Мобильді топ мүшелері 212 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді

0
48

Шымкентте 20 маусымда КВИ-дің 59 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 34, белгілері жоқ – 25). 13 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 46 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 276 орын бар (қалалық инфекциялық орталық — 490, «Атамекен» клиникасы — 450, Орынбай ГБОО — 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, №2 оңалту орталығы-100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы-10, Шымкент жүрек орталығы-6), төсек орын толымдығы 26%-ды құрайды, 938 төсек орын бос.

Инфекциялық стационарда 338 науқас емделуде (КВИ-171, пневмония-167, ЖРВИ-0), жансақтау бөлімінде – 12. Осы күнге дейін 462 487 адамнан ПТР сынамасы алынған, оның ішінде соңғы тәулікте — 1094.
Сондай-ақ, бір тәулік ішінде қалада 2354 адам вакцина алды
(I компонент-1423, II компонент-931). Егу науқаны басталғалы барлығы 228 356 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 132 259 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 20 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Олар 20 маусым күні 212 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізген. Оның ішінде 8 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондықтан, қала тұрғындарын карантин режимдерін қатаң сақтауға, қарапайым сақтық ережелерді ұстануға шақырамыз.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған