Шалғай аудандардағы инфрақұрылым мәселесі — басты назарда

0
51
Қала әкімі Президент жанындағы орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен баспасөз брифингінде Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында мәлім етті.
Шалғай аудандардағы инфрақұрылым мәселесін шешу басты назарда тұрғанын жеткізді. Мәселен, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін үш магистралдық және он елді мекенге ауыз су құбыры, кәріз жүйелері бойынша үш магистралдық және он алты ішкі орамдық нысандардың, табиғи газ бойынша номері үшінші АГРС және екі магистралдық, он бір елді мекенге газ құбырлары, электр бойынша үш подстанция және он бес елді мекенге ішкі жүйелер құрылысы жүргізіліп жатыр.
Шілдеде Бозарық қосалқы станцияның құрылысы аяқталады. Нәтижесінде биыл жыл соңында ауыз сумен қамту деңгейі тоқсан сегіз пайызға, газбен тоқсан үш пайызға, сапалы электрмен тоқсан жеті пайызға жететін болады, деп хабарлайды Aptamedia.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Leave a reply