Төрт орын қалған Ұлттық пантеонда кімдер жерленген?

0
63

Төрт орын ғана қалған Астана іргесіндегі Ұлттық пантеонда кімдер жерленгені айтылды. Бұл туралы Infonews.kz сайты Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бекітілген ереже бойынша пантеонға көрнекті мемлекет, ғылым, мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстанның дамуына үлес қосқан тұлғалар жерленуі тиіс болған. Сондай-ақ, бұл жерде марқұмның жұбайларын жерлеуге арналған орындар қарастырылған.

Пантеонның жалпы ауданы шамамен төрт гектарды құрайды.

Мұнда белгілі тұлғалардың арасынан халық жазушысы Әбіш Кекілбаев пен ақын Фариза Оңғарсынова жерленген. Сондай-ақ, саясаткерлер, шенеуніктер, академиктер мен жазушылар да жерленген. Олардың  ішінде:

Орал Мұхамеджанов – Парламент Мәжілісінің бұрынғы спикері;
Мақсұт Нәрікбаев – Жоғарғы Соттың бұрынғы төрағасы;
Қонысбай Әбіл – Қазақстанның халық ақыны, айтыскер және сатирик;
Қосман Айтмұхаметов – мемлекет және қоғам қайраткері, Түркістан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары;
Гүлбану Алтынбаева — бұрынғы қорғаныс министрі, армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың әйелі;
Кенжеғали Сағадиев – белгілі экономист және бұрынғы білім министрі Ерлан Сағадиевтің әкесі;
Клара Жұмабаева — халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың зайыбы;
Саяхат Қонақай — Сара Назарбаеваның ағасы;
Серік Қирабаев – Ұлттық ғылым академиясының академигі;
Сергей Дьяченко — Ақмола облысының бұрынғы әкімі;
Қозы-Көрпеш Жаңбырчин — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бұрынғы төрағасы;
Зейнолла Шайдаров – қоғам қайраткері;
Ибрагим Жанғұразов – ауыл шаруашылығы қайраткері, Социалистік Еңбек Ері (1981);
Әнес Сарай – қазақ жазушысы, драматург және журналист;
Баян Жақыпова – Парламент Мәжілісінің бұрынғы спикері Қабиболла Жақыповтың әйелі;
Қожахмет Болахметов — еңбек ардагері, бұрынғы Қазақ КСР Білім министрі;
Мнаура Сағындықова — Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Елеусін Сағындықовтың әйелі;
Қажмұрат Нағманов – мемлекет қайраткері, 2002-2005 жылдары Қазақстанның Көлік және коммуникация министрі;
Мария Ғабдуллина – мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің жұбайы.

Ұлттық пантеонға кімдер жерленетіні туралы ережеде Қазақстан президенттері мен олардың отбасы мүшелері де бар болатын. Алайда бұл тармақ ағымдағы жылдың наурыз айында алынып тасталды.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған