Шымкенттік оқушылар республикалық олимпиадада үздік нәтиже көрсетті

0
52

Шымкентте жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен, оқушылар мен білім беру ұйымдары марапатталды.

Республикалық олимпиада жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығатын дүбірлі дода. Оқу жылы басталғалы бұл білім бәйгесіне Шымкенттен жалпы 12 мыңнан астам оқушы қатысқан. 4 кезеңнен тұратын білім сайысынан 23 шымкенттік шәкірт жүлделі орынға ілінді. 16 қола 7 күміс медаль — бұл шымкенттік алғыр оқушылардың биылғы табысы. Оларды тәрбиелеген білім ордаларыда үздік мектеп қатарына іліккен.

Шымкент қаласы «Дарын» орталығының директоры Раушан Жеренованың айтуынша, №1 Білім инновациялық лицей үздік мектеп қатарына қосылған.
Оқушылар үшін маңызы жоғары жарыс 16 пән бойынша ұйымдастырылған. Жыл бойы жалғасқан олимпиада топтың ішінен ең талантты шәкіртті таңдауға мүмкіндік береді. Солардың бірі Нүркен Налихан. Ол осы жеңісіме қуаныштымын деген пікірін жеткізді. «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының оқушысы өзі де білім ұясы да үздіктер қатарында.

Айта кетейік, марапаттау жиынында Шымкент қаласы «Дарын» орталығының келесі оқу жылындағы республикалық олимпиада және ғылыми жоба жоспарларымен бөлісті.

Leave a reply