ОТАНДЫҚ ӨНІМ ҚАШАНДА ҚОЛДАУҒА ЛАЙЫҚ

0
112

Отандық өнідірті қолдау күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе. Осы ретте қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы мен Сәкен Мырзанұлы және Ардақ Үсенұлы жиһаз шығарумен айналысатын “ASIA BREND” ЖК және  Бахриддин Шамшиев басқаратын “Marka.kz “ ЖК кәсіпорындарының жұмыс барысымен танысты.  Халық қалаулылары бірінші кезекте жиһаз шығаратын кәсіпорынға барды.

2013 жыл өз жұмысын Уйгын Абишевтің бастамасымен бастаған кәсіпорында бүгінде 250 қызметкер тұрақты түрде жұмыс істейді. Кәсіпорын  тұрмыстық жиһаздар: жатын бөлмесі, қонақ бөлмесі жиһазы, ас үй шкафы, шкафтар мен шифоньерлер, балалар гарнитурасы   сияқты түрлі жиһаз түрлерін шығаруда.

Мұндағы өнімнің сапасы жоғары  отандық және түрік жабдықтары мен қазіргі заманғы материалдарды пайдаланып өндіруде. Шикізаттың негізгі жеткізушілері – «ЖК Мусаев М», «ЖК Мансуров А», «ЖК Сұлтанбай», «ЖШҚ Кроношпан» Башқұртстан Ресей, Shanghai Unisis International Development Co Ltd Қытай. Сондай-ақ,  фабрика өнімдері сапа менеджменті  сертификатпен расталған. Бұдан бөлек, өндіріс орны дизайнерлердің қатысуымен сенімді компоненттерді пайдалана отырып, тұтынушыға тек жоғары сапалы жиһаз ұсынуда. Аталмыш кәсіпорынның қызметкерлері шын мәнінде бірегей дизайнерлік жиһаздың керемет коллекцияларын жасап шығаруда. Бүгінде  “ASIA BREND” ЖК тауар белгісімен шығатын фабриканың өнімдерін еліміздің бірқатар аймақтарында жиһаз дүкендерінен сатып алуға болады.

Қаламызда көп сұранысқа ие өнімдерді өндіріп, бірқатар табыстарға жетіп жүрген көпшілік біле бермейтін кәсіпкерлер бар. Осы ретте кәсіпкерлерді қолдау үшін қалалық мәслихат депутаттары  Бахриддин Шамшиев басқаратын “Marka.kz “ ЖК кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. Қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы, депутаттар Сакен Мырзанұлы мен өндіріс орнына барып жұмысшылардың жұмыс барысын бақылады.

Қазақстан көлемінде сұранысқа ие кәсіпорын қыш тақта желiмi, airbond сылақ, гипстi тегiстегiш, шлакаблок, грунтовка праймер, сұйық травертин қасбеттің суэмулция қоспасы,  ішкі  суэмулция, лак,  праймер травертині, декаративті  штукатурка сынды өнімдерді шығарады. Бүгінде кәсіпорын 20-ға жуық қызметкерді жұмыспен қамтып отыр. “Marka.kz “ ЖК кәсіпорыны Қазақстанның түкпір-түкпіріне өз өнімдерін жөнелтуде. Сұранысқа ие өнімдер Қызылорда, Қарағанды, Шымкент, Астана қалаларына отандық нарыққа шығып жатыр. Тиімділігі мен сапасы олқы түспейтін отандық өнім әрқашан қолдауға лайық деп есептейміз.

Түркістан қалалық Мәслихатының баспасөз қызметі.

Leave a reply