СОЗАҚТА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
51
Аудан орталығы Шолаққорған ауылын көркейтіп, көгалдандыру мақсатында тиісті шаралар жалғасуда. Онда арық-атыздар мен көше бойлары қоқыстардан тазартылып, ағаштардың түптері ақталып, көше бойы мен мекемелердің ауласындағы шарбақтар бір түсте сырлануда.
Сонымен қатар, Шолаққорған ауылының орталық маңызы бар С. Қожанов және Жібек-жолы көшелерінің бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарының қасбеттерін қалпына келтіріп, әрлеу, сырлау жұмыстарын жүргізу үшін нысан иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тұрғын үйлердің де қасбеттерін қалпына келтіріп, бір түсте сырлау жұмыстары жалғасуда. Әрлеу жұмыстарын біршама тұрғын үй егелері өздері жүргізсе, бірқатарына аудан әкімдігіне қарасты бөлім, мекеме мамандары тарапынан жүргізілуде.
Бұл туралы аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылының ішкі көшелерін аралау барысында ауыл округ әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді. Жасалып жатқан жұмыстарды бақылап, орын алған кемшіліктерді жою үшін тиісті жұмыстарды одан әрі жандандыру керектігін ескертті. Берілген тапсырмалардың орындалу барысын қатаң бақылауда ұстайтынын айтты.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған