Түркістанда алғаш рет халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтеді

Түркістан қаласында алғаш рет «KazAgro/KazFood Turkistan2023» I Халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2023 жылдың 20-22 наурыз аралығында Түркістан қаласында алғаш рет «KazAgro/KazFood Turkistan2023» I Халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтеді. Шараға азық-түлік және ауыл шаруашылығы саласының жетекші өндірушілері мен кәсіпкерлер қатысады. Көрме аясында отандық кәсіпкерлермен іскерлік байланыс орнатуға ниетті Өзбекстан, Қытай, Түркия, Голландия, Ресей Федерациясы секілді елдерден 100-ге жуық отандық және шетелдік қатысушылар Түркістанда бас қоспақ. Сондай-ақ, Наурыз мерекесі аясында этноқалашық, гастрофестиваль, концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар, қолөнер шеберханаларымен танысу сияқты іс-шаралар өз келушілерін күтеді. Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылуы: 20 наурыз 2023 ж., сағат 10.00. Түркістан қаласы, «Karavan Saray» кешені.