Сайрамда картоптың голландиялық сорты өсірілуде

0
52

Бүгінде елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Жергілікті билік өкілдері бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқаруда. Ал, Түркістандық шаруалар егістіктен мол өнім жинап, арзан бағада сатылымға шығаруды жоспарлап отыр. Мәселен, Түркістан облысы Сайрам ауданында картоптан мол өнім алынады деп күтілуде. 

Ауданда негізінен ерте пісетін Ресей мемлекетінен әкелінетін голландиялық картоп тұқымдары егіледі. Картоп алқаптарының негізгі көлемі Қарабұлақ, Көлкент, Құтарыс, Манкент, Қарасу ауылдық округтерінде орналасқан. Ауылдық округтерінің шаруа қожалықтары және іргерлік жер иелері телімдерінде картоп өсіру қыр сырларын жоғары деңгейде меңгеріп, жақсы өнім алу бойынша Түркістан облысында алдыңғы қатарда келеді.

Ерте пісетін картоп өнімінің басым бөлігі Республиканың Солтүстік облыстарына Петропавл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Түркістан, Шымкент, Алматы қалаларына сатуға жіберіледі. Сатылуға жібірілген картоптын бағаларыда қолжетімді, арзан болуына байланысты Сайрам ауданының шаруалары Республика көлемінде бағаның тұрақтандыруға өз үлесін қосуда. Мысалы, Қарабұлақ ауылының диқандары 1 кг картопты 108 ₸еңгеден сатылымға шығарып жатыр. Өткен апта бұл баға 90 ₸еңгеге дейін түсті.

30 соттық жерге картоптың Коломбо сортын еккен диқан Фазылжан Ибрагимов 9 тонна өнімін жинап алды. Енді ол егін алқабын екінші өнім алуға дайындайды.

– Биыл ағын су тапшылығын көрмедік. Жылда әр ауылға кезекпен су беріп, соның өзінде егін суалып, біраз шығынға ұшырайтын. Биыл жақсы жетті. Енді нартәуекел деп екінші өнімді егіп көреміз, – дейді Ф.Ибрагимов.
Жылда өнімін Ресей асыратын сайрамдық шаруалар биыл алған өнімнің басым бөлігін Қазақстанның түкпір-түкпіріне жөнелтіп жатыр.

Сайрам ауданы бойынша өткен жылы 3642,5 гектар жерге картоп егіліп гектарынан 206 центнерден өнім алынып, жалпы 75 219 тоннаны кұрады. Ағымдағы жылы 3200 гектар жерге егілген картоптың гектарынан 250-280 центнер өнім алу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 55 310 тонна өнім алынып, жыл соңына дейін 80 000 тонна өнім алу жоспарлануда.

Осылайша Түркістан облысының шаруалары мемлекет экономикасына өз үлестерін қоспақ.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған