Президент реформасы: Өңір басшысы тұрғындарға аудандағы проблемалық мәселелерді шешудiң жолдары мен мерзімдерін түсіндірді

0
131
Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаев: «Барлық деңгейдегі әкiмдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсiн. Кездесулер барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, проблемалық мәселелерді шешудiң жолдары мен мерзімдерін түсіндірсiн,»-деп әкiмдерге тапсырма берген болатын.Осы орайда Президент Жарлығына сәйкес Түркістан облысының әкімі  Дархан Сатыбалды Жетісай ауданы тұрғындарымен кездесті. Әкім халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, ел дамуындағы жаңа бағдарламалардың негізгі бағыттарын түсіндірді.
– Өздеріңізбен жүздесіп, сіздердің ой-пікірлеріңізді естіп, ауданды әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстарыңызбен танысып, жоспарларды саралау біз үшін өте маңызды. Алдыңғы кездесуде ауданның маңызды мәселелері көтерілген болатын. Өздеріңіз көріп отырғандай, Қызылқұм елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайтын 13 ішкі көшелер «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының аясында орта жөндеуден өткізілді. Тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жаңа автоматтандырылған газ тарату станцияларын іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Жетісай қаласында дене шынықтыру кешенінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Ауыз су жүйелерін жаңғырту мақсатында құрылыс монтаж жұмыстары басталды. Кейбір мәселелерді шешу үшін бюджеттен қаржы қарастыру кезінде қосымша уақыт талап етеді. Көтерілген сұрақтардың барлығы өз шешімін табатын болады,- деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Жетісай ауданы қайта құрылғалы 5 жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 1,5 есе өсті. Биылғы жылдың 6 айының қорытындысымен бұл көрсеткіш 33,5 млрд. теңгені құрады. Биыл жарты жылда 1,8 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары атқарылды. Былтыр негізгі капиталға 15 млрд. теңге инвестиция бағытталса, биыл 6 айдың қорытындысымен 9,7 млрд. теңге инвестиция тартылды. Шағын және орта бизнес саны 5 жылда 19 мыңнан асты. Өндірілген өнім көлемі 126,5 млрд. теңгені құрады. Соңғы 5 жылда аудан бюджетінің өзіндік кірістері 539 млн. теңгеге артып, былтыр 3 млрд. теңгеге жетті. Осы жылдың 6 айында өзіндік кірістер 2,5 млрд. теңгені құрады. Ауданда жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу мақсатында индустриалды аймақ құру үшін қазіргі таңда 50 га жерді жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, Жетісай қаласы аумағынан шағын өндірістік парк ұйымдастыру үшін инфрақұрылыммен қамтылған 4 гектар жер Түркістан әлеуметтік касіпкерлік корпорациясына ұсынылды. Шағын өндірістік парктің құрылысына «Түркістан» әлеуметтік касіпкерлік корпорациясы арқылы инвесторға жеңілдетілген несие беру мәселесі қарастырылуда. Жоспарланған шағын өндірістік паркте 15 шағын кәсіпорындар жайғасып, оларда 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылуы межеленген.
– Әкімдердің басты міндеті – жаңа кәсіпорындарды ашу, жаңа жұмыс орындарын құру. Мамыр айында облыстық делегациямен Қытай Халық Республикасына барып, ірі компаниялардың жұмысымен таныстық. Көздегеніміз – экономикалық дамуы бойынша тәжірибе алмасып, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру. Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі саласында иірілген жіптер, маталар мен кілемдер өндірісі, тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігін талқыладық. Қытай мемлекетінің кәсіпкерлері Жетісай ауданынан шитті мақтаны сатып алуға келісім берді. Бұдан бөлек, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы мен аудан әкімдері Өзбекстан Республикасына іссапарға барып, Наманган қаласындағы тоқыма өнеркәсібімен айналысатын «TST GROUP» компаниясының жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта Жетісай ауданында тоқыма фабрикасын салу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Осында жол жүріп келе жатқанда аудандағы дихандардың егістік алқабындағы тынымсыз еңбегін байқадым. Ауданда ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті жоғары. Бұл бағытқа ерекше көңіл аудару қажет,-деді облыс әкімі.
Ауданда егіс науқаны аяқталып 79,3 мың гектар егіс егілді. Оның ішінде 45,6 мың гектар мақта, 19,6 мың гектар бақша, 2,9 мың гектар көкөніс, 5 мың гектар дәндік жүгері және тағы басқа дақылдар егілді. Ерте егілген бақша өнімдері көршілес елдерге және еліміздің басқа облыстарына жеткізілді. 321 шаруақожалық иелері 1 236 гектар жерден екі рет өнім алу жобасын іске асырды. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 12 мың тонна жанар-жағар май бөлінді. 2023 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өндірілген өнімнің көлемі 13,5 млрд. теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда
2,5 млрд. теңгеге артқан.
– Биылғы жылы аудан дихандары үшін ағын су тапшылығы орын алғаны туралы хабарым бар.
Шекаралас мемлекеттерден Сырдария өзенімен, Достық каналы арқылы келетін судың көлемін келісілген кестеге сәйкес жіберілуін қамтамасыз ету бойынша мәселе Үкімет қарауында. Жалпы, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жүргізілуде. Несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. Сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар. Бағдарлама Қарақай, Ж.Ералиев, Мақталы, Қазыбек би ауылдық округтерінде іске асырылуда. Бүгінгі күнге 357 млн. теңгеге 71 өтінім мақұлданып, оның ішінде 25 өтінім бойынша 118 млн. теңге несие берілді. Ауданда жұмыспен қамту шаралары кенінен жүзеге асырылуда. «Еңбек» бағыты бойынша 5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 1 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды,-деді Дархан Сатыбалды.
Ауданда елді мекендерді абаттандыру, тұрғындарды инженерлік инфрақұрылыммен қамту, жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі биыл 70 пайызға жеткізіледі. Ауыз сумен қамтылған тұрғындардың үлесі 99,7 пайызды құрады. Қазіргі уақытта аудан аумағында 4 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 1 нысанның құрылыс жұмыстарын биыл аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Ал, қалған 3 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі. Нәтижесінде, тұрғындардың 99,9 пайызы таза ауыз сумен қамтылатын болады. Электр қуатымен қамту деңгейі
100 пайызды құрады. Табиғи газбен 27,6 мың абонент қамтылған, қамту деңгейі 52,3 пайызды құрап отыр. «Жетісай» және «Кирово» автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы бүгінгі таңда аяқталуына жақындады. Нәтижесінде газ құбыры тартылған 7 елді мекен немесе 2,2 мың абонент қосылатын болады. Ауданда 82 мектеп жұмыс жасайды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында ауданда 6 мектеп салынады деп жоспарлануда. Жетісай қаласынан 500 адам қабылдайтын қалалық емхана пайдалануға берілген. Осы жылы аудандық Жетісай орталық ауруханасын күрделі жөндеуден өткізуге 1 млрд. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Аудан құрылғалы бері бұқаралық спортты дамыту мақсатында елді мекендерде 14 спорт алаңшалары салынуда. Кездесуде облыс әкіміне Жетісай ауданының тұрғындары түрлі ұсыныстары мен пікірлерін айтты, өз өтініштерін жеткізді. Сондай-ақ жеке қабылдауда да өзекті мәселелер көтерілді. Әкім әрбір сұраққа жауап беріп, барлық мәселенің заң аясында шешілетінін жеткізді. Облыс әкімінің халықпен кездесулері басқа аудан, қалаларда жалғасын табады.
Cонымен қатар, Дархан Сатыбалды «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстармен танысты. Жетісай ауданына жұмыс сапарымен келген өңір басшысы Жетісай тұрғындарымен кездесіп, бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды. Кәсіп ашып, табыстарын арттыруға кеңес берді. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несиелер барлық тұлғаларға 2,5 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға 16 ауданнан 64 ауылдық округ анықталып, 75 кооператив құрылды. Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінген.
Жетісай ауданында төрт түлікті көбейтіп, ауыл шаруашылығына бет бұрған еңбеккерлердің қатары артып келеді. Облыс әкімі Қарақай ауылдық округіндегі «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несие алған шағын отбасылық сүт фермасында болды. 7 млн теңге көлемінде несие алған ауыл тұрғыны 30 сауынды сиыр сатып алған. Жылына 33,5 тонна сүт сатуды жоспарлап отыр. Мал баққан соң, қазақтың ақбас сиырын өсірген тиімді екенін білетін шаруа алдағы уақытта асылтұқымды сиыр сатып алмақшы. Осылайша мүйізді ірі қара малдың өнімділігін арттыруды көздеп отыр.
«Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ – на «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыс көлемінде 10,3 млрд теңге құрайтын 1 679 жобаға өтініш түсті. Оның ішінде уәкілетті органмен 1 544 жоба қаралып, жалпы сомасы 6,8 млрд теңгені құрайтын 1 272 жоба мақұлданды. 2 млрд теңге құрайтын 389 жоба қаржыландырылып, 272 жоба бағдарламада бектілген ережеге сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылды. Жобаны іске асыру нәтижесінде, 3 200 жоба қаржыландырылып, 3 400 – ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде және тұрғындардың күн көріс деңгейі 1,5 есеге ұлғаяды деп жоспарлануда. «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін шешуге бағытталған.
– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жүргізілуде. Жаңа жоба біздің өңіріміз үшін өте маңызды. Несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. Сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар,-деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Облыс әкімі жұмыс сапарында Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Нұралы жол-Ж» шаруа қожалығының мақталық алқабында болды. 500 гектарға жуық жерде мақта, жүгері, жоңышқа және бақша дақылдары егілген. 60-қа жуық адам жұмыспен қамтылған. Шаруа қожалығында диқандармен кездескен Д.Сатыбалды егістікті әртараптандыру, ағын суды үнемдеу, тамшылатып суару технологиясын кеңінен енгізу жөнінде пікір алмасты. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудан тұрғындарымен есепті кездесулері Мақтаарал ауданында басталды. Кездесу барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, ел дамуындағы жаңа бағдарламалардың негізгі бағыттары түсіндірілуде.
– Сіздердің ой-пікірлеріңізді естіп, ауданның әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстарыңызбен танысу біз үшін өте маңызды. Аудандағы өзекті мәселелерді ең алдымен жергілікті халық жақсы біледі. Сондықтан күрделі мәселелерді шешуге және ауданның дамуын өздеріңізбен бірге атсалысамыз. Осыған дейін өткен кездесуде маңызды мәселелерді көтерген едіңіздер. Оларды жүзеге асыру үшін жүйелі жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Мырзакент кентінде спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде (881,4 млн. теңге), кешен пайдалануға осы тамыз айында тапсырылады. Атакент кентінен дене шынықтыру, сауықтыру кешенінің құрылысына 200 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталатын болады. Одан бөлек, Еңбекші және Жамбыл ауылдық округтерінен мәдениет және кітапхананың құрылыс жұмыстары басталып, осы жылы аяқталады. Бірлік ауылдық округі, Өркениет елді мекенінде 200 орындық мектеп құрылысына қаржы қаралып (970,1 млн. теңге), осы жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Азаттық елді мекенінің ауыз су жүйесіне республикалық бюджеттен 341 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары басталды. Келер жылы ашылады,-деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Аудан қайта құрылғалы бері 5 жыл уақыт аралығында жалпы ішкі өнім көлемі 2 есе өсіп, былтыр 81 млрд. теңгеге жеткен. 2023 жылдың 6 айының қорытындысымен бұл көрсеткіш 10 млрд. теңгені құрап, 10 пайызға өсіп отыр. Өсімдік шаруашылығы былтыр 841 млн.теңге, мал шаруашылығы 9,3 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 5,8 пайызға өскен. Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,8 есе өсіп, былтыр 9,7 млрд. теңгеден асты. Биыл жарты жылда 2 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары атқарылды. Былтыр негізгі капиталға 22,5 млрд. теңге инвестиция бағытталса, биылғы жылдың 6 айының қорытындысымен 12 млрд. теңге инвестиция тартылды. Ауданда 2023-2025 жылдары 47 млрд. теңгеге 17 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылдың 6 айында 5,3 млрд. теңгені құраса, 2023 жылдың тиісті кезеңінде бұл көрсеткіш 2,6 есеге артып, 14,4 млрд. теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 2022 жылдың 6 айында 3,6 млрд. теңгені құраса, ағымдағы жылы 3,5 есеге артып, 12,4 млрд. теңгеге жеткен. Осыдан бес жыл бұрын жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 22,3 пайызды құраса биыл бұл көрсеткішті 78,5 пайызға жеткізу көзделген. Оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 жылда 117 көшеге 2 млрд. 757 млн. теңгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы уақыт аралығында 100 шақырымнан астам жолға тас төселген.
Соңғы 5 жылда ауыз сумен қамтылған тұрғындардың саны 15,9 пайызға артып 97,1 пайызды құрады. 18 мың 477 абонент табиғи газға қосылған. 12 елді мекенде жүргізіліп жатқан жеткізуші газ құбырының құрылысы (1 млрд. 972 млн. теңге) биыл іске қосылады. «Мақтаарал» автоматты газ тарату станциясының құрылыс жұмыстары биыл аяқталмақ. Сондай-ақ жыл соңына дейін тағы 9 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етіліп, газбен қамту деңгейі 65,2 пайызға артады. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандары салынып жатыр. Мектеп саны 51-ге жетті. Төрт елді мекенде 200 орындық мектептер салынып жатыр. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен облыста «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде аудан аумағында мектептердің мәселесін шешу мақсатында 1500, 900, 600 және 300 орындық 5 жаңа мектептің құрылысы жоспарлануда. Олар алдағы екі жылда пайдалануға беріледі. Екі емхана, дәрігерлік амбулаториялар және фельдшерлік-акушерлік пункті пайдалануға берілді. 4 елді мекенде жаңа медициналық тірек салынды. 2023 жылы жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2024 жылға Мақтаарал ауданы бойынша 5 медициналық нысандар салыну жоспарланып отыр. Спорт саласын ары қарай дамыту мақсатында 2019-2022 жылдар аралығында Мақтаарал аумағында 12 кіші футбол алаңшалары салынған. Салынып жатқан спорт нысандарының арқасында ауданның спорт инфрақұрылымы жақсаруда. Премьер-Лигада Түркістан облысы атынан ойын көрсетіп жүрген «Мақтаарал» футбол командасы жас ұрпақтың жан-жақты дамуымен бірге тәрбиесіне де ерекше әсерін тигізуде. Ауданда бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны 2023 жылдың 6 ай қорытындысымен 53 138 адамды құрап, аудан халқының 41%-ға жетті.
Бұдан бөлек, өңір басшысы Мақтаарал ауданынының тұрғындарымен кездесті. Ауданда мақта талшығын өңдейтін зауытының құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Алдағы уақытта зауытта 50 жергілікті тұрғын үшін жаңа жұмыс орны ашылады. Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі саласында иірілген жіптер, маталар мен кілемдер өндірісі, тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі зор. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.
– Жергілікті әкімдердің алдында тұрған басты міндет – жаңа кәсіпорындарды ашу, жаңа жұмыс орындарын құру. Осы жылы мамыр айында облыстық делегациямен Қытай Халық Республикасына барған болатынмын. Сол кезде бірнеше қалалардағы әлемге әйгілі ірі компаниялардың жұмысымен таныстық. Біздің басты мақсатымыз – экономикалық дамуы бойынша тәжірибе алмасып, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру. Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі саласында иірілген жіптер, маталар мен кілемдер өндірісі, тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі зор. Бұл бағыттарды дамыту үшін облысымыздың оңтүстік аудандарының әлеуеті жоғары. Осыны ескере отырып, шілде айында аудан әкімі Бақыт Насырханұлын және облысымыздың оңтүстік аудандарының басшылары мен жергілікті кәсіпкерлерді Қытай мемлекетіне іссапарға жолдадым. Нәтижесінде, Мақтаарал ауданынан жеке кәсіпкер Қытайлық кәсіпкерлермен 2,5 млн. АҚШ долларын құрайтын келісімшартқа қол қойып, жылдық қуаттылығы 60 мың тоннаны құрайтын мақта талшығын өңдейтін зауытының құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Алдағы уақытта 50 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл бағытта жұмыстар әрі қарай өз жалғасын табатын болады,-деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Мақтаарал ауданында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 5 жылда 80 пайызға өсіп, былтыр 10 мыңнан асты. Олармен 39 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Биыл қосымша 1,5 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді. Аудан бюджетінің өзіндік кірістері артуда. Оның көлемі 2019 жылы 1,2 млрд. теңгені құраса, былтыр 3,4 млрд. теңгеге дейін жетіп, 3 есе артып отыр. Осы жылдың 6 айында өзіндік кірістер 1,6 млрд. теңгені құрады (жыл соңына дейін 3,6 млрд. теңге). Бұл түсімдер ауданның әрі қарай дамуына өз септігін тигізеді. Жоғары оқу орнын бітірген жастарға мемлекет «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында қолдау көрсетіліп, үй салу немесе сатып алу үшін жеңілдетілген несие беріледі. Осы бағдарламаның аясында 2019 жылы ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге келген 420 маманға 327 млн. теңге көлемінде көтерме жәрдемақы көрсетіліп, бюджеттік кредиттер берілген. Соңғы 5 жылда бөлінген қаржы көлемі 169%-ға артып, осы жылы 480 маманға 552 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып отыр. Мақтаарал ауданы экономикасының негізгі драйвері – ауыл шаруашылығы. Биыл жергілікті диқандар 61 мың гектар жерге егін екті. Оның ішінде 36,3 мың гектары мақта дақылы.
Мақта дақылынан алынатын өнімділікті және сапасын арттыру мақсатында Өзбекстандық «Globаl Textile» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп, «Намаган-77» тұқымдық шит егілді. Биыл бұл компания Мақтаарал ауданында өзінің мақта қабылдау пункттерін ашып, 10 мың гектар алқаптан шикізат қабылдау жоспарланып отыр. Алдағы уақытта мақта қабылдау зауыттарымен қоса мақтаны терең өңдеу фабрикаларын салу жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы өнім көлемін арттыру және шаруалардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобасы аясында 300-ден астам аудан шаруалары ағымдағы жылы 1 мың гектар алқапқа ерте өнім беретін көкөніс дақылдарымен бірге мақта және бақша дақылдарын егіп, өнім көлемін арттыруда.
Мақтаарал ауданындағы суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдірудің 2 кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама аясында 220 канал ретке келтіріліп, 150 тік дренажды ұңғымалар жөнделуде. Жоба құны – 42 млрд. теңге.
Ауданда жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу үшін 24 гектарды құрайтын инфрақұрылыммен қамтылған индустриялды аймақ құрылған. Индустриялды аймақта 4 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылған. Қазіргі уақытта қосымша 2 жобаның іске асырылуы пысықталуда. Бұл жобалар іске асырылған жағдайда тартылған инвестициялардың көлемі 5 млрд. теңгеге жетіп, 340 астам жұмыс орындары құрылады. Ауданда жұмыспен қамту шаралары кенінен жүзеге асырылуда. «Еңбек» бағыты бойынша 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 746 жұмыс орындары ашылды. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
– Өздеріңіз білесіздер, облыс тұрғындардың басым бөлігі ауылды елді мекендерде тұрады, нақты айтқанда 80 пайызы немесе 1,6 млн. адам. 1 млн.-ға жуық ауыл тұрғындарының экономикалық әлеуеті ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Президентіміз ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Осыған орай, қазіргі уақытта іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы біздің облыс үшін өте маңызды. Бағдарламаның аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады. Атап айтқанда: өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. Сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар. Мақтаарал ауданында бағдарлама Достық, Аязхан Қалыбеков, Иіржар, Жамбыл ауылдық округтерінде іске асырылуда. Бүгінгі күнге «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 76 жоба мақұлданып, 43,5 млн. теңгеге 8 жоба қаржыландырылды, 15 жоба кепіл шартын тіркеу сатысында тұр, – деген облыс әкімі халықты жаңа жобаның көмегімен кәсіп бастауға шақырды. Кездесуде облыс әкіміне Мақтаарал тұрғындары түрлі ұсыныстары мен пікірлерін айтты, өтініштерін жеткізді. Сонымен бірге жеке қабылдауда да өзекті мәселелер көтерілді. Әрбір сұраққа жауап беріліп, хаттамаға енгізілді. Облыс әкімінің халықпен кездесулері басқа аудан, қалаларда жалғасын табады.
Мақтаарал ауданы экономикасының негізгі драйвері – ауыл шаруашылығы. Биыл жергілікті диқандар 61 мың гектар жерге егін екті. Оның ішінде 36,3 мың гектары мақта дақылы. Мақта дақылынан алынатын өнімділікті және сапасын арттыру мақсатында Өзбекстандық «Globаl Textile» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп, алғаш рет жаңа «Намаган-77» тұқымдық шит егілді. Биыл бұл компания Мақтаарал ауданында өзінің мақта қабылдау пункттерін ашып, 10 мың гектар алқаптан шикізат қабылдау жоспарланып отыр. Алдағы уақытта мақта қабылдау зауыттарымен қоса мақтаны терең өңдеу фабрикаларын салу жоспарлануда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Мақтаарал ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар маңызды нысандардың жай-күйімен танысты. Жаңа «Намаган-77» мақта сортын өсіруге кіріскен шаруалармен кездесті. Атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Жаңа сортты айналымға енгізу арқылы мақтаның аса қауіпті зиянкестеріне қарсы өңдеу шығыны азайып, мақта өнімділігін арттыра отырып, қосымша табысты арттыруға болады. Мақтааралға іссапарында өңір басшысы «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында болып, тәжірибе орталығының жұмысымен танысты. Ғалымдармен жүздесті. Облыс әкіміне мақта кластерін дамыту, сапасын арттыру барысындағы жұмыстар мен элиталық тұқымдық шит, бәсекелестікке қабілетті отандық мақта сорттары таныстырылды. Өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Аталған саланы дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу аса маңызды екенін айтқан Дархан Сатыбалды ең алдымен мақта сұрпының сапасын жақсарту керектігін атап өтті.
– Облысымызды өзіндік табысын арттыру үшін жаңа жұмыс орындарын ашу бағытына күш салу керек. Бұл ретте мақта кластерін дамытудың маңызы зор. Осы салада ірі фабрика, зауыт ашамын дейтін азаматтарға қолдау көрсетуге дайынбыз. Сонымен бірге, мақта өсіруде су үнемдеу технологиясын мейлінше жетілдіру қажет. Жалпы мақта шаруашылығы үлкен ізденістер мен зерттеулерді талап етеді. Облыс әкімдігі тарапынан мақта кластерін дамытуға жағдай жасалады. Осы бағытта үлкен жоспарларымыз бар, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Сондай-ақ облыс басшысы Мақтаарал ауданындағы коммуналдық меншіктегі К-20 каналына барды. Су арнасы 10 мың гектардан астам алқапқа ағын су жеткізеді. Каналдың жалпы ұзындығы 27 шақырым. 91 ішкі жүйесі толықтай қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта каналдың 5 шақырым бөлігінің бетондары жармасыз күйге түсіп, артық су қабылдай алмайды. Бұл өз кезегінде вегетациялық маусым кезінде ағын су тапшылығына әкеледі. Осыған орай К-20 каналын толықтай бетондау қажет. Каналды мемлекет меншігіне өткізу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Leave a reply