ортаны құрудағы функционалдық міндеттері айқын жазылмаған. Инклюзивті саясатты әзірлеу де ерекше білім беруді қажет ететін балаларды табысты оқытудың басты шарттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының саясаты барлық азаматтардың әлеуметтік, экономикалық, мәдени мәртебесіне қарамастан тең дәрежеде сапалы білім алу құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Соңғы жылдары елімізде инклюзивті саясат қарқынды дамып келеді, бірқатар құжат ратификацияланды, заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілуде. Әрине, бұл құжаттардың барлығы еліміздің барлық балаларының сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін маңызды мәнге ие. Бірақ, шешуді талап ететін кейбір мәселелер де жоқ емес. Ұлттық білім беру деректер қоры мәліметтері бойынша, соңғы үш жылда инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған ЖАО-ға ведомстволық бағынысты күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің үлесі 2018 жылғы 60%-дан 2020 жылы 75%-ға дейін, яғни15%-ға ұлғайғанын көруге болады.  Сонымен қатар инклюзивті білім берумен қамтылған ерекше білім беруді қажет ететін, оның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балалардың үлесі өңірлер бөлінісінде айтарлықтай ерекшеленетінін байқауға болады, бұл ретте тек кейбір өңірлердің көрсеткіштері жағдай жасаған мектептер үлесінің және инклюзивті білім берумен қамтылған балалар үлесінің көрсеткіштері бойынша салыстырмалы түрде жақын.

Мұндай жағдайдың ең ықтимал себебі – білім беру ұйымдарының ҰБДҚ деректерін толтыру кезіндегі нақты критерийлердің болмауы. Осыған байланысты инклюзивті білім беру индикаторларына сәйкес бірқатар критерийлерді нақтылау қажет екені анық. Барлық білім беру ұйымдарында инклюзивті саясат пен инклюзивті мәдениет негізінде инклюзивті практиканы дамыту қажет. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды жалпы білім беру процесіне қосу процесін инклюзивті педагогиканың негізгі принциптерін терең түсінбей және сақтамай тиімді іске асыру мүмкін емес.

Білім берудің инклюзивті тәжірибесін дамыту үшін бірден іске аспайтын жүйелі құрылымдық өзгерістер қажет. Бірақ олардың ішіндегі ең күрделісі – педагогтің психологиясынан бастап (ең қиыны) экономикалық және қаржылық негіздерге дейінгі бүкіл жүйенің жұмыс істеуі үшін адамдардың кәсіби ойлауы мен санасындағы өзгерістер. «Сыныбыңыздағы кейбір білім алушылардың оқытудағы қиындықтарының себептерін анықтау үшін кәсіби біліктіліктеріңіз жеткілікті ме?» деген сұрақ бойынша 69% респондент «иә, жеткілікті» деп жауап берсе, 25% «жартылай, себебі қосымша қолдауға мұқтажбын» деп жауап берді. Респонденттердің 6%-ы оқытудағы қиындықтарының себептерін анықтау үшін кәсіби біліктіліктері жеткіліксіз екендіктерін білдірді. Қазақстанда әлемнің дамыған өзге елдері секілді мемлекеттің білім беруді дамыту саласындағы маңызды міндеті – әрбір баланың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Бірінші кезекте, педагогтер барлық білім алушыларды қолжетімді және сапалы біліммен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік міндет балалардың ешқайсысын жоққа шығармайтынын түсініп, қабылдауы қажет. Инклюзивті білім беру барлық балалардың жеке мүмкіндіктерін кеңейте түседі, адамгершілікке, төзімділікке баулиды, құрдастарына көмектесуге дайын болуға көмектеседі. Мектептегі инклюзия қоғамдағы инклюзияның көрсеткіші болып табылады. Сол себепті инклюзивті білім беру балалардың әртүрлілігін қабылдаудан, балалармен жұмыс істеуге, олардың ерекше қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін анықтауға дайындықтан, олардың отбасыларымен жеке білім беру маршрутын құрудан, мұндайда баланың толыққанды әлеуметтік кірігуі үшін қажетті мамандар мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан сыртқы қолдауды қамтамасыз етуден басталуы тиіс. Барлық педагогикалық қауымдастық,білім беру жүйесі, ата-аналар жас ұрпақ тығыз байланыста дамитын мәдени құнарлы қабатты құруы тиіс. Мектептегі инклюзивті мәдениетті дамыта келе барлығына бірдей жоғары инклюзивті мәдениетке ие қоғамды қалыптастыруға талпыну қажет.

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз — барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Инклюзивті (франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын, енгіземін) немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин. Инклюзивті білім берудің негізіне балалардың кез келген кемсітушілігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз етиетін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады.

Инклюзивті білім беру- мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбында/тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады.

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы — барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың  13 желтоқсанында енгізілді.

Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір — бірімен қарым — қатынас жасауға, танып білуге,үйренеді.

Инклюзивтік білім беру — барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата — аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу — педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған  мемлекеттік саясат.

Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың  оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгiжетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына балаларын бергісі келмеген жағдайда  жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы  психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед  мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті.

Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында,  типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді.

Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.  Инклюзивті білім беру  мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы алғашқы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім  беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасында» көрсетілді.

 

КЕРЕК ДЕРЕК

 Мүгедектікке қалай шығады?

 Медициналық-әлеуметтік сараптаманы (МӘС) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады. МӘС жүргізуі медициналық комиссия ұйымының (IAC) негізгі бағыты болып табылады.

  1. Тұрғылықты жері бойынша емханаға хабарласыңыз. Учаскелік дәрігер қажетті тексеруді және емдеуді таға­йындайды, қажет болған жағдайда маманға клиникалық және функционалды диагнозды нақтылау үшін жібереді; 2. Диагноз қойылғаннан кейін емдеуді үйлестіру қажет; 3. Операция мен тексеруді қоса алғанда, барлық қажетті диагностикалық, емдік процедуралар кешенін жүргізу; 4. Оңалту іс-шараларын жүргізу; 5. Егер емдеу іс-шараларын жүргізуге қарамастан, өмірлік белсенділіктің шектелуіне әкелетін дене функциясының тұрақты бұзылуы қалса, олар МӘС-қа жіберіледі; 6. Әрбір медициналық мекемеде орналасқан дәрігерлік-консультациялық комиссия адамның еңбекке жарамсыздығы туралы шешім шығарады; 7. 088/у медициналық нысаны толтырылады, оған сәйкес адам медициналық-әлеуметтік сараптамаға куәландыруға жіберіледі.

Уақытша еңбекке жарамсыздық (егер адам жұмыс істейтін болса, еңбекке жарамсыздығы кезеңінде) немесе ­диагноз қойылған сәттен бастап науқасты емдеуге және қалпына келтіруге бөлінген төрт ай өтуі керек. Бір ерекшелігі, анатомиялық кемістігі және дене функция­сының айтарлықтай немесе айқын бұзылуы бар қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ нау­қастар құрайды.

Егер өндірістік жарақат туралы айтатын болсақ, онда өндірістегі жазатайым оқиға туралы Н-1 түріндегі акті болуы шарт. Егер әскери қызметте жарақат алса, онда себептік байланыс орнатылуы керек. Мұнымен тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган айналысады. Егер адам Семей ядролық полигонының аумағында белгілі бір жылдары өмір сүрсе және оның ­диагнозы ядролық полигонның әсерінен туындаған аурулардың тізіміне енсе, онда бұл мәселе бойынша ведомствоаралық немесе аймақтық сараптамалық кеңес шешім қабылдайды.

 МӘС-қа қандай құжаттарды тапсыру қажет?

 Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге өтінішпен бірге куәландыратын құжаттарды ұсынады. 088/у медициналық нысанын емхана электронды түрде ұсынады. Барлық қажетті құжаттарды, мысалы жеке куәлік, мекенжай туралы анықтама, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу фактісін растайтын анықтаманы МӘС сарапшысы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» қосымшасы арқылы алады.

 Мүгедектік балаларға қалай рәсімделеді?

 Балалардың ата-аналары да емханаға хабарласуы керек. Егер анатомиялық ақау болмаса, диагноз қойылған сәттен бастап төрт ай өтуі тиіс.Балалар 16 жасқа тол­ғанға дейін 6 айдан 1, 2, 5 жас аралығындағы мүгедек балалар деп танылады.16 жастан 18 жасқа де­йін мүгедек балаға 18 жасқа толғанға дейін – 6 ай, 1 жыл мерзімге мүгедектік тобы тағайындалады.18 жастан асқан адамдар – 6 ай, бір жыл, екі жыл, қайта тексеруден өтпейді (шектеу­сіз).

 Мүгедектікті белгілеу мерзімі

 Мүгедектікті анықтау туралы сараптамалық қорытындылар жасалады: 1. Науқас тексеруден өткен кездегі емдеу күні; 2. Өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде МӘС әдіснамасы мен бақылау бөліміне кеңес беру үшін жолданған жағдайда.

Қосымша қызметтер

 Мүгедектердің оңалту шараларын өткізудегі қажеттіліктеріне байланысты МӘС сарапшылары оңалту шараларының нақты көлемін, түрлерін және мерзімдерін анықтайтын оңалтудың жеке бағдарламасын (ОЖБ) әзірлейді. ОЖБ-ның әлеуметтік және кәсіби бөліктері медициналық көрсеткіштер мен қарсы көрсетілімдер негізінде жасалады.1. Электрондық-цифрлық қолтаңбаны алу үшін ХҚО-ға жүгіну;2. Оңалту объектілері мен қызметтерін ұсынуға өтініш жазу.Медициналық тексерудің толық көлемін адамдарды МӘС-қа уақытылы жіберген медициналық ұйымның төрағасы қамтамасыз етеді. Дәрігерлік кеңес беру ұйымы адамды МӘС-қа жатқызудан бас тартуы мүмкін, қызметкерді басқа жұмысқа ауыс­тыру үшін науқастың денсаулық жағдайы туралы қорытынды береді. Егер адам жұмыс істей алмайтын жағдайда болса, дәрігерлер мүгедектікті белгілеу үшін оны медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібереді.

Мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы көлемін 30 мың теңгеге ұлғайту  туралы ақпарат – фейк

 1, 2, 3-топтағы мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда бала кезінен мүгедектерге берілетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 30 мың теңгеден астам сомаға ұлғайтылғаны туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне байланысты болатынын естеріңізге сала кетейік.

 Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты индекстеледі. Мәселен, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері 5% – ға арттырылды. Бұдан басқа, инфляция дәлізін 4-6% – дан 8-10% – ға дейін қайта қарауға байланысты жәрдемақыларға қосымша индекстеу жүргізу жоспарлануда.

 Жоғары мөлшердегі жәрдемақыларды төлеу Мемлекет басшысы «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы «Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғаннан кейін жүзеге асырылады, оның жобасы қазіргі уақытта ҚР Парламенті Сенатында қаралуда. Бұл ретте өткен уақыт үшін ағымдағы жылғы сәуірден бастап жәрдемақылардың жаңа мөлшеріне дейін тиісті қосымша ақы төленетін болады.

 Әлеуметтік төлемдер қалай есептелуде?

 Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының бюджеті туралы» Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3063 т, ең төменгі зейнетақы 46302 т, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19450 т, ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 36018 т, ең төменгі жалақы – 60000 т мөлшерінде белгіленді.  2022 ж. 1 қаңтарынан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7%-ға арттырылады, ал базалық зейнетақы мөлшері жұмыс істеген өтіліне (барлығы 33 жылдан аспауы тиіс)  сәйкес есептеледі. Қайта тағайындалған зейнетақы есептеу үшін ең жоғарғы табыс 2022 жылы 46 еселенген айлық есептік көрсеткіш 140818 (46*3063=140898).

 Жоғарыда аталған Заңға сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады,  ал  №1, №2  тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақының бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толық толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақысы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты арттырылады.

Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы: I-топ -69155 т,  II-топ -55108 т,  III- топ -37459 т. Бұрын бала мүгедектігін 16 жасқа дейін белгілеп 16 жаста науқастығына сәйкес топтарға ауыстырса енді 7 жасқа дейін бала мүгедегі болып 7 жастан бастап топтарға бөлінеді яғни 7 жасқа дейін – 50426 т, I–топ – 69155 т, II – топ -57269 т, III –топ 43222 т. болып белгіленді. Әскери қызмет атқару кезінде болған мүгедектерге I – топ – 101211 т,  II -топ –86444 т, III –топ -72397 т. Мүгедек баланың күтіміне  – 50426 т төленеді.

Биылға енгізілген жаңалықтың түрі мынадай. 05.04.1999 ж.№126 «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы Заңына» өзгертулермен толықтырулар енгізу туралы 12.10.2021 жылғы №67–VII Қазақстан Республика Заңына сәйкес I-топ мүгедегіне күтім жасаған үшін күтушіге жәрдемақы тағайындалып төленеді. Осы уақытқа дейін аталған жәрдемақы тек мүгедектік себебі «бала кезінен» деп көрсетілген мүгедектерге байланысты болса енді мүгедектік себебіне қарамай барлық  I-топ  мүгедектер күтушісіне төленеді. Жәрдемақы мөлшері күнкөріс деңгейінің 1,4 есесі яғни биыл 48023 т болса 2022 жылда 50426 т.

Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы: бір балаға – 30976 т, екі балаға – 53667 т, үш балаға – 66634 т, төрт балаға – 70596 т, бес балаға – 73117 т, алты және одан жоғары балаға – 75998 т. Тұлдыр жетім бір балаға – 42502 т, екі балаға – 85003 т, үш балаға – 127504 т, төрт балаға – 170005 т. Тағы бір жаналық бұрын жәрдемақы алушы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының екі түрі тиесілі болғанымен тек бір ғана жәрдемақы алуға құқылы болса енді жоғарыда аталған Заңға сәйкес екі түрін алуға да құқылы. Яғни асыраушысы қайтыс болған алушының асырауындағы баласы мүгедек деп танылып, тек қана мүгедектік жәрдемақы алып отырса енді асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы да тағайындалып төленеді.Бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы: төрт балаға дейін -116394 т, төрт және одан да жоғары бала туғанда – 192969 т. Бір жасқа дейін бала күтіміне бірінші балаға – 17643т, екінші балаға- 20860 т, үшінші балаға – 24045 т, төртінші және одан да жоғары балаға – 27261 т.

Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар, барлық көп балалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді. 4 баласы бар отбасыларға 49100 т, 5 баласы бар отбасыларға -61383т, 6 баласы бар отбасыларға -73666т, 7 баласы бар отбасыларға – 85948т, 8 баласы бар отбасыларға – 98018т, 9 баласы бар отбасыларға – 110268 т.Айта кететін жәйіт көп балалы аналарға (Алтын, Күміс алқа, Батыр ана, 1,2 дәрежелі Ана даңқы орден иегерлеріне) – 19604т төленеді. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер 5% -ға артырылады.

Leave a reply