СОЗАҚТА «ЖАЙДАРМАН» САЙЫСЫНА ТҮСКЕН ҚАРЖЫ ӘЛЕУМЕТТІК АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА БЕРІЛДІ

0
102
Созақ ауданының 95 жылдығына орай аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Созақ ауданы әкімінің кубогы үшін «Созақ КАП» облыстық жайдарман ойыны өтті.
Мақсаты – жастар саясатын тиімді жүзеге асырып, жастардың бойында рухани адамгершілік, өнерге деген шығармашылық ізденістерін дамытып, дарынды жастарға қолдау көрсету.
Тартысты өткен сайысқа 9 команда қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, нәтижиесінде Сайрам ауданының «Ақбұлақ» командасы жеңімпаз атанды. ІІ орын – Шымкент қаласының «Самал 3» командасы, ІІІ орын – Созақ ауданының «СОЗАҚ БАЙ» командасына бұйырды. Еркін құрама – «Абырой» командасы «Үздік әзіл», Шымкент қаласының «Мадмуазель» командасы «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды.
Айта кету керек, барлық қатысқан командалар мен жүлделі орыннан көрінген командаларға арнайы диплом мен қаржылай сый-сияпаттар табысталды. Жайдарман сайысын тамашалау ақылы түрде өтіп, 500 билет толықтай сатылды. Одан түскен 500 000 теңге әлеуметтік аз қамтылған отбасыға табысталды.

Leave a reply