
Солардың бірі – «Milkart» сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын. Түркиядан жеткізілген заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған өндіріс орны өз жұмысын 2024 жылы бастаған. Бүгінде мұнда тәулігіне ондаған тонна сүт өңделіп, табиғи шикізаттан 48 түрлі өнім өндіріледі. Оның қатарында сүт, айран, қаймақ, сүзбе, сарымай және басқа да сүт өнімдері бар.