Рухани шаһарда барлық салада өсім бар

0
102

Түркістан қа­­ла­сында жан-жақты дамуында бір­қатар нәтижелердің оң үрдісі бай­­қалады. Атап айтқанда, биылғы жылы  Түр­кі­стан қаласында 12 088 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 268,8 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, бюд­жет­ке төленген салық көлемі 8,1 миллиард теңгеге жеткен.

Облыстағы Turkistan арнайы эко­номикалық және индуст­риал­ды аймақтарында жалпы құны 553,6 миллиард теңге болатын 80 инвес­ти­циялық жобаны іске асыру жос­пар­ланған.

2025 жылға дейін маңызды жо­ба­ларды іске асыру нәтижесінде өңір эко­номикасына 2 триллион теңгеден ас­там инвестиция бағытталатын бо­ла­ды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 322,9 миллиард теңгеге жетіп, 2020 жыл­мен салыстырғанда 4,1 пайызға арт­қан. Енді 2025 жылға дейін құрылыс жұ­мыстарының көлемін 439,3 миллиард тең­геге жеткізу көзделуде.

Жалпы, соңғы үш жылда Түр­кі­стан қаласында 536 жоба іс­ке асып, оның 251-і пайдалануға тап­­­сырыл­ған. Халықты баспанамен қам­та­ма­сыз ету ең басты қажетті­лік­­тің бірі десек, Түркістан қала­сын­да 4 жылда жалпы 337 көпқабатты тұр­ғын үйдің құрылысы жүргізіліп жа­тыр (15 411 пәтер, 1 001,1 мың шар­шы метр). 2019-2021 жылдары 113 көпқабатты тұрғын үй пай­да­лану­ға берілді (5 433 пәтер, 342,9 мың шаршы метр).

Бүгінде жаңа қаланы ауызсумен қам­тамасыз ету де жақсы жол­ға қойылып келеді. Нақтырақ айт­сақ, Түркістан қаласында ауызсу құ­бырларын қайта жаңғырту мақ­са­тында бірнеше нысанның құрылыс жұ­мыстары (7-шағынаудан, Хлоп­за­вод, Ремзавод, бірінші және екінші Яс­сы-Шавғар, Теміржол) қатар жүр­гізіліп жатыр. Нәтижесінде, қосымша 7 500 жеке тұрғын сапалы ауызсу құ­бырымен қамтылатын болады.

Кәріз жүйесімен 30,5 пайызға қам­­тылған. Оның аумағын қам­тамасыз ету мақсатында осы жы­лы 6 нысанның құрылысы жүргізіліп жа­тыр. 2 нысан құрылысы жыл соңы­на дейін аяқталады.

Электрмен қамту мақсатында 2021жылы 32 000 тұрғыны бар 40 елді мекен сапалы электр қуа­ты­мен қамтылса, 2022 жылы қосым­ша 38 300 тұрғыны бар 10 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Түркістан қаласы аумағы 98,5 пайыз электр қуатымен қам­та­ма­сыз етілген, оның 84 пайызы са­палы электр қуатымен.

Биыл 3 нысанның құрылысын аяқ­тап, қамту көрсеткішін 99 пайыз­ға жеткізу көзделіп отыр.

Қаладағы көшелерді жарық­тан­дыру мақсатында 2021 жылы 147,8 ша­қырым құрайтын 155 көше нақты жарықтандырылды. 2022 жылы 395,1 шақырым құрайтын 318 кө­ше­де жарықтандыру жүйесін жүргізу жос­парланып отыр.

Түркістан қаласында 845 ша­қы­рым­­дық 875 көше бар. Олардың 37,4 пайы­зы – асфальт, 47,5 пайызы – тас­жол және 15,1 пайызы – топырақ жол­дар.

2021 жылы 15,1 шақырым 11 кө­ше орташа жөндеуден өтті. Топырақ жол­дардың санын азайтып, тасжол­дар­дың саны мен сапасын арттыру мақ­сатында 2021 жылы 158 шақы­рым қашықтықты құрайтын 185 кө­шеге тас төселді.

Осы жылы қалған 127,3 ша­қы­рым топырақ көшелерге ша­ғал тас төселіп, 46,4 шақырым құ­рай­тын 40 көшеге орташа жөндеу жұ­мыстары жүргізіліп, асфальт жа­бы­ны төселмек. Бұдан бөлек, жалпы ұзын­дығы 29,6 шақырымға жететін 26 көшеге аяқжол (тротуар) салу жос­парланған.

Халыққа қолайлы болу үшін 2021 жылы 40 жаңа автобус са­тып алынған. Автобустар дизель оты­нымен жүреді, салқындатқышы бар, мүгедек жандарға қолайлы..

Жалпы, қалада 24 қоғамдық кө­лік бағыты бар. Қоғам­дық көліктің 18 пайызы жаңартыл­ған. Биыл тағы 50 жаңа автобус са­тып алу жоспарланған.

Халыққа ыңғайлы әрі та­сы­мал­даушыларға қолайлы болу үшін қоғамдық көліктерге Tolem жүйе­сі енгізілген.

Түркістан қаласында өткен жыл­дың 13 желтоқсанында «Мүм­кіндігі шектеулі және зейнет жа­сындағы азаматтарға әлеуметтік сүйе­мелдеу қызметтерді көрсететін ор­талығы» құрылды. Онда: үйде әлеу­меттік қызмет көрсету, әлеуметтік пси­хологиялық сүйемелдеу, белсенді ұзақ өмір сүру және TEN QOGAM сек­торлары қызмет көрсеті.

Бұдан бөлек, Түркістан қала­сын­да 50 орындық қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арнал­ған ғимараттың құрылысын салу жоспарланды.

Тұрғындар санының өсуіне байланысты Түркістан қала­сын­да 2025 жылға дейін 11 мектеп са­лынады деп жоспарланып отыр, оның бәрі де бюджет есебінен.

2021 жылы 900 орындық мектеп, 720 орындық Назарбаев зияткерлік мек­тебі және оның 120 орындық жа­тақханасы салынған. Бұдан бөлек, «Ал­тын ұрпақ» бастауыш мектебі, «TURKESTAN бастауыш мектебі», «Бе­ре­ке Болашақ» мектебі, «Білім-Ғылым Ин­новация» мектебі, BILIM KEMESI мек­теп-лицейі, «NUR интеллектуалды мек­тебі» секілді 6 жекеменшік мектеп тер пайдалануға берілді. Мұның бә­рі халықты білім беру орта­лық­тары­мен қамтуға және оларда сапа­лы білім беру ісін жүргізуге зор пай­да­сын тигізіп отыр.

Бұл сала бойынша Түркістан қаласында 200 төсек-орын­дық модульді аурухана салынды. Мем­лекеттік-жекешелік әріптестік ая­сында 570 төсек- орынға көпса­ла­лы ауруханасының құрылыс-мон­таж­дау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жедел жәрдем қызметін нор­мативке сәйкестендіріп, жүк­темесін азайту мақсатында де­меу­шілікпен (Қазатомпром қоры­нан) 25 бригадаға арналған типтік же­дел жәрдем стансасы салынып жатыр.

Туризм саласы Түркістанде бұ­­рыннан жақсы жолға қойыл­ған. Бұл сала бойынша 2021 жы­лы инвестиция көлемі 102 миллиард тең­гені құрап, республика бойынша бірін­ші орынға шықты. Былтырғы жылы

«Керуен Сарай» көпфунк­цио­налды туристік кешенінде демалыс орындар және туристік нысандары іс­ке қосылды (Ramada by Wyndham, Emir Plaza, Rich Hotel, Grand Villa, Golden Ray Turkistan Hotel, Этно Парк Резорт). Сондай-ақ, 2021 жыл­дың қорытындысы бойынша Түр­кі­стан қаласына бір күнде 1 417 372 адам келді (2020 жылы – 382 606 адам болған).

2022 жылы ішкі туристердің са­нын 261 000 адамға, шетелдік турис­тер­дің санын 7 290 адамға, Түркістан қа­ласына бір күндік келушілер са­нын 1,6 миллион адамға, туризм саласы бойын­ша көрсетілетін қызметтердің кө­лемін 3,5 миллиард теңгеге дейін жет­кізу жоспарланған.

Түркістан қаласының дамуы ту­ра­лы айтатын болсақ, тұ­тас­тай жаңа қала салынды деуге бо­ла­ды. Санақ нәтижесі бойынша қала хал­қы 56 356 адамға өсіп, 221 102 адам­ды құрады (2018 жылы 164 746 адам болған). Төрт жылда қалаға тар­тылған инвестиция көлемі 8 есеге ар­тып, жалпы 793,2 миллиард теңгені құ­рады. Оның ішінде, 50 пайызға жуы­ғы (389,4 миллиард теңге) жеке ин­вес­тиция.

Қаланың негізгі әлеуметтік-инф­рақұрылымы қаланып, жаңа­дан халықаралық әуежай, әкім­шілік-іскерлік және рухани-мәдени ор­талықтары салынды. Биыл мұз ай­дыны, Теннис орталығы, ескек есу ка­налы Б.Саттарханов атындағы спорт кешені, туристерге арнал­ған жа­санды көл демалыс орталығы са­лынып, пайдалануға берілмек.

Төрт жылда Түркістан қала­сын­да жалпы 337 көпқабатты тұр­ғын үйлердің құрылысы жүргі­зілу­де. Аталған көпқабатты тұрғын үй­лердің барлығы толық аяқталса, 15 мың пәтер пайдалануға беріледі.

Бұған қоса ерекше үш мәселе­нің түбегейлі шешілген. Ал­ғаш­­қысы – табиғи газбен қамту. Бұ­ған дейін табиғи газбен қамту дең­гейі 26 пайыз болса, бүгінде қала тұр­ғындарын көгілдір отынмен 100 пайыз қамтамасыз етілген. 2021 жы­лы табиғи және сұйылтылған газды қауіп­сіз пайдалану мақсатында әлеу­меттік қолдауға мұқтаж 500 отбасыға газосигнализатор орнатылып, бұл өз ке­зегінде қаланың экологиялық ахуа­лын жақсартып және жасыл эко­номика бағдарламасына оң септігін ти­гізіп жатыр.

Екіншісі – қала халқын сумен қам­тамасыз ету. Бұрын Түркі­стан қаласында халық 100 пайыз та­за ауызсумен қамтамасыз етілмеген және суармалы су өте аз болды. Осы мәселерді шешу мақсатында бірінші ке­зекте халықты ауызсумен қам­та­ма­сыз ету қолға алынып, жүзеге асы­рылған екі ірі жобаның арқа­сын­да бүгінде бұл мәселе түбегейлі ше­шілген және істе 2050 жылға дейін ха­лық саны 500 000 адамға жету мү­м­кін деген болжам да ескерілген.

Түркістан қаласына 234 млн тек­ше метр ағын су жетіспей­ті­ні анық­та­лып, оны шешу үшін ға­лым­дармен кеңе­се келе Түркістан қа­ласына 248,8 миллион текше метр ағын су жет­кізу­дің жо­лы табылған. Бұл үшін «Түр­кістан ма­гистралды кана­лын күр­делі жөн­деу» жобасы ар­қылы 60 миллион текше метр су үнемделіп, қала ау­ма­ғындағы 8 шақырым канал бойы абат­тан­дыры­лады (құны – 16,5 миллиард теңге).

Бұрын ағын су 43 пайыз фильт­ра­циялық шығынға ұшыраса, енді оны болдырмау үшін бүгінде 52 ша­қы­рым каналды бетондау жұмыс­тары жүргізілген.

2021 жылдың желтоқсан айында «Кең­сай – Қосқорған – 2» су қоймасы жобасы пайдалануға берілді. Жоба аясында 34 миллион текше метр ағын су жеткізіледі.

«Арыс-Түркістан магистралдық ар­насын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу» ар­қылы 52,8 миллион текше метр ағын су жет­­кізілетін болады (құны 30,2 миллиард теңге).

Жаңадан «Сарқырама» су қой­ма­­­сын салу арқылы 65 млн. текше метр ағын су жеткізілмек (құны 7,4 миллиард теңге).

Сондай-ақ Кентау қаласында «Қос­­қорған» су қоймасын то­лық­тыра отырып, су төмендету жүйе­сін салу жо­басы арқылы 40 миллион текше метр ағын су жеткізіледі (құны 20 миллиард теңге).

Түркістан қаласы айналасында азық-түлік белдеуі қалыптас­тыры­лып, құны 26,9 миллиард теңге бо­ла­тын бес серпінді инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Қа­ла аумағында 225 гектарда 30 сая­бақ, 13,6 гектарда 15 сквер мен аллея­лар, 129,4 гектарда 9 алаң бар.

Түркістан қаласын абаттан­дыру мақсатында Майкөтов кө­шесіндегі «Желілік саябақ», «Төле би саябағы», «Шатқал саябағы», «Оты­рар» мөлтек ауданындағы көп­қа­бат­ты тұрғын үйлер аумағын көгал­дан­дыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, 1 шағынаудандағы көп­қабатты тұрғын үйлердің аула­сын (36,3 гектар құрайтын 3 аулаға) абат­тан­дыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінде Түркістан қаласын да­мы­тудың екінші кезеңінің жұ­мыстары басталып кетті. Кешенді жос­парға сәйкес 109 жобаны іске асыру жоспарланған. Инвестиция кө­лемі 1,3 триллион теңге, оның 1 триллион тең­ге­сі немесе 77 пайызы жеке ин­вес­тициялар.

Қаланы дамытудың екінші кезеңі бір­неше аумақта іске асырылады, ау­мақта әуежай аумағына ауыл шаруа­шылығы және басқа да серпінді жо­балар іске асырылатын болады.

Бірінші аумақта әкімшілік-іс­керлік орталығы аумағында за­манауи білім, денсаулық сақтау, спорт нысандары мен әкімшілік ғи­мараттар, демалыс орындары са­лы­натын болады.

Екінші аумақта Б.Саттарханов даң­ғылы бойынша спорт ке­ше­ні, Яссы желілік саябақтары са­лын­бақ.

Үшінші аумақта мәдени-ру­хани орталықта Әзірет Сұл­тан мұражай аумағы абаттандыры­лып, Қылует мешіті, аз қабатты тұр­ғын үйлер құрылысы іске асырылмақ.

Аталған іс-шараларды іске асыру нә­тижесінде 2025 жылы облысы­мыз­дың жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 триллион теңгеге жетіп халықтың табысы мен еңбек өнімділігі 50 пайызға өсіп, 40 мыңнан аса жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Leave a reply