Thursday, November 21

Ішкі тұрақтылық бәрінен де маңызды

0
123

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан 2030» статегиясында ішкі тұрақтылықтың аса маңызды екеніне тоқталып: «Тату көршілік бірінші кезектегі міндет, алайда, елдi iшкi алауыздық жайласа, ол шешiлмейдi. Егер әр түрлi топтар оларды мүдделердiң – саяси, идеология, дiни, этникалық немесе таптық мүдделердiң бiрiктiретiнiне қарамастан, қарама-қарсылық күйде болса, бұл халықты ортақ игiлiкке қол жеткiзу мен өзiнiң ұлттық мүдделерiн iске асыру мақсатынан жаңылыстыратын қауiптi жағдайға әкеп соғады. Бiрлiкке апаратын жолдағы бұрынғы кедергiлердi жойып, әдетке, құштарлыққа, ерекше мүдделерге, дiнге, жас қарайластығына немесе басқа факторлардың қайсысына негiзделгенiне қарамастан, жаңа кедергiлерді болдырмау – біздiң мiндетiмiз. Диалогтың ықтимал барлық нысандарын көтермелеу, сондай-ақ адамдар арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынасты күшейту арқылы бiз бiртiндеп ұлттық ынтымағымызды нығайтып, ұлттық әлеуетiмiздi ұлғайтамыз»,- деп атап өтіп, мынадай нақты шешімдерін көрсеткен болатын:

– елiмiздiң барлық азаматтары үшiн мүмкiндiктердiң теңдiгiне негiзделген бiрыңғай азаматтығымызды дамытатынымызға кепiлдiк беру;

– этникалық түсiнiспеушiлiк себептерiнiң жойылуын, барлық этникалық топтар құқықтарының, тең болуын қамтамасыз ету;

– қоғамымыздағы дәулеттiлер мен жарлылардың арасындағы айырмашылықты азайту және ауыл проблемасына үнемi ерекше көңiл бөлу;

– өтпелi және кейiнгi кезеңдерде пайда болатын әлеуметтiк проблемаларды ұдайы шешiп отыру;

– ұзақ мерзiмдi болашақта саяси тұрақтылықты да, қоғамның топтасуын да қамтамасыз ететiн бай Қазақстанды барынша жiгерлi түрде қалыптастыру;

– адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту;

– әр түрлi конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзiмдiлiк пен сенiмдi қарым-қатынастарды нығайту.

Осы бағыттарды негізге ала отырып, Түркістан қаласында ішкі тұрақтылықты сақтауға, алауыздыққа жол бермеу шаралары қолға алынған.

Жақында  Түркістан қаласы прокурорының жанындағы ведомствоаралық жиналыста мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен қала аумағында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және ұлтараздықтың алдын алу мәселелері қаралды.

Жиында қала аумағындағы әлеуметтік шиеленіс тудыруы ықтимал мәселелердің себептері және оларды шешу жолдары, сондай-ақ ұлтараздық жанжалдардың алдын алу бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың есептері тыңдалды.

2019 жылдан бері өзекті әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында қала прокуратурасының бастамасымен қала әкімдігі тұрақты түрде Әлеуметтік шиеленістер ошақтарының картасын жүргізеді.

Жыл басынан картаға 18 мәселе енгізілсе, бүгінгі таңда олардың 12-сі шешімін тапқан.

Жиналыс қорытындысы бойынша қала прокуроры аталған бағыттарда жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарына нақты тапсырмалар берді.

Leave a reply