КЕШЕНДІ ҚЫЗМЕТ ТУРИСТЕРГЕ ЖАЙЛЫЛЫҚ СЫЙЛАЙДЫ

0
53

Рухани шаһарда туристерге кешенді қызмет көрсетіледі. Ол үшін облыс орталығында туристерге қызмет көрсету орталығы «Визит Центр» ашылған. Орталықта мультимедиа, этнографиялық зал және «Қазақ хандығы» залы, кітапхана, кәдесыйлар дүкендері, кофехана, шығыс бағы, қолөнершілер орындары қарастырылған. Туристердің қала ішінде киелі орындарға қолайлы тасымалдау үшін орталықтың электр көліктері қызмет атқарады. Алыс және жақын шетел туристеріне 3 тілде қызмет көрсететін аудиогид құрылғылары бар. Туризмді дамыту стратегиясы шеңберінде орталық қаланың барлық көрікті және киелі жерлеріне қолжетімді бірыңғай нүктесіне айналуы, сондай-ақ туристерге арналған барлық ілеспе ақпарат пен сервистерді ұсыну орталығы болуы жоспарлануда.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жарлығымен облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілді. Көне қаланың жаңа мәртебеге ие болуы тұтас түркі халықтарының назарын аудартқанын жақсы білеміз. Әсіресе, бұл шешімді түбі бір түркі халықтары өте жылы қабылдады. Тағдырлы шешімдер қабылданып, бәтуалы басқосулар мен келелі кеңестер өткен шежірелі шаһар енді Қазақстанның туризмін жаңа деңгейге көтеруге мол мүмкіндіктер берді. Өйткені, облыстың алдағы жылдардағы негізгі даму бағыты осы саламен үндесіп жатыр.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған