СЕКТОР ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУДА

0
157

Қала әкімі Н.Тұрашбековтың тікелей бастамасымен қала көлемінде 6 сектор құрылып, олар қала аумағындағы өзекті мәселелерді бақылауға алып, жүйелі түрде шешуге ықпал етіп келеді. Атап айтсақ, олар «Яссы», «Сауран», «Шавгар», «Бекзат», «Отырар», «Бірлік» секторлары. Халықпен жұмыс жүргізу секторларында 30-дан аса азамат тұрақты жұмыспен қамтылып, тұрғындармен тығыз байланыс орнатуға күш салып келеді.

Сектор қызметкерлері халықпен коммуналдық мәселелер, тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек, табиғи газды пайдалану туралы ақпараттар ұсынып, көшелердің көгалдандырылуы, абаттандырылуы, тазалығының үйлестірілуін қамтамасыз етеді. Бұнымен қоса, аумақтағы тұрғындардың мәселелерін назарға алып, шешімін табуда жүйелі жұмыстарды жүргізуде. Бұл жөнінде қала әкімі сектор меңгерушілерімен жиі кездесіп, олар тарапынан атқарылап жатқан жұмыстар жөнінде тұрақты есебін алып отырады.

Аталмыш секторлар қала әкімдігінің 109 – Бірыңғай байланыс орталығымен бірлесе отырып, мониторингтік жұмыстар арқылы халықтың өтініштері, мәселелері қолға алынуда. Яссы, Сауран, Шавгар, Бекзат, Отырар, Бірлік мөлтек аудандары болып бөлінген секторларда мамандар тұрғындардың өтініш, шағымдарын 109 – Бірыңғай байланыс орталығының жүйесіне тіркейді. Тіркелген әрбір өтініштер қала әкімдігінің дербес бөлімдеріне жолданып, орындалуы сектор меңгерушілері мен инспекторлар тарапынан қадағалануда. Бұл секторлардың жалпы мақсаты – әр мөлтек аудандағы халықпен коммуналдық, тұрғын үй шаруашылық және әлеуметтік мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, шаһар тіршілігін жақсартуды жандандыруды қолға алмақ ниетте.

Біздер алдағы уақытта газетімізге осы аталған 6 сектордың атқарып жатқан жұмыстарын беруді қолға алып отырмыз. Алдымен Шауғар тұрғындар алқабының сектор меңгерушісі Асқар Сәрсенбаевпен арнайы барып, жолыққан болатынбыз.

Шауғар тұрғындар алқабының сектор меңгерушісі Асқар Сәрсенбаевтың мәлімдеуінше Шауғар тұрғындар алқабында халық саны – 46 890 адам, аумағы – 2568,3 га, жалпы көше саны – 165, асфальт төселгені – 45, жартылай асфальттанғаны – 11, тас төселген көше саны – 65, тас төселмеген көше саны – 44, кәсіпкерлік нысандар саны – 321, жеке және екі қабатты тұрғын үйлер саны – 9 378 құрайды. Мөлтек ауданда 9 мемлекеттік және 2 жеке меншік мектеп пен 11 бала-бақша, 1 колледж, 2 емхана, 8 мешіт, 5 тойхана, 3 базар, 2 автовокзал, 5 банк, 4 пошта, 8 монша мен 8 мемлекеттік мекемелер орналасқан.

Сектордың атқарып жатқан жұмыстарына тоқталсақ, кәсіпкерлердің көмегімен А.Сабырханов көшесіне тас төселіп, ретке келтірілсе, үлкен жүк көліктері жүрмейтіндей болып, полиция басқармасымен келісе отырып, жол белгілері мен жолақтар сыздырылып, тұрғындар тазалық мекемесімен келісім шартқа отырғызылған екен. Сонымен қатар, республикалық халық санағына қатысып, қала әкімдігі бөлімдерінің жұмысын бағалау бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілген. Еліміздегі орын алған індетке байланысты 18150 адам вакцина алғаны белгілі болды.

Мөлтек аудандағы көгілдір отын бойынша кәсіпкерлік нысандар саны – 321, оның ішінде 192 газ кіргізген. Ал, жеке тұрғын және екі қабатты үйлер саны – 9 378, жалпы газ кірген абонент – 7 113 құрайды. Шауғар тұрғындар алқабы сектор мамандарының ықпалдарымен 3 486 үйге газ кіргізілген болса, ал, 3 627 абоненттің құжаттары рәсімделіп жатса, 2 265 бос тұрғын үйлер мен жер учаскелері бары анықталған.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны – 1268 отбасын құраса, халық банк мекемесінің демеушілігімен – 900 отбасына, сектор мамандарының ұйымдастыруымен демеушілердің арқасында 80 отбасыға азық-түлік таратылса, бұдан бөлек, 22 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілген. Сонымен қатар, 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Шауғар тұрғындар алқабында тұратын қарттарға демеушілер тарапынан азық-түлік үлестіріліпті.

Қала тазалығын сақтау мақсатында аптаның әр сенбі күндері тұрақты сенбіліктер ұйымдастырылып отырады. «Отбасыңмен 10 тал ек» эко-акциясы кезінде 1150 дана ағаш көшеттері отырғызылған.  Қаланы көркейту мақсатында ұйымдастырылған бұл маңызды шараға қала әкімі Н.Тұрашбеков, қала әкімі аппараты, сектор басшылары мен мамандары, сондай-ақ, дербес бөлімдер, ауыл ақсақалдарымен қатар, жергілікті тұрғындар қатысқан.

Былтыр Шауғар мөлтек ауданына қарасты «Керуен Сарай» көпфункционалды кешені, «Hampton by Hilton» және 2 қонақ үй, балаларға арналған ойын-сауық орталықтары, «Магнум» сауда орталықтары, «Шоу-арена», «Сиқырлы керуен» секілді  халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылған.

Ауыз су және сарқынды су жүйесі бұған дейін нақты шешімін таппай келген мәселелердің бірі болған. Қазіргі таңда жауапты мекемелер тарапынан жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Ауыз су бойынша тұрғындар алқабындағы 2 массивте, сарқынды су бойынша 2 массивте жұмыстар жүргізу жоспары түзілген. 2021 жылы қазан айында ауыз су мәселесі бойынша 91 шақырымдық су құбырлары жаңартылуда, биыл пайдалануға беріледі.  Мұндағы пайдалануға жалпы, абонент саны – 2 455 құраса, жалпы ұзындығы – 91 шақырым болатын сметалық жоба жүзеге асырылмақ. Төреқұлов массивінде абонент саны – 238,  ұзындығы – 5,2 шақырым жоба әзірленіп, жүзеге асырылады. Ал, тұрғындар алқабындағы көптеген көшелерге осы кезеңге дейін сарқынды су жүргізілмеген. Ортақ Шауғар I-кезең, абонент саны – 8 544, жалпы ұзындығы – 105 шақырым, ортақ Шауғар II-кезең абонент саны – 3 294, жалпы ұзындығы – 100 шақырымды құрайды.

Н.Төреқұлов көшесі тұрғын үй массивіне электр желілерін жүргізу бойынша жүргізілетін электр желілерінің ұзындығы – 43,59 шақырым, орнатылатын трансформатор саны – 15 дана, абонент саны – 1242 құрайды. Бұл бойынша құрылыс жұмыстары 2021 жылдың наурыз айынан басталған, биыл аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар, Тәуке хан даңғылы, М.Әбенова, Төле би, Н.Төреқұлов көшелері бойында электр желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Мөлтек ауданда 156 көше болса, жалпы жарықтандыру ұзындығы – 180,05 шақырымды құрайды екен. Бұдан бөлек, Тәуке хан даңғылы,  М.Әбенова, Төле би, Н.Төреқұлов көшелері бойында 10,4 кабель желілерін жаңарту құрылысын жүргізуші мердігер-мекеме «ЮжКазЭнергоремонт Co. LTD» ЖШС жүргізуде.

Шауғар тұрғындар алқабында қалалық инфрақұрылым және коммуникация бөлімі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды тізбектесек. Ауыз су және сарқынды су бойынша қолға алынып жатқан жобалар Ремзауыт аумағындағы ауыз су құбырларын қайта жаңғырту техникалық қадағалаушы мекеме – «Орда Құрылыс Инжиниринг» ЖШС-гі мен авторлық қадағалаушы мекеме – «Инженерлік жобалау институты» ЖШС-і тарапынан жүргізілуде. Жүргізілетін ауыз су құбырларының ұзындығы – 48,46 шақырым, абонент саны – 4500. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың наурыз айында басталған, биыл аяқталады деп отыр.  Бұдан бөлек, орташа жөндеу жұмыстары 3 көшеге жүргізілмек,  ұзындығы – 4,89 шақырымды құрамақ. Ал, 1 көшеге бағдаршам орнату көзделген, ол Ата Түрік пен Ш. Уалиханов көшелерінің қиылысы.

Сектордың жалпы қызметі – сектор тұрғындарының өтініш, шағымдарын 109 – Бірыңғай байланыс орталығының базасына тіркеп, тіркелген әрбір өтініштер қала әкімдігінің дербес бөлімдеріне жолданып, орындалуы қадағаланады. Сонымен қатар, дербес бөлімнен жолданған жауаптар сараланып, сектор қызметкерлеріне беріледі. Әрі қарай сектор қызметкерлері келген жауапты тұрғынға жеткізу жұмыстарын жүргізеді. Жалпы, аталған секторларға әкімдік тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың қажеттілігін тудырған мәселелерді қарастыру жұмыстары жолға қойылғандығын аңғардық.

Leave a reply