Назарбаев пен Путин кездесті

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Infonews.kz elbasy.kz. сайтына сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесіп, елдің ұлттық мерекесі — Ресей күнімен құттықтады.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірді.