Психолог жалқаулықты жеңу әдістерін айтты

0
62

Бойыңызда жалқаулығыңыз басым болса өзіңізге ренжіп қажеті жоқ. Алайда мұндай жағдайдан шығар жолды тапқаныңыз жөн. Бұл туралы Мәскеудің халыққа психологиялық көмек көрсету қызметінің маманы Екатерина Игонина айтты, деп хабарлайды Infonews.kz сайты. 

Маман жалқаулықпен күресудің нақты әдістерін атады.

Игонинаның айтуынша, жалқаулық денсаулыққа байланысты мәселелер, нашар өмір салты мен психологиялық қиындықтар туындатуы мүмкін. Жалқаулықты жеңу үшін бар назарыңызды әрекеттен оның нәтижесіне ауыстырыңыз.

«Алдыңызда қиын тапсырманы орындау міндеті тұрса бонус немесе ертерек аяқтау мүмкіндігі, демалуға уақыт бөлу сынды ойларға көңіл бөліңіз. Мұндай ойлар жұмыс істеуге ынтаңызды арттырады. Жұмысқа келіп, үстелге отырған кезден бастап арқаңызды түзетіп, алаңдататын нәрселерді ойламауға тырысыңыз. Сондай-ақ назарыңызды бөлетін артық заттарды алып тастаңыз», – деді психолог.

Сонымен қатар психолог әр адам жұмыстан тыс өзіне де уақыт бөлуі керектігін айтты.

«Кешкі уақытта іскерлікпен айналысу қиын болғандықтан уақытыңызды серуендеуге немесе спортқа арнаңыз. Өнімділік пен белсенділік үшін өзіңізді мақтап отыруды ұмытпаңыз. Мысалы апта ішіндегі барлық міндеттерді орындап болсаңыз демалыс күндері басқа қалаға барып қыдырып қайтуға болады», – деді ол.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған