Шетелден қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктер заңдастырылады

0
41

Осы ретте ішкі істер министрлігі заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді. Жоба Үкіметтің қарауына енгізіліп, оған келесі аптада қол қойылады деп күтілуде. Үкімет қаулысына қол қойылғаннан кейін бірінші ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң ол қолданысқа енгізіліп, содан кейін автоконструкторларды тіркеу жүзеге аспақ.
Айта кетейік, 23 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін алдын ала онлайн тексеруден өтіп, 200 мыңға жуық автокөлік заңдастыруға мақұлданып, оның ішінде 100 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылған.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған