Жаңа оқу жылы апатты мектепсіз басталады

0
85

Қазір қалада 18 732 орындық 32 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 10 222 орындық 20 білім ұясы пайдалануға беріледі. Оның 16-сы жеке инвесторлардың есебінен салынып жатыр.

— Білім саласында қуанышты жаңалық бар. Шымкент жаңа оқу жылын апатты мектепсіз бастайды. Үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға дейін төмендейді. Мұнда инвесторлардың үлесі зор болып отыр, — дейді Шымкент қаласының әкімі.

Жалпы 2025 жылға дейін Шымкентте 68 500 орындық 72 мектеп бой көтереді.

Айта кету керек, Шымкент қаласында жылдан-жылға халықтың демографиялық өсімі байқалуда. Сәйкесінше білім нысандарына деген сұраныс артып келеді. Осы ретте, еліміздегі жеке инвесторлардың есебінен салынып жатқан мектептер саны бойынша бүгінде Шымкент көш бастап тұр.

Қазіргі таңда, қаламызда үш ауысымда 14 мектеп бар және 21 мектептің бала толымдылығы шамадан артып, үш ауысымдық оқуға ауысу қаупі туындап отыр. Биылғы ел игілігіне берілетін мектеп құрылыстарының нәтижесінде, апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға азаяды. Жалпы үш ауысымдағы мектептер мәселесін шешу 2023 жылға жоспарлануда.

Leave a reply