Wednesday, December 4

«Shymqala»- дәстүр шашу мерекелік іс-шараның салтанатты ашылу рәсімі

0
105

«Shymqala» этноауылында Шымкент қаласының 2200 жылдығы аясында көне шаһарымыздың бай тарихы, бүгінгі келбеті мен даму жолы, мәдениетін паш ететін «Shymqala – дәстүр шашу» мерекелік іс-шараның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Этноауыл аспанында қазақ өнері асқақтады. Шара барысында қала тұрғындары бүлдіршіндерінің тұсауы кесілді. Тұсауды оңтүстікке танымал зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері кесті. Рәсім қайырымдылық бағытында ұйымдастырылған.

Тұсаукесер сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Бала бесіктен белі шығып, еңбектенуден өткен соң, аяғын қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап, таң-тамаша болады. Бұл кішкентай бөбектің ең алғашқы талпынысы, өзі жасаған тіршілігі. Осындайда дана қазақ баланың келешегіне ақ жол тілеп,«балам тез жүріп кетсін» деген ниетпен «тұсаукесер» тойын жасайды. Халықтық түсінік бойынша, тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады.
Тұсаукесер рәсімі бүлдіршіндердің өмір сапары сәтті болсын деген ақ ниетпен халық дәстүріне сүйене отырып жасалды. Тәй, тәй басқан бүлдіршіндердің қадамы құтты, өмір жолдары жарқын болсын!

Leave a reply