ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА АҚҚУЛАР ҚОНҒАН ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНУДА

Түркістан қаласында табиғат пен заманауи демалыс үйлескен ерекше экопарк салынып жатыр.
«Түркістан» экопаркінің аумағына жуырда аққулар жіберіліп, демалыс аймағының табиғи келбеті одан әрі көркейе түсті.
Жалпы аумағы 50 гектарды құрайтын экопарк аумағында бүгінде 1000 түп ағаш көшеті отырғызылған. Алдағы уақытта мұнда 10 мыңға жуық ағаш егіледі. Оның ішінде тораңғы, үйеңкі, акация, терек және өрік ағаштары бар.













