Қайрат Боранбаевтың түрмеде емес екені белгілі болды

0
51

Дариға Назарбаеваның құдасы Қайрат Боранбаевтың түрмеде еместігі белгілі болды. Бұл туралы Infonews.kz сайты республика.kz.media Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы мұғалімдерге Алматы облысы Талғар ауданындағы мектеп директоры Боранбаевтың туысы Бақыт Елшібаева айтқан. Директор қазіргі таңда ықпалды туысының атын жамылып, мұғалімдерді қорлап, оларды жаппай жұмыстан шығарып жатыр.

Жауапты органдар бұл ақпаратқа қатысты әлі түсініктеме бермеді.

Қайрат Боранбаев наурызда ұсталған болатын. Оны Алматыда қаржы мониторингі агенттігінің орталық аппаратының қызметкерлері ұстағаны белгілі болды.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған