Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде «жедел желі» жұмыс істейді

0
51

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде «жедел желі» жұмыс істейді Түркістан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, «Адал» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігімен Түркістан облыстық «AMANAT» партиясының филиалында 2022 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша есебін және «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңына ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар туралы брифинг өткізді. 2022 жылдың 10 айында Түркістан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне барлығы 979 өтініш түскен (2021 жылдың осы кезенімен салыстырғанда 107,0 пайызға көп), оның 105 жазбаша, Басшылардың жеке қабылдау 267, мамандардың тұтынушыларды қабылдау 252, жедел желі 276, e-tutynushy.kz бірыңғай ақпараттық жүйесіне 75 және 4 өтініш Telegram Bot арқылы келіп түскен. Келіп түскен өтініштерді талдау нәтижесі бойынша өңір тұрғындарының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы заңнаманы біліп келуіне байланысты қандай да бір мәселе бойынша мемлекеттік органдардың қайсысына жүгіне алатынын көрсетті. Департамент құзыретімен қаралып қанағаттандырылғаны — 820 өтініш (83,8%), түсіндірілгені – 114 (11,6%), басқа мемлекеттік органдарға қайта жолданғаны 45 (4,6%) өтініш. Департаментпен қабылдаған шаралар нәтижесінде 15 ірі сауда мекемелеріне жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, ескерту берілді. Облыс тұрғындарына 7 837 490 теңгеден астам қаражат қайтарылды. Қазіргі уақытта азаматтардан өтініштер тікелей мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ жедел желіге, ресми блогтарға және әлеуметтік желілерге түседі. Аталған бағыттың маңыздылығын ескере отырып, Департамент халықтың шағымдарын мұқият талдайды және оларға мемлекеттік органдар тарапынан жедел әрекет етеді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Түркістан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің «жедел желі» жұмыс істейді.

Leave a reply