
Ойын қызықты және тартысты түрде өтті. Жасыл алаңда ойын көрсеткен қатысушылардың спортқа деген қызығушылығы артты. Жарыстың үздік ойыншылары сайыс барысында доп алып жүру техникасы, нәтижелі пас беру, қақпаға допты тура бағыттау жағынан көзге түсе білді. Команда капитандары өз ойыншыларын алға сүйреп, шыдамдылық пен төзімділікке баулып, ойын шиеленіскен уақытта жігерлендіре білді.