Сайрамдық кәсіпкердің «Еркін сөйле» атты логопед орталығы бар

0
155
Сайрам ауданында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2021 жылы 540 адамға грант берілген болса, былтыр 224 адам меленген. Ал, биыл 110 азаматқа 400 АЕК көлемінде мемлекеттік грант беру жоспарланған. Былтыр ауданда Абдурахманова Мафтуна есімді азаматша комиссия шешімімен мемлекеттен 400 АЕК көлемінде қаражат алды. Бүгінде кәсіпкердің «Еркін сөйле» атты логопед орталығы бар. Онда қазір 100-ден аса тілінен кемістігі бар балалар емделуде. Жалпы күні бүгінге дейін орталық 2000-нан аса бүлдіршінді қабылдаған. Қазір мекемеде 8 қызметкер жұмыс істейді. Сонымен қатар, кәсіпкер логопед курсы бойынша тәжірибесімен бөлісуде. Айта кетейік, грант алған азаматтарға Орталық тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтсақ, кәсіпкер қаражат алған күннен бастап 3 ай мерзімі ішінде өз кәсібінің қызметін салық органдарына тіркеп, грант қаражаттын мақсатты пайдаланғанын растау үшін «Business.enbek.kz» интернет порталына арқылы алған заттарына шот-фактуралар мен қажетті құжаттарды өткізу қажет. Оған қоса, грант алған күннен бастап 12 ай ішінде аудандық Мансап орталығына қаржылай қаражаттың пайдаланылуы туралы аралық есептерді ұсынулары тиіс.
2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 397,5 мың адам қатысты. 264,2 мың адам жұмысқа орналасты, оның 124,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.Субсидияланатын жұмыс орындарына 139,9 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 15,1 мың адам, жастар практикасымен 9,1 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 99,2 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 4,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 151 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 11,8 мың адам жұмыспен қамтылды.Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 28,1 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 25,5 мыңы оқуды аяқтады. Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 96,1 мың адам қамтылды, оның ішінде 72,2 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.Қызмет саласын таңдау мақсатында 68,5 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.Бұдан басқа, 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан бері 5316 грант берілді.2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларын атап өтсек.Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру тәртібін айқындайды. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда); Бизнес-жоба – сипаттама, есеп айырысу, болжамдар нысанында орындалған, сондай-ақ жобаны іске асыру және кәсіпкердің өз қаражатымен (бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен ақша қаражатымен, ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландыру мерзімдері қамтылған, өз бизнесін құру (тауарлар өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын кәсіпкердің жоспары жаңа бизнес-идеяларды іске асыру және жаңа жұмыс орындарын құру үшін берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % деңгейінде; Веб-портал – интернет желісінде орналастырылған, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс; Грант беру туралы шарт – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталында (бұдан әрі-веб-портал) жасалатын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өңірлік үйлестіруші, қаржы агенттігі және кәсіпкер арасында электрондық түрде жасалатын, оның шарттары бойынша кәсіпкерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға нысаналы мемлекеттік грант берілетін үшжақты келісім;

Сонымен қатар, жаңа бизнес-идея – тауарларды шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама (жаңа бизнес-идеяларға облыста (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада байқаудан өту кезінде) іске асырылмайтын тауарларды шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін жобалар да жатады. Нарыққа жаңа және (немесе) жетілдірілген немесе басқа кәсіпорындардың практикасында іске асырылған және технологиялық алмасу (патентсіз лицензиялар, ноу-хау, консультациялар) арқылы таратылатын тауарларды (өнімдерді)/көрсетілетін қызметтерді/жұмыстарды әзірлеу және (немесе) енгізу жаңа бизнес-идеяны іске асырудың нәтижесі болуы тиіс; Жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның, ұлттық институттың, қаржы агенттігінің, өңірлік үйлестірушінің, конкурстық комиссияның) тізілімдегі дербес веб-парағы, Жеке шот – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ашылатын, тізілімде тіркелген пайдаланушы туралы ақпаратты көрсететін, оны тану (сәйкестендіру) және оның жеке деректері мен баптауларына рұқсат беру үшін қажетті шот; Жоба – кәсіпкер кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын бизнестің әртүрлі бағыттарындағы іс-әрекеттер мен іс-шаралар жиынтығы; Кәсіпкер – заңды тұлға құрмай-ақ дара кәсіпкер болып табылатын шағын кәсіпкерлік субъектісі, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер, «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасына қатысушы;

Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган – жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; Кворум – дауыс беру кезінде конкурстықконкурстық комиссия мүшелері санының үштен екісінен астамының қатысуы; кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi оны басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет; конкурстық комиссия – мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі алқалы-кеңесші орган;  көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес өңірлік үйлестіруші айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға; қаржы агенттігі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы; мүдделер қақтығысы – конкурстық комиссия мүшесінің жеке мүдделері оның өз өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін болатын кездегі конкурстықконкурстық комиссия мүшесінің жеке мүдделері арасындағы қайшылық;

Өңірлік үйлестіруші – облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын, облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейінде ұлттық жобаны іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі; өтінім – осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген электрондық нысандағы өтініш; өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер, сондай-ақ пайдаланушылар туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – «электрондық үкімет» веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, мемлекеттік қолдау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы, үлестес компаниялар/тұлғалар – «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған заңды тұлғаның үлестес компаниялары/тұлғалары, сондай-ақ жеке тұлғаның үлестес тұлғалары: жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары (бұдан әрі – жақын туыстары); өндірістік кооперативтің ірі акционері/ірі қатысушысы/мүшесі және (немесе) лауазымды адамы осы жеке тұлға және (немесе) оның жақын туыстары болып табылатын заңды тұлға; осы жеке тұлға және (немесе) оның жақын туыстары бақылайтын заңды тұлға; Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – жасы 29-ға (қоса алғанда) дейінгі, өңірлік үйлестірушіге мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 (үш) жылдан аз мерзімді құрайтын кәсіпкер (жасы ісін жаңа бастаған дара кәсіпкердің өңірлік үйлестірушіге жүгінген күнімен айқындалады, жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі); ісін жаңа бастаған кәсіпкер – мемлекеттік грант алу үшін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі өңірлік үйлестірушіге жүгінген кезде 3 (үш) жылдан аз уақытты құрайтын кәсіпкер (ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп тұрған үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін қызметтің жаңа түрін құру шартымен жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);»электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе, электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының жыл сайын «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс» орындарын ашу жөніндегі тапсырмасы бойынша Түркістан облысында жұмыстар жүйелі жүруде. Келешекте еліміздегі халық санының өсуін ескере отырып, негізінен 2025 жылға дейін 780 мың жұмыс орны ашылады деген болжам бар екен. Бүгінде Түркістанда жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу үшін арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар құрылған. Осы ретте «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының барлық қосалқы аймақтарының аумағында 340 млрд. теңгеге 64 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар шеңберінде 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде мәлімдеген болатын.

Өңір басшысының айтуынша индустриалды аймақта 18 инвестициялық жоба іске асырылған. Қазіргі уақытта қосымша 10 жобаның іске асырылуы пысықталуда. Бұл жобалар іске асырылған жағдайда тартылған инвестициялардың көлемі 16 млрд. теңгеге жетеді, 1,3 мыңнан астам жұмыс орындары құрылады. Бұдан бөлек, Ұлттық жобалар бойынша осы жылы 337 адам жұмыспен қамтылған. «Еңбек» бағыты бойынша 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Осылайша өңірімізде халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табуда.«Қуатты өнірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы. Өңіраралық қоныс аудару жұмыс күші артық облыстардан (бұдан әрі – шығу өңірлері) жұмыс күші жетіспейтін облыстарға (бұдан әрі – қабылдау өңірлері) жұмысқа орналастыруға немесе кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу бойынша міндеттемелермен жүзеге асырылады.

Сонымен қоса жастарды жұмыспен қамтуға тоқталсақ, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларының арқасында 29 жастан аспаған, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған немесе мүлдем жоқ адамдарға түрлі қолдау шаралары көрсетілетін болады.Бұл жобалармен 140 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.Ал зейнеткерлік жас алдындағы адамдар үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылмақ, оның шеңберінде 20 мың адам қолдау алады.Бұдан басқа, департамент директоры орынбасары «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасын іске асыру арқылы 60 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылғанын айтып өтті.Ал, жұмысынан айырылған азаматтарға «Қоғамдық жұмыстар» жобасы арқылы тағы 415 мыңға жуық уақытша жұмыс орны берілмекші.Ол сондай-ақ, осы шаралардың тиімділігін арттыру үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оларды іске асырудағы кемшіліктер ескерілгенін, оларға сәйкес әрбір нысаналы топтың қажеттіліктерін ескере отырып, өзгерістер енгізілгенін де еске салып өтті.Жалпы, Ұлттық жобаны іске асыру барысында барлығы 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады.3,5 млн адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылып, 1,7 млн адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасады.Жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендеп, халықтың нақты ақшалай кірісінің өсмі 27,1% деңгейіне жетеді.

Ұлттық жобаның бірінші бағыты – бұл шикізаттық емес секторға инвестициялардың өсуі, сондай-ақ құн жасаудың жаһандық және өңірлік тізбектеріне кіру негізінде экономиканы әртараптандыру. Екінші бағыты — өнімділігі жоғары жұмыс орындарын құру арқылы халық табысының өсуі. Үшінші бағыты — төмен көміртекті даму трендін ескере отырып, ЖЭК базасында электргенерацияның озық дамуы. Жоба 5 бағыттан тұрады,  6 негізгі міндет және 13 көрсеткіш айқындалған: Индустриялық-инновациялық даму; Мұнай-газ химиясы кешенін дамыту; Геологиялық зерттеулерді дамыту; Энергетикалық кешенді дамыту; Шикізаттық емес экспортты ілгерілету.

«Индустриялық-инновациялық даму» бойынша бірінші бағытта екі негізгі міндет айқындалды: 1) өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту; 2) өндіріс көлемін ұлғайту және өңдеу өнеркәсібі тауарларының номенклатурасын кеңейту. Бұл үшін кәсіпорындардың жаңа технологияларды сатып алуға және енгізуге, жабдықтарды монтаждауға және іске қосу-жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ біліктілікті арттыруға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға және кредит беру, оның ішінде лизинг шарттарын жақсартуға арналған шығындарын өтеу жөніндегі кешенді шаралар әзірленетін болады. Осылайша, 2025 жылға дейін цифрлық технологияларды пайдаланатын өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың үлесін 23%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. 2025 жылы жабдықтар мен машиналарға негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 трлн. теңгелен астам. «Өндіріс көлемін ұлғайту және өңдеу өнеркәсібі тауарларының номенклатурасын кеңейту» міндеті шеңберінде 418 индустриялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

2025 жылға қарай  негізгі капиталға 11 триллионнан астам теңге инвестиция тартылады, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің өнімін экспорттау көлемі 24 млрд. АҚШ. долларына  ұлғаяды. Құрылған жаңа жоғары білікті жұмыс орындарының саны шамамен 100 мыңды құрайды. 2025 жылға дейін іске қосу жоспарланған ірі жобалардың мысалдары: «Monterra Qasaqstan» ЖШС, «Еврохим-Қаратау» ЖШС, «Мега Смарт» ЖШС, «KamLit KZ» ЖШС және басқалары. Бұл ретте республикалық деңгейде 50 негізгі жоба айқындалды.

«Мұнай-газ химиясы кешенін дамыту» бағыты бойынша сыртқы сұранысты қанағаттандыру үшін ірі жоғары технологиялық мұнай-газ химиясы өндірістері енгізілетін болады. 2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауытын пайдалануға беру1) полипропилен өндірісі; 2) бензин мен полипропиленге арналған қоспа өндірісі; 3) метанол өндірісі; 4) полиэтилентерефталат өндірісі; 5) Қашаған кен орны шикізаты базасындағы газ өңдеу зауыты. Нәтижесінде мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 360 мыңнан 2 млн.тоннаға дейін 5 есеге ұлғаяды, сондай-ақ экспорт 9 есеге (0,15-тен 1,4 млрд.АҚШ долл) өседі.

Геологиялық барлау саласын дамыту инвестициялық тартымдылықты арттыруға және геологиялық материалдарды сақтау мен өңдеу бойынша қазіргі заманғы инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Аумақтың геологиялық зерттелуін қамту 683,9 мың шаршы км-ге (1576,5-тен 2 260,4 мың шаршы км-ге дейін) ұлғаяды. Бір қор қоймасы, 2 керн қоймасы салынады және 4 керн қоймасы жөнделетін болады.  Төртінші бағыт экономика мен халықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында энергетикалық кешенді жаңғыртуды көздейді. 2025 жылға дейін жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту есебінен 5 404 МВт қосымша қуаттарды, оның ішінде 2 400 МВт ЖЭК қуаттарын, 1 400 МВт бу – газ қондырғыларын және 1 604 МВт іске қосу жоспарлануда.Қабылданған шаралардың нәтижесінде электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК-тен алынатын электр энергиясының үлесі 6%-ға жетеді. Жобаларды іске қосу экономиканың электр энергиясына қажеттілігін 120 млрд.кВтс дейін өтеуді қамтамасыз етеді.

Шикізаттық емес экспортты ілгерілету бағыты бойынша шикізаттық емес экспорт көлемін 41 млрд. АҚШ долл. дейін өсіру міндеті шешілетін болады.Бұл үшін жаңа экспорттаушыларды өсіруге және жұмыс істеп жатқан экспорттаушылардың құзыреттерін арттыруға бағытталған экспорттық акселерация бағдарламасын дамыту жалғасады.1000 белсенді экспорттаушының сыртқы нарықтарға шығуы қамтамасыз етілетін болады.  Сонымен қатар 350-ге жуық экспорттаушыны электрондық сауда платформаларына (Alibaba, Amazon, OZON) шығару жоспарлануда.Мемлекеттік эталондардың халықаралық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін сынақ зертханалық базаларының 30%-ы (250-ден астам) жаңғыртылатын болады.Экспорттаушыларды сыртқы нарықтарға ілгерілету мынадай шаралар есебінен қолдау табады:- экспорт алдындағы және экспорттық қаржыландыру;- сақтандыру, айналым қаражатын толықтыруға қаржыландыру;- Экспорттаушылардың шығындарын өтеу (сауда сөрелері мен сауда алаңдарын жалға алу, шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден, инспекциядан өту, тауарларды шетелде жарнамалау, шетелдік көрмелерге, форумдарға, жәрмеңкелерге, конкурстарға қатысу);- экспорттаушылардың көлік шығындарын өтеу.Нәтижесінде шикізаттық емес тауарлардың экспорты 14-тен 29 млрд. АҚШ долларына ұлғаяды. Көрсетілетін қызметтер экспортының өсуі 2,4 есені (5-тен 12 млрд. АҚШ долл.) құрады.

Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 15,9 трлн.теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджетте 402 млрд. теңге қарастырылған. 15,5 трлн теңге жеке инвестициялар тарту көзделіп отыр.Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесі 2025 жылы мынадай нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу болады:— 102 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орны;- еңбек өнімділігінің 20%- дан астамға өсуі;- өңдеу өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемін 1,5 есеге ұлғайту.- шикізаттық емес экспортты 41 млрд. АҚШ долларына дейін екі есеге ұлғайту.- ЖЭК-тен электр энергиясының үлесі генерацияның жалпы көлемінің 6%-ын құрайды.Ұлттық жоба Жалпыұлттық басымдықтарды және елді дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарын іске асыру үшін қалыптастырылды және 2025 жылға қарай орнықты экономикалық өсуді 5%-тен төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған.

Leave a reply