КЕНТАУ: ҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛУ ЖОЛЫНДА МЕТАЛЛУРГТЕРДІҢ ҚОЛТАҢБАСЫ БАР
19 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев металлургия қызметкерлерін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Осыған орай, металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мәртебелі марапаттарды иеленді.
Металлургтер күні – Ресейде, Беларусьте, Донецкте (Украина), Приднестровьеде және Қазақстанда жыл сайын атап өтілетін кәсіби мереке. Елімізде шілденің әр үшінші жексенбісінде металл өндірумен байланысты еңбек адамдары: болат жасаушылар, құюшылар, доменшілер, темір ұсталары, қалыптаушылар, прокатшылар және басқалар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осы және басқа да көптеген мамандықтарды металлургия біріктіреді. Бұл мерекені тиісті бейіндегі ғылыми-зерттеу орталықтарында металлургия саласында жұмыс істейтін ғылыми сала өкілдері, кен өндіретін кеншілер, сондай-ақ металлургия кәсіпорындарында жұмыс істейтіндердің барлығы атап өтеді.
Құрылыс пен машина жасау, мұнай-газ секторы және энергетика – осы салалардың барлығы металлургтер өндіретін шикізатты қажет етеді. Бұл күрделі мамандық адамнан жоғары технологиялық білімді, жауапкершілік пен зейінділікті, талдау жасай білуді және жаңа әдістер мен технологияларды меңгеруге дайын болуды талап етеді. Ал, металлургтердің өздері болаттай берік, сенімді.
1955 жылдың тамыз айында Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кентауға қала статусы берілді. Қаланың бұрынғы атауы немесе қала құрылардағы елді мекеннің атауы – Мырғалымсай болған. Мырғалымсай – осындағы байырғы кен орны болатын.
Кентау қаласын құрудағы мақсат – «Ащысай» кенішіндегі байыту жұмыстарын кеңінен игеру еді.
Аттары бүгінде әлемге мәлім тау-кен орындары, Трансформатор, Экскаватор зауыттары осы қала базасында құрылды.
Кентау кезінде Қазақстандағы машина жасау, металл өңдеу және тау-кен өнеркәсібі орталықтарының бірі болды. Барит өнімдерін (Барит ауыр шпат – сульфаттар класының минералы. Химиялық формуласы: BaSО4, құрамына қоспа түрінде стронций мен кальций енеді. Стронций мөлшері көп болса, баритоцелестин деп аталады. Кристалдары тақтайша жалпақ, сирек призма немесе бағана пішінді болып келеді. Минералдық агрегаттары түйірлі массадан тұрады. Көбіне ақ, кейде әр түсті, шыныдай жылтыр. Қаттылығы 3 – 3,5, меншікті салмағы 4,3 – 4,7 г/см3. Гидротермаль кендер мен шөгінді жыныстарда кездеседі. Қазақстанда көп таралған (Бадам барит кені, т.б.). Резина, қағаз, химия өндірістерінде толықтырғыш ретінде пайдаланылады, бұрғылау ерітінділеріне қосылады), түстіметалл концентраттарын өндіретін «Оңтүстіктүстіметалл» жабық акционерлік қоғамына Кентау байыту фабрикасы, Ащысай металлургия цехы, темір жол цехы кірді. Мұнда мақта-мата өнімдері де өндірілді. Айта кетейік, Мақта — аса бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады. Жабайы мақтаның талшығын адамдар өте ерте уақытта — сонау адамзат мәдениетінің алғашқы кезеңінде-ақ жинай бастаған-ды. Сөйтіп, мақта ежелгі заманнан мәдени өсімдікке айналды. Оны ең әуелі Үндістанда, одан соң Қытай мен Египетте өсіре бастады. Үнділер басқалардан бұрын мақтадан жеңіл де жұқа, торғын маталар, муслин және әдемі шыттар тоқуды үйренді. Қазір мақта Үндістанда, Америка Құрама Штаттарында, Қытайда, Бразилияда және басқа да елдерде егіледі. Біздің елімізде Орта Азия республикаларында, Оңтүстік Қазақстанда, сондай-ақ Закавказьеде өсіріледі.
Мақта жылылықты, күн көзін, құнарлы топырақты және ылғалды қатты ұнататын өсімдік. Ол әдетте суармалы жерде өсіріледі. Өзінің биіктігі бір немесе бір жарым метр шамасында болады. Гүлдері ірі, ұрығы — қауашақты. Пісіп жетілген кезде қауашағы ашылып, үлпілдек ақ мақта көрінеді.
Егер қауашақтан сол бір үлпілдек массаны жұлып алып қарасақ, одан біз мақтаның тұқымын көреміз. Енді осы тұқымның біреуін алайық. Оны жалпы массадан ажыратып алу оңай емес. Оның сырты ұйысқан талшық болып келеді. Мұны жаза бастасақ, олардың ұзынды-қысқалы өте нәзік талшықтар екенін көреміз. Мақта талшығы немесе мақта дегеніміз міне осы. Сөйтіп, зығыр мен сораның иіруге арналған талшығы сабағында, ал мақтаныкі тұқымының сыртында болады.
Мақтаны тұқымымен бірге негізінен машинамен жинайды. Және де мұны бірнеше дүркін қайталайды, өйткені қауашақтары бір мезгілде пісіп жетілмейді. Бұл жиналған өнім әзірге әлі шитті мақта болып табылады.
Арнаулы машиналар талшықты тұқымнан ажыратады, сонан соң оны жіп иіру фабрикаларына жөнелтеді. Онда мақтаны иіреді, ал тоқыма фабрикаларында иірілген жіптен шыт, бәтес, жұқа кездеме, сәтен, бумазей, трикотаж және басқа мақта өнімдері тоқылады. Мақтадан көрпе де, вафель сүлгісі де, медициналық мақта да, пластмасса да, целлюлоза да, фотопленка да, қағаз да жасалады. Бірақ бұл мұнымен ғана бітпейді, одан және техникада қолданылатын мықты, төзімді маталар да әзірленеді.
Ал енді мақтаның тұқымынан май айырады. Ол консерві жасау өнеркәсібіне, маргарин өндіруге жұмсалады. Сонымен қатар мақта майы сабын жасауға да қолданылады, одан және глицерин, стеарин алынады. Майы сығып алынғаннан кейін мақта күн-жарасы қалады. Ол мал азығы болып табылады. Майды сығу процесінде пайда болған басқа қалдықтардан гудрон бөліп алынады. Оны тас жол төсеу барысында және ыстыққа төзім-і лактарды өндіруге пайдаланады. Тұқымның қабығы этил және метил спиртін өндіруге жұмсалады. Сабақтары — отын әрі құрылыс материалы. Жапырағынан алма, лимон қышқылдарын алуға болады.
Міне сондықтан да мақта әрі өте маңызды техникалық дақыл болып есептеледі. Біздің елімізде мақта танаптары шөл далаларды игеріп, суландыру есебінен ұлғайтылады.
«Табыс» акционерлік қоғамы тоқыма-тігін өнімдерін шығарады. Осы тұрғыда Кентау тұрғындарының назарына тоқыма бұйымдары туралы азды — көпті мәліметтер ұсынбақпыз: Қолөнердің халықтың қажетіне пайдаланатын тамаша үлгілері өте көп. Солардың бірқатары қазақ халқында өрмек тоқу, алуан түрлі кілем, бау, басқұр, алаша, қоржын, аяққап тоқу мен текемет басып, сырмақ сыру, тұскиіз жасау сияқты өнері ең бір қажет және мейлінше кең дамыған кәсіптің түрі. Жүннен әр түрлі бұйымдар жасау қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениетінің аса маңызды кәсібі санатына жатады. Олардың қатарына қоржын, керме, дорба, қаршын, тең (боғжама), атжабу, жержастық сияқты сан алуан бұйымдар жатады. Күні бүгінде бұл бұйымдардан әсіресе қоржын, дорба түрлері ғана арнайы шеберханаларда тапсырыс бойынша түрлі маталардан оюларды қиып жапсыру арқылы дайындалады. Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі – тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.
Жүн – жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Қой , ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп мата өндіруге, тоқыма, кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні – күзем және жабағы жүніне бөлінеді. Қойдың қозысынан алынған жүнді қозы жүн деп атайды. Қой жүнін қырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды. Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қажет. Содан кейін жүнді тарақпен тарап, қолмен түтеді. Жүнді машинамен, қолмен иіруге болады. Өндірісте жүн иіру технологиясында жүн иіретін арнайы машиналар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар күнделікті тұрмыста да жүн иіруге арналған жүн иіруші апараттар қолданған.
Ұршық – жүнді қолмен иіруге арналған негізгі аспап. Бұл қарапайым аспап, әр елдің ұршығының сыртқы қалпы өзінше ерекшеленеді. Қазақтың ұршығы 30см шамасында сабы конус тәрізденіп келеді. Ең жуан жеріне сақина кигізілген. Оның ішкі тесігінің диаметрі-2, 5 мм, ал, сыртқы өлшемі -30мм.
Тоқыма үшін қажетті құралдар
1.Біз
2.Жіп
Қарапайымым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқуға, мойын орағыш тоқуға, баскиім, т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады.
2. Екі басы сым темірден жасалған, ортасына түтікше пластмасса кигізілген қарапайым-біз
3. Ілмек біз.
Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі. Ілмек біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. Мысалы ата-бабаларымыздың бұл бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған. Ал қазіргі заманда арнайы сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл бізді қолданғанда жуан жіптерді жуан ілмек бізбен, ал жіңішке ілмек бізбен тоқу керек. Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б.Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгімен есепке сәйкес шалуды қосу, қысқарту, сирек те жиі тоқу арқылы жасалады. Тоқу түрлері: тура және кері қатарлармен тоқу. Айналдырып шеңбер жасай білу. Тізбек бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасына өткізіп алады. Осылайша қайталана береді. Ілмекпен тоқуда негізгі элементтері – бос шалу, біріктіру бағаншасы, шалмасыз бағанша, шалмалы бағанша, екі шалмалы бағанша, үш шалмалы бағанша, төрт шалмалы бағанша, жарты бағанша және т.б лар
Ілмек бізбен тоқу кең тарап, тоқу арқылы жасалған бұйымдар жоғары бағаланатындықтан әр түрлі басылым беттерінде шеберлер өзінің өнерін көрсету үшін ілмек бізбен тоқудың шартты белгілерін ойлап тауып, сол арқылы халыққа белгілі бір бұйымды тоқу әдісін көрсетеді. [1] Тоқымашы әуелі шалу түрлерін жете, терең меңгеру қажет.
Негізгі шалу түрлері мыналар:
Ілмек бізбен тоқу технологиясы
Жиекті шалу (сымға тізіп ілінген жіптер);
Оңға шалу; Теріс шалу;
Қосымша шалу; Тоқылмай алынатын шалу;
Ұзартылған шалу.
Ілмек бізбен тоқуға қолданылатын әдістері, шалулар түрлері
Шалудың түрлері
1.Орамал тоқу әдісі:
— Бұл әдісте барлық тоқылатын қатарлар бағандар қосып шалу әдісімен тоқылады.
2.Шұлықша тоқу әдісі: Бұл әдісте бірінші қатар оңға, шалу әдісімен тоқылады да екінші қатар теріс, яғни оң жағында теріс шалу әдісімен тоқылады. Тақ қатарлар тоқыма бұйымының оң жағына (1, 3, 5, 7, 9, 11) сәйкес келеді де, жұп қатарлар бұйымының теріс жағына (2, 4, 6, 8, 10) сәйкес келеді.
3.Резинка әдісі:
Бұл әдісте тоқыма сымнан тақ шалулар алынады. Бірінші қатар бір оң, бір теріс әдісімен қайталана береді, келесі қатарлар оң шалу оңға, теріс шалу теріс әдісімен тоқылады. Резина әдісімен тоқыма бұйымның жең ұшы, жағасы, етегі, белдеменің белі, шұлықтың қонышы т.б. тоқылады. Тоқу барысында тоқу ережелерін қатаң сақтау керек. Бұл әдісте өрнектерге қарағанда жіңішке сымдар қолданылады.
Балаларға арналған шұлық тоқу әдісі
Бұйымды тоқу барысында жоғарыда айтылған 3 әдісті де қолдануға болады. Тоқумен балалар қызығушылықпен, шығармашылықпен жауапкершілікпен айналысады.
Бірінші кезең: қажетті материал, құрал-жабдықтар, әр түрлі нөмірлі сымдар, жіптер, өрнек үлгілерді даярлау. Бастапқы қатарға қажет шалу салып есептеу. Жіп 70-80 грамм, сым №5, №4, №3, т.б. Қажетті шалу 40, әр сымда 40:4=10 шалу. 4 сымға тепе-тең 10 шалудан аламыз. Алғашқы 10 шалуды түйреуішпен немесе түрлі түсті жіппен белгілеп қоямыз. 4-5 см-дей резина (тобыққа дейін) шұлықша әдіспен тоқиды да одан әрі өкше шығару болады. Өкше шығару:
тоқыманы әрі қарай тоқу үшін 1-2 сымдағы шалулар өкше шығаруға қатыспайды. 3-4 сымдағы шалуларды тоқуға ыңғайлы юолу үшін, бір сымға өткіземіз де оң және теріс шалулар көмегімен өкшенің биіктігін тоқимыз. Тоқыма шетіндегі шалу саны 10-ға жеткенде (20 қатар) оң шалумен аяқтап өкше шығаруға кірісеміз. Ол үшін сымдағы екі жағына 6 шалудан ортасына 8 шалу қалдырып тоқимыз. Тоқу барысында екі шеткі жағы 6 шалудан бірте-бірте ортадағы 8 шалудың соңғы шалуына қосып тоқып, қысқартамыз да, жұмыс соңында тек орындағы 8 шалу ғана қалады.
Тоқу үлгісі:
1-қатар (тоқыманың теріс жағы):
Біріші жағының 6 шалуы тоқылады. Сосын отадағы 8 шалудың ең соңғысынан басқасы тоқылып, соңғы шалу екінші жақтың көршілес, шалуымен қосылып теріс тоқылады. Қалған 5 шалуды тоқымай, тоқыманы кері айналдырады.
2-қатар (тоқыманың оң жағы):
Шеткі шалуды сымға тартып іледі де, ортаңғы сымдағы шалулардың ең соңғысынан басқасын тоқып шығып, соңғы шалуды бірінші жағының көршілес шалуымен қосып тоқиды. Тоқыманы кері айналдырады. Осылайша 1-2 қатардағы қайталап тоқи береді. Соңында сымды тек ортадағы 8 шалу қалады. Өкше шығару аяқталады.
Шұлықтың басын шығару.
Бұл бөлікте №5 сыммен, оң тоқылады. Ортаңғы бөліктің шалулар тізілген сыммен өкшенің шеткі шалуларынан 10 шалу ілініп алынады. Сонан соң сыммен бірінші сымдағы 10 шалуды тоқиды. Келесі бір бос сыммен тоқыма шетінен жаңа шалулар теріліп қарама-қарсы бетінде қанша шалу болса, сонша шалу сол сыммен ортаңғы бөліктегі шалудың жартысын тоқиды. Яғни 4 сымға да шалулар тізіліп үшінші, төртінші сымдардағы шалулар саны бірінші, екінші сымдардағы шалуларда көбірек болуы қажет. Бұдан әрі айналдыра, қуыстап тоқи отырып, 3-4-сымдағы артық шалуларды әрбір екінші қатарда кеміте береді. Сымның әр қайсысына 10 шалудан қалғанда кемітуді тоқтатып, шұлықтың басы шығарылады. Ол үшін әр қатар сайын сымның соңғы екі шалуы біріктіріліп, теріс шалынады. Осылайша әр сымда бір-бір шалу қалғанша кемітіп, жіп үзіледі де шалулар қатты тартылып бекітіледі немесе тігіледі. Жіптің қалған бөлігін ілмекпен шұлықтың іш жағына өткізіп жасырады.
Жұмыс аяқталды. Дайын бұйымды жылы суға жуып кептіреді.
Ілмекпен тоқу. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады: жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер т.б. Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектердің сыртқы пішіні үлгімен есепке сәйкес шалуды (петель) қосу, яки қысқарту, сирек те жиі тоқу (ілмек пен жіптің диаметріне қарай) арқылы жасалады.
Негізгі шалулар
Тізбек бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар (немесе тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі) болып саналады. Ілмектің ұшына шалу жасайды да, жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады. Осылайша қайталана береді.
Қысқа шалу. Ілмекті тізбектегі 3-шалудың алдынан артына қарай өткізеді. Содан соң ілмекке жіпті орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады.
Жай шалу. Ілмекті тізбектегі 3-шалудың алдынан қарай өткізеді. Ілмекке жіпті орап, шалып алады, содансоң жіпті тағы орап , оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады.
Нық шалу. Ілмектіңсабына жіпті орап алып, ілмекті тізбектің 3-шалуының алдынан артына қарай өткізеді. Ілмекке жіпті орап шалып алады да, жіпті тағыда орап, енді оны ілмектегі үш шалудан өткізіп алады.
Бос жіп қосылған шалу. Бағананың биіктігін көтеру үшін оны бір не бірнеше бос жіп қосып тоқу керек. Ілмекке жіпті орап, бұрынғы қатардағы не тізбектегі 4-шалудан өткізеді де, оған қайта жіп орап, 1-шалудан тартып шығарады, жіпті қайта орап, оны ілмектегі шалумен бос жіптен өткізеді, жіпті тағы орап, оны да ілмектегі соңғы 2-шалудан өткізіп алады. 2 не 3, одан да көп бос жіп қосылған бағана жасау үшін соған сәйкес ілмекке 2 не 3 бос жіп қосып шалу қажет, содан соң біртіндеп ілмекте 1 жіп қалғанша 2 жіптен қосып тоқи береді, ол үшін ілмекті соған сәйкес 5-, 6-, 7- т.б. шалулардан өткізіп отырады. Ал ілмектің ұшында әрқашан бір шалу қалып отыру қажет.
Бос жіп қосылған рельефті оң шалу. Ілмектің сабына жіпті орап алып, ілмекті бұрынғы қатардағы шалудың түбін орай алдығңы жағынан өткізеді де, бір шалудан тартып шығарады. Одан соң жіпті тағы орап, оны ілмектегі шалу мен бос жіптен өткізеді , жіпті тағы орап, енді оны ілмекте қалған 2 соңғы шалудан өткізеді.
«Эластополимет» жабық акционерлік қоғамы резина-техникалық бұйымдарын, «Ердес-нан» ашық акционерлік қоғамы нан, тоқаш, кондитерлік бұйымдарын шығарды.
Кентау кенді қала. Әрине, кенді қала кеншілер мен металлургтерге бай. Қазақстанның түстіметаллургия саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі «Ащысайтүстіметалл» комбинаты 1966 жылдан бастап жұмыс істей бастаған «Ащысайтүстіметаллургия» зауытымен тікелей байланысты. Айта кетейік, бүгінде тау-кен металлургия кешені елдің жалпы ішкі өнімінің 10 пайызын құрап, 12 триллион теңгенің өнімін өндіреді. Салада 200 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бұл сала қызметкерлері санының үштен біріне жуығы. Республика аумағында қара металлургиядан басқа түсті металлургия жақсы дамыған. Бұл тек ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар түрлі-түсті металдарды шетелге экспорттауға мүмкіндік береді: мыс, алюминий, мырыш, қорғасын. Қазақстанда титан, магний, марганец, вольфрам және сол сияқты басқа да металдар, сондай-ақ алтын мен күміс өндіріледі.
Мамандыққа адалдық танытып, кәсіптің маңыздылығын түсіну, еліміздің болашағы үшін жауапкершілік – қай қаланың болмасын басты мұраты. Кентау қаласының ірге тасын қалаған және ешбір қиындықтарға мойымаған майталман металлургтердің даңқы арта берсін!
Жолшыбек Аккулов,
“Ащысайтүстіметалл” комбинаты ардагерлер кеңесінің төрағасы