Сарыағаштық диқандар бидай ору науқанын бастап кетті 

0
44

Астық – елдің азық-түліктік  қауіпсіздігінің негізгі компоненті. Оның ауыл шаруашылығы саласында алар орны да бір төбе. Себебі, ол ел экономикасымен тікелей байланысты.  Осы негізде, ауылшаруашылығының құрамдас бөлігі болып саналатын егін шаруашылығын тиімді жүзеге асырып отырған аудан Сарыағаш. Егіс даласында тынбай еңбектеніп, жақсы нәтижесін беріп отырған Сарыағаш ауданы бидай ору науқанын бастап кетті. Аталған науқанды алғашқылардың бірі болып ауданға қарасты Дарбаза ауылдық округінің диқандары бастады. Қазіргі таңда, егіс даласында 50 комбайн мен 100-ге жуық жүк көлігі тынбай еңбек етуде. 

Жалпы, еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің, оның ішінде ауыл шаруашылығының маңызы зор. Ал, ауылшаруашылық өндірісінің ішінде егін шаруашылығының алар орны ерекше. Себебі, ерте көктемнен бастап диқандардың қызу іспен айналысып, жер игеріп, одан өнім шығару жұмыстарына өзін арнауы ел экономикасының ертеңіне тигізер бірден бір пайда.  Онда халық үшін қажетті өнімді өндіру саласындағылардың жартысынан астамы қызмет етеді. Республикадағы негізгі өндірістік қорлардың тең жартысына жуығы шоғырланған осы салада шоғырланған. Олар жалпы өнімнің және ұлттық табыстың жартысын құрайды.   

Бүгінде Сарыағаштық диқандар ерте көктемнен бастаған еңбектерінен үлкен үміт күтуде. Олардың егін жұмысымен айналысуына мемлекеттің шаруашылық саласына жасаған жеңілдіктері себепкер болып отыр. Олар лизинг негізіндегі техникамен, жанар-жағармай, қажетті бөлшектер және минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етілген.  Жалпы, биыл аудан бойынша барлығы 44,9 мың гектар жерге масақты дақылдар егілді, оның ішінде бидай – 33,4 мың гектар, арпа – 7 мың гектар, жүгері – 4,5 мың гектар. 

Егін шаруашылығымен айналысу агрономиялық тәсілдерді жетілдіруді әрқашан талап етіп келеді және талап ете бермек.  Қазіргі таңда, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойылған міндет өте көп. Соның бірі – ауылшаруашылық  өндірісін  тұрақты  дамыту,  әлемдік  нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту. Осы негізде егін шаруашылығы да оң нәтижесін беріп, Қазақстан экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосып отыр.  

Leave a reply

Ақпарат қорғалған