ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛШЕГІ

0
54
Елдің экономикалық қарыштап дамуында жеңіл өнеркәсіп саласының алар орыны орасан. Осы орайда Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық қоғамдық штаб мүшелері мен сенімді өкілдері ауданымыздағы киім-кешек тігу мекемесінің жұмысшыларымен кездесу өткізді. Оған Сайрам аудандық штаб төрағасы Алмас Абдикадиров және аудандық штаб мүшелері С.Акирамов, М.Сиддиқов, Ғ.Раймкулов, Ұ.Баялиев қатысып, мемлекеттік қолдаулардың аясында Республика көлемінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды. Келелі кездесу барысында аудан тұрғындарының Қуатты Қазақстанды құруда қарапайым еңбек өкілдерінің рөлі ескеріліп, ететін еңбектері өлшеусіз екендігі баяндалды.
— Бүгінгі таңда еңбек адамы – мемлекет дамуының, оның ішінде әлеуметтік құрылымдардың ең басты да маңызды бөлшегіне айналып отырғаны анық. Қарапайым жұмысшы мен адал еңбек жасап жатқан қарашаның мәртебесін көтеруге, оларды ел арасында насихаттауға басымдық беру жайы жиі айтылып жатқаны рас. Бұл да болса Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең негізгі тұжырымдамасы болып отыр. Бәрі ашық түрде жариялануда. Әлемдегі геосаяси жағдайларды ой елегінен өткізіп, бірлігімізді бекемдесек реформалардың орындалуына қол жеткіземіз. Қуатты Қазақстанды Бірге құрамыз» — деді штаб төрағасы А.Абдикадиров.
Маңызы зор жиын арасында М.Сиддиқов ел экономикасын, соның ішінде Сайрам ауданын дамыту жолында жеңіл өнеркәсіп саласы, киім-кешек өндіру мекемесінің еңбек ұжымы азаннан кешке дейін демалмай еңбек етіп, осы істерімен ел экономикасына өлшеусіз үлес қосып жатқандығын жеткізді. Әрбір еңбектің жоғары бағаға лайық екендігін еске салып, Қуатты Қазақстан үшін дауыс беруге шақырды.
Мәні терең кездесуге қатысқан сенімді өкілдер Ғ.Раймкулов, С.Акирамов және Г.Ирискелдиев Ел Президенттігіне кандидат Қасым – Жомарт Кемелұлының түрлі салада жүзеге асып жатқан реформалардың нәтиже бере бастағандығын тілге тиек етті. Жыл сайынғы жолдауларына сай жүзеге асып жатқан жобалардың маңыздылығына тоқталып, көпшілікті сайлауға белсенділікпен қатысуға шақырды. Жиынға қатысқан еңбек адамдары алдағы сайлауда халықтық колаиция атынан ұсынылған кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдайтындықтарын жеткізді.
«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы

Leave a reply

Ақпарат қорғалған