ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты бұзады

0
50

ҚТЖ осы жазда Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты бұзады. Алдымен жаңа үлгілік келісім-шарт келісіледі. Содан кейін ол бекіту үшін «орналастырылады». Артынша «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу ережелеріне сәйкес ашық тендер өткізіледі. Бұл туралы Infonews.kz сайты Orda.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сауалға жауап берген «Жолаушылар тасымалы» АҚ сату және тұтынушылармен жұмыс жөніндегі директоры Ерлан Жимайлов келісім-шартты бұзу бойынша ақпан айынан бері жұмыс жүргізіліп жатқанын – 18 мамырда келісімге қол жеткізілгенін айтты.

Бірақ ҚТЖ әсіресе жазда билет сату жүйесін бұзбау үшін «Instant Payments» ЖШС-мен жұмысын жалғастыра береді.

Кәсіпорын ашық тендерге жаңа үлгілік келісімшарт пен құжаттаманы дайындап қойған.

«Келісім жасалғаннан кейін жаңа келісім-шарт бекітіледі және 45 күн бойы ол сайтта «ілулі» тұрады. Сонда адамдар тендерге қатысуға өтінім береді. Осы жаздың соңына дейін бір жерде тендер өткізуді жоспарлап отырмыз» деп түйіндеді Жимайлов.

Ақпан айында Orda.kz редакциясы «ҚТЖ» АҚ Әлия Назарбаеваға тиесілі Instant Payments LLP аутсорсингтік компаниясымен келісім жасасқанын жазған. Ол билеттерді сату процесінің тиімділігін арттыру мақсатында жасалды. Нәтижесінде, компания жол жүру билеттерін беру және фискалдық компьютерлік жүйені жүргізу бойынша барлық процедураларға жауапкершілік алды.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған