ОРДАБАСЫ: ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛІГІН КӘСІП ЕТКЕН ҚАЛИМА АПА
Бүгінгі кейіпкеріміз — Сүйінова Қалима Садыққызы. Ол қазақ халқында ежел¬ден дамыған құрақ көрпе тігу дәстүрін дәріптеп жүрген¬дер¬дің бірі. Оның үйіндегі шебер¬ханасына барып, сұқбат алып қайттық.
— Қалима Садыққызы, әлеу¬меттік желіден байқап жүрміз, сіз¬дің өнеріңіздің сұранысы жақсы. Қуаныштымыз. Сондықтан осын¬дай қолөнер шеберін неге газетке жазбасқа деп келіп тұрмыз. Жалпы осы құрақ көрпе тігу дәстүрі ежел¬ден дамығанын білеміз. Өзіңіз ту¬ралы және бұл өнерді неден бас-тағаныңыз жөнінде әңгімелесеңіз.
— Мен Кентау қаласында дү¬ниеге келгенмін. Әкем шахтер, анам жұ¬мысшы болған. Ол кезде Кентау қала¬сында үлкен кәсіпорындар көп бо¬латын. Анам сондағы бетон зауы¬тында кран айдайтын. Ең алғашқы шыққан крандарды анам айдады. Бұл 1975 жыл еді. Өнеркәсіптің қайнар көзі сол жақта болды. Таңғы алтыда кезекші автобустар бірінен кейін бірі жүріп жататын. Әкем, анам, әпкем, ағам жұмысқа кететін. Мен ғана үйдің шаруасымен айналысатынмын. Ал¬тынсарин атындағы мектепте білім алдым. 5 сыныптан бастап Кен¬тау¬да¬ғы музыка мектебінің домбыра сы¬ныбында оқыдым. Орталау мектепті бітір¬¬ген соң Шымкенттегі саз кол¬лед¬жінің домбыра класына оқуға тү¬с¬тім. М.Әуезов атындағы уни¬вер¬ситеттің педагогика факуль¬тетін¬дегі дом¬бы¬ра класы бойынша білім алдым.
1985 жылы осы аудандағы Қажы¬мұ¬қан ауылындағы Төлегеновтер әу¬летіне келін болып түстім. Темір-ландағы саз мектебіне жұмысқа ор¬наластым. Ол мектепте 20 жыл жұмыс істедім. Қазір шәкірттерімнің барлығы өнерде жүр. Облыстық, рес-публи¬калық деңгейдегі лауреат¬тарым бар. 1997 жылдан бастап Ш.Уә¬ли-ханов атындағы мектеп гимназия¬сына ауыстым. Сол жерде музыка пәнінің мұғалімі болдым. «Атамекен» хор ұжымын ұйымдастырып, былтыр Түркістандағы есеп беру концертінде бас жүлдені жеңіп алдық. Ал, негізгі мамандығым — домбырашы.
Үш ұлым, үш келінім бар. Неме¬ре¬лердің ата-әжесі болып отырмыз. Қа¬зір зейнеткерлікке шығуға дайында-лып жүрмін. Биыл 60 жасқа тол-ға¬нымды қасиетті Меккеге барып қарсы алдым. Ұлдарым жіберді. Ол жақта құлшылық жасап, еліме, жеріме амандық тілеп қайттым. Қазығы бекем қағылған, тұғыры биік ха¬лықпыз. Біз¬дің басқа елге ұқса¬май¬тын бол¬мысымыз бар. Сонымен мақта¬намын. Еліміз бұдан да өркендей берсін. Хал¬қымыз келешекте жақсы өмір сүрсе деген тілектемін.
Менің бойымдағы шеберлік әкем¬нен дарыған деп ойлаймын. Тігінші болу үшін математика, геометрияны жақсы білу керек. Әкем екі тігіспен қолғап, шұлық тоқитын. Сол кезде таң қалушы едім. Сол кісіден қонған өнер деп ойлаймын. Ол қазіргі заман талабындағы үйдің шатырларын жабуды жақсы білетін. Ал, домбыра шертуім өзімнің тиянақты, ұқыпты талпынысымнан деп ойлаймын. Көп дайындалып, машықтанғаннан үй¬рендім. Есту дағдысы ашылады. Ритм қалыптасады. Оның бәрі адамда бол¬майды. Ол күнделікті дайындық¬пен келетін дүние.
— Құрақ көрпені тігуді не үшін бастадыңыз. Кәсіп ретінде ме? Әлде мектептің жұмысына қажет болды ма?
— Біраз уақыт денсаулығыма бай¬ланысты үйде бос отырып қал¬дым. Құр отырмайын деген оймен осы істі бастап кеттім. Ауылдастарымнан қыз жасауына тапсырыс түсе бас¬та¬ды. Қызығушылықтан басталып, кә¬сіпке айналып кетті. Қазіргі бір қуан¬татыны әлеуметтік желіде құрақ көрпе мен жастық тігуге құмар, оны кәсіпке айналдырған қыз-келіншектердің жұ¬мысы көңіл қуантады. Жұмыс істеймін деген адамға мүмкіндік көп.
Сіздер келер кезде бір көрпені бастағанмын. Қазір бірге осы құрақ көрпені тігетін боламыз. Бұл ши құрақ пен қошқар мүйіз оюы араласқан көрпе. Қошқар мүйіз оюы байлықтың, мол¬шылықтың белгісі ретінде қолда¬ны¬¬лады. Сондықтан көбінесе осы оюды пайдаланамын. Айта кетейін, а묬ғашқыда барлығы түп-түзу шық¬пауы мүм¬кін. Қолды күнделікті ма¬шық¬¬тан¬дыр¬са, біртін-біртін үйреніп к嬬тесің.
Көрпе тігу әйел адамның төзім¬ді¬лігін арттырады. Кім болса сол жасай бермейтін құрақтың да өзіндік ерек¬шелігі бар. Құрақтарды түрлі-түсті ма¬тବларды қиюластыру арқылы жа¬саймыз. Ол әркімнің қолынан келе бер¬мейді. Төзімділікті қажет етеді. Бұрындары қыз ба¬лаға кішкентай кезінен бастап аналары, әжелері үйретіп отырған. Қажетті өнер. Бұны отбасы құралсын, көбейсін деген ниетпен тігетін болған екен. Қазақ халқы қонақжай ғой. Үйге құрметті қонақтар келгенде төрден орын беріп, құрақ көрпені төсеген. Түрлі-түсті ашық, күрең түсті бояу¬лар¬ды пай¬да¬ланып, қию¬лас¬тырып, жасап отырған. Әр түстің өзіндік сим¬воли¬калық мәні болған. Көк — ашық ас¬панның белгісі. Қызыл — оттың бей¬несі сияқты. «Тырна» құрақты төрт құбылаң тең болсын деген мағынада ойған. Төрт жағы да ашық болсын деген ниетпен. Қыз балаға ерекше құрмет көрсеткен. Негізгі мақсаты қыз¬дардың басы құралып, барған жерде «тастай батып, судай сіңсін» деген ма¬ғынасы бар. Қыз тұрмысқа шыққанда жүгіне міндетті түрде құрақ көрпе апарады.
«Құдық», «қолтықша», «тырна», «ши» секілді құрақтардың түрлері көп. Таשּׁсырысқа қарай барлық құрақтар¬дың түрін пайдаланамын. Қыздар¬дың артынан 4 көрпе, 4 жастық апара¬ды. Бір тапсырысты кемі 5-6 күн дайы¬н¬¬дай¬мын. 4 көрпеше, 4 жас¬тық¬ты екі күн¬де бітіремін. Қазір екі ке¬лінім үйде ба¬ла күтімімен отыр. Олар да маған кө¬мек¬теседі. Бірі оюды ойып, бірі құрақ¬тарды құрастырады. Үшеу¬леп тапсы-рыстарды уақытылы орын¬дай¬мыз. Өтініштер әлеуметтік желі арқ¬ылы да, көрші-қолаң, таныстар ар¬қылы да келіп жатады. Табысы жаман емес. Бо¬лашақта үйдегі ше¬бер¬хананы үл¬кейтіп, үйде жұмыссыз отырған қыз-ке¬ліншектерді жұмысқа тарту да ойда бар, — деді Қалима.
Біз шебердің үйінде отырғанда жәй ғана мата қиындыларынан көр¬пе¬ні дайындап керсетті. Кейіп¬ке-ріміздің айтуынша шет елде де бұ¬лардың қо¬лынан шыққан дүниелер бар. Тап¬сырыс берушілер шет елде оқып, жұ¬мыс барысымен кеткен ұл-қы第дарына қазақы нақыштағы құрақ көр¬пелерді беріп жіберіп отырады екен.
Біз де Қалима шебердің қолынан шыққан көрпе, жастықтарға қызыға қарап, жұмыстарына сәттілік тілеп қоштастық.
Гүлмира ЕЛБАСИЕВА.