«Shymqala» этноауылында тоғызқұмалақ ойынынан мастер-класс

0
43
«Shymqala» этноауылында Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубының «Тоғызқұмалақ» секциясының маманы Бектұрсынова Роза Нұржанқызы балаларға тоғызқұмалақ ойынынан мастер-класс өткізді. Жастар арасында аталған ойынға деген қызығушылығы артып, белсенділік танытушылар көбейіп келеді. Ұлттық ойынның жанкүйерлері шеберлік сабағында ойынның ережелерімен танысып, ерекше мәліметтерден хабардар болды.
Тоғызқұмалақ біздің ұлттық құндылығымыз, асыл мұрамыз. Біз тоғызқұмалақтың мәдени мұра ғана емес, жастардың зердесін, ойлау жүйесін жетілдірудегі маңызды зияткерлік спорттық ойын түрі. Міне, бұл – тоғызқұмалақ ойынының басты ерекшелігі. Басқа спорттық ойындардан айырмашылығы – бұл ақыл-ой ойыны. Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында келешек ұрпақтың тек мектеп пәндері арқылы ғана емес, осындай ұлттық ойындарымыз арқылы өзінің ойлау қабілеті мен зердесін дамыта білуі зор жетістік болар еді. Әрине, тағы бір ерекшелік, қазіргі жаһандану заманында біз өзіміздің мәдени ерекшеліктерімізді сақтап қалу үшін де мәдени мұраларымызды жаңғыртуымыз қажет.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған