ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ: ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ МЕН ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан қаласында тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы құрылысы аяқталуға жақын «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінде болып, нысандағы жұмыстардың сапасы мен орындалу барысын аралады.
Қала басшысы мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше мән беру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ тұрғын үйлердің заманауи талаптарға сай, халыққа қолайлы әрі сапалы салынуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жалпы аумағы 5,2 гектарды құрайтын тұрғын үй кешенінде 10 көпқабатты тұрғын үй бой көтеруде. Оның ішінде 6 тұрғын үйдегі 512 пәтер арендалық тұрғын үй ретінде пайдалануға беру жоспарлануда. Ал қалған 4 тұрғын үйдегі 432 пәтер тұрғындарға «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген ипотекалық несие бағдарламасы аясында ұсынылмақ.
Әзімбек Пазылбекұлы тұрғын үй құрылысының сапасы мен мерзімінде аяқталуы өзінің тікелей бақылауында екенін атап өтіп, жауапты мекемелерге жоспарланған жұмыстарды сапалы жүзеге асыруды және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.













