«Magnum Cash & Carry», «Грамад» ЖӘНЕ «Фиркан» сауда желілерінің бағасына мониторинг жүргізілді

0
206

Халыққа бірінші кезекте азық-түлік тауарларының сапасы мен бағасының қолжетімділігі маңызды екені белгілі. Осы ретте қаламызда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Осыған орай, бүгін Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А. Қаныбеков әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру мақсатында айналымға қарыз қаражатын беру бағыты бойынша келісімшарттар түзілген «Magnum Cash&Carry», «Грамад» және «Фиркан» сауда желілеріне барып, тауар сапасы мен бағасына мониторинг жүргізді.
Мониторинг жүргізу барысында басқарма басшысы А.Қаныбеков сауда желілеріндегі азық-түлік тауарларының бағасына басты назар аударып қана қоймай, ондағы азық-түлік алушы қала тұрғындарының пікірлерін тындады.

Айта кетейік, «Magnum Cash&Carry» сауда желісінде 19 тауар, «Фиркан» сауда желісінде 11 тауар және «Грамад» сауда желісінде 12 тауар түрлері қамтылып, келісімшарт негізінде белгіленген бағада босатылып жатыр.
Сонымен бірге, бүгінгі күні маусымдық кезеңге байланысты бағасы өскен көкөністер, картоп және сәбіз өнімдері осы аталған сауда желілерінде белгіленген бағада сатылуда.
Атап айтар болсақ, жұмыртқаның бағасын тұрақтандыру мақсатында, өңірлік тұрақтандыру қоры есебінен І- санатты жұмыртқаның 10 данасы 322 теңге болды.

Айта кету керек, аталған бағадағы жұмыртқа «Грамад» сауда желісінің Жібек жолы көшесі №58, К.Төлеметов көшесі, №69/42, Б.Момышұлы даңғылы №6, Ә.Жангельдин көшесі №3 бөлімшілерінде, сондай-ақ, «Фиркан» сауда желісінің Қапал батыр көшесі №6/4, Тәуке хан даңғылы №330, «Фиркан Сити», Адырбеков көшесі №117/1, 4. Ш.Уалиханов көшесі, №213 «11 ш/а. магазиндерде және «Магнум» сауда желісінің Жиделібайсын көшесі 92, Володарский көшесі 27/10 мекенжайларында сатылады. Тұрақтандыру шаралары аясында атқарылып жатқан жұмыстар жалғасатын болады.

Қосымша сұрақтар бойынша хабарласа аласыз:
8 (7252) 24-75-41.

Leave a reply