Интернеттегі тауарларды сатып алу туралы

0
43

Қазіргі уақытта Интернет арқылы тауарларды сатып алу біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Бірақ, көптеген ұсыныстарға қарамастан, біздің тұтынушылар қайта-қайта жосықсыз сатушылардың «қармағына» түседі.Облыс орталығының тұрғындарының бірі Петропавл қаласының Прокуратурасына жүгінді, ол интернет-сайттардың бірінен 50 пайыздық жеңілдікпен талғампаз орамалдарды сату туралы хабарландыруды көріп, оған тапсырыс берді, бірақ жіберілімді ашқаннан кейін тауардың жарнамалық сипаттамаға мүлдем сәйкес келмейтінін анықтады. Бұл өтінішті тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган – ҚР  Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық бөлімшесі болып табылатын СҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қарады. Департамент басшысы Л. Мияшева айтқандай: «Өтінішті қарау аясында біз интернет-сайтты мұқият зерделеп, сатылымның аяқталу күні күн сайын түзетілетінін байқадық. Бұл тапсырыс берушіні бүгін тапсырыс беріп, ертең арзандатылған бағамен ондай тауарды  сатып ала алмайтынына сендіру үшін қолданылатын «жариялылық трюктің» бірі.Бұл интернет-сайтта тапсырысты тек өзіңіздің байланыс деректеріңізді енгізу арқылы жасауға болады, кейінірек сатушы-менеджері тапсырыс берушімен байланысады, ол тауарды жарнамалайды және тұтынушыны тапсырыс беруге көндіреді. Тапсырыс берген тауарлар үстеме төлемді пошта жөнелтілімен жеткізіледі. Алайда, тұтынушы тапсырысты алып, төлем жасағаннан кейін тауардың сапасыз екенін және жарнамалық сипаттамаға сәйкес келмейтінін анықтайды.Сатушының пошталық мекенжай белгісінде көрсетілген телефон нөмірлері жауап бермейді, оның орналасқан жері белгісіз, сатушы туралы сенімді ақпарат жоқ. Мұндай жағдайда тұтынушыға тауарды қайтару өте қиын.Интернет-дүкен сайтының сенімді болуы үшін сатушы Петропавл қаласында тіркелген ЖШС-нің бірінің деректемелерін жариялағанын айту керек. Алайда, бұл деректерді тексере келе, көрсетілген ЖШС-нің жарнамаланған тауарды сатуға еш қатысы жоқ және оның деректемелерін сатушы заңсыз пайдаланғаны белгілі болды.Ұзақ іздестіру нәтижесінде департамент қызметкерлері курьерлік қызмет өкілімен байланысқа шықты. Біз қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіріп, сатушыға тұтынушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шараларын қолдануды ұсындық. Қазіргі уақытта сатушы 31 мың теңге көлеміндегі қаражатты қайтарды».

Бірақ мұндай жағымсыз жағдайлар тұтынушыны белгілі электронды сауда алаңдарында күте алады. Осындай бір жағдай туралы Департамент басшысы да айтып берді.

«Ағымдағы жылдың тамыз айының соңында бізге белгілі электронды сауда алаңдарының біріне қымбат смартфон сатып алуға тапсырыс берген азамат Х.-нің өтініш түсті. Тауардың құнын төлеу банкпен несие шартын жасау арқылы жүзеге асырылды. Тауар курьерлік қызмет арқылы жеткізілді, ал тұтынушы жіберілімді постаматтың ұяшығына өзі алып кетті, – бұл жағдайдың басын департамент басшысы ашып айтты.Содан кейін сюжет тұтынушы үшін күтпеген жерден өрбіді. Алынған жіберілімді ұстап көріп, азамат Х. пакеттегі заттың смартфон қорабына ұқсамайтынын сезінген. Осыған байланысты ол жіберілімдің қаптамасын  ашу кезінде толық бейне түсіруді жөн көрді. Барлық қаптаманы алып тастағаннан кейін сатушы қымбат смартфонның орнына дөңгелек банкадағы  парафинді шам жібергені белгілі болды.Департамент қызметкерлерінің көмегімен Call-орталығына көптеген хабарласу және электронды сауда алаңының иесіне жазбаша наразылықпен жүгіну  нәтижесінде тұтынушы мен банк арасындағы смартфонды сатып алуға 535 мың теңгедегі несие шартын бұзуға мүмкіндік болды. Мәселенің оң шешілуіне тауардың қаптамасын ашу кезіндегі бейнежазба маңызды дәлел болғанын айта кету керек».

 Интернетте тауар сатып алу қиындық тудырмауы үшін департамент  басшысы Л.Мияшева тұтынушыларға келесі ұсыныстарды орындауға кеңес береді:

— тауар туралы ақпаратты, оның ішінде тауардың кепілдік мерзімі және жарамдылық мерзімі туралы ақпаратты мұқият зерделеу;

— сатушыдан сәйкестік сертификаттарын немесе сәйкестік туралы декларацияны, оның ішінде сәйкестігі міндетті расталуға жататын импорттық тауарға, талап ету;

— сатушыдан тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатты талап етуге құқылы;

— тауарды сатып алу алдында сатушының беделі туралы, сондай-ақ ол сататын тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігі туралы тұтынушылардың пікірлерімен танысыңыз;

— сатушының байланыс деректері және тауарды айырбастау/қайтару шарттары туралы ақпарат берілмеген күмәнді интернет-ресурстарда тауарға тапсырыстарды жүзеге асырмауға;

— тұтынушылардың құқықтарының бұзылу фактісін дәлелдеу үшін фото- және бейнетіркеу жүргізу;

— бейтаныс тұлғаларға ақшаны аудармау және өзінің құпия деректерін жібермеу;

— тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда сатушыға жазбаша наразылық жіберу,  уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе  сотқа жүгіну.

Leave a reply