Шымкент: «SHANYRAQ» орталығында әкелер бас қосты

0
129

«SHANYRAQ» орталығында Халықаралық әкелер күніне орай «Менің тату отбасым» атты іс-шара өтті.

Аталған шараға Еңбекші аудандық сотының судьясы, Әкелер алқасының төрағасы Еркін Отарбаев, «Отбасы банк» АҚ менеджерлері, перзенттерін өзі тәрбиелеп отырған әкелер балаларымен, «Мерейлі отбасы» республикалық байқауына үміткер Ауданбаевтар отбасы қатысты.

Басқосуда тағдырдың түрлі сынағымен жалғыз қалып, балаларын да жалғыз өсіріп отырған әкелердің өзекті мәселелерін ортаға салып, келешекте бірлесе жұмыс істеу туралы уағдаласты.

«Әкелердің басын қосудағы міндетіміз бағыт-бағдар беру, түрлі мәселелерді бірлесе шешуге жұмылу» – деді «Әкелер мектебінің» төрағасы Еркін Отарбаев.

«Отбасы банк» АҚ менеджері әкелерге перзенттерінің болашағы үшін әр балаға арнап баспана дайындау қажеттігін сөз етті. Болашаққа жоспар құру мен қаражат жинаудың символы ретінде әкелер мен балаларға жинақ сандықшалар (копилка) сыйға тарту етілді.

Кездесу соңында Ауданбаевтар отбасының өнерлі ұланы Батырхан Бауыржанұлы домбырамен ән салып, әкелердің көңілін көтерді.

Айта кетейік, «Shanyraq» орталығы балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған әкелермен тығыз жұмыс істеп, әкелерге құқықтық, психологиялық көмек беріп келеді.

Leave a reply