Түркістан қаласындағы пәтерлер мен жеке тұрғын үйлердің 95,3 пайызы газға қосылған

0
107

Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен Газбен қамту инспекциясының мамандары бірлесіп, жаңадан салынған жеті қабатты тұрғын үйлерге рейд жасады. Ондағы мақсат – тұрғындарға қалаға жылу беру маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын түсіндіру.

«Біздің негізгі мақсатымыз  – тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі шаралары жөнінде жадынама таратып,  үй иелеріне электр сымдарының, ажыратқыштардың, розеткалардың жарамдылығын қадағалау. Бөлмелерді жылытуға газ плиталарын қолданбау, электр құрылғыларын, плиталарды перделер мен жиһаздардан қашық жерге орнату, үйден шығарда барлық газ және электр құрылғылары өшірілгеніне көз жеткізу секілді қарапайым нәрселерді түсіндіру болып табылады»,-дейді ТЖМ Түркістан қаласы аумақтық газдан улану, өрт қауіпсіздігін бақылау инженері, азаматтық қорғау лейтененты Досмұхамед Әбді.

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда Түркістан қаласындағы пәтерлер мен жеке тұрғын үйлердің 95,3 пайызы газға қосылған. Жалпы 38 мыңнан астам абонент газға қосылған.

Қос мекеменің мамандары өткізген рейд кезінде көптеген пәтерлерде газ қондырғыларының тұсындағы дабылқаққыштар әлі қосылмағандығы анықталды. Оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар әлі де жалғасады.

Leave a reply