25 күнде үй жағдайында саңырауқұлақ өсірген бала агроном

0
46

Темірлан ауылының тұрғыны, 9 сынып оқушысы Дінмұхамед Айболатұлы үй жағдайында 25 күнде саңырауқұлақ өсіріп шықты. Еңбекқор жас бұл өнім түрін өсіруді әлеуметтік желі арқылы үйреніп, қызығушылығы артқан.

Баласының кәсіпкерлікке деген ұмтылысын байқаған анасы Төрткөл ауылдық округінде аталған кәсіппен айналысатын Қаршыға Арысбекқызына тәжірибе алмасуға алып барған. 37 жылдан бері осы кәсіппен айналысып келе жатқан кәсіпкер талабы таудай жасқа өз білгенін үйреткен.

Осылайша өзіне керекті ақпарат алған Дінмұхамед саңырауқұлақ өсіруге бар ынты-шынтысымен кірісіп, нәтижесінде 25 күнде дайын өнім алған.

«Әу баста 50 мың теңгеге саңырауқұлақ ұрығы, 10 мың теңгеге қауыз сатып алдым. Ал, су, газ шығындарына жобамен 10 мың теңгедей қаржы жұмсалды.

Арнайы бөлме ішіне еккен ұрықтардан 63 блок (мешочек) шыкты. Дайын өнімнің бір келісін 1000 теңгеден сатылымға шығарудамыз. Бір блоктағы саңырауқұлақ 20 күнде пісіп, 2 – 4 келіге дейін өнім аламыз. Негізінде бір блок 4 рет таза өнім береді. Оның алғашқы 3 өнімін сатылымға шығарылса, соңғысы консервыге жабылады», дейді жас агроном.

Алдағы күндері бала агроном мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алу арқылы үйіргелік жеріндегі кәсібін дамытуды көздеп отыр.

 

Leave a reply