Түркістандағы дәке мен бинт, медициналық мақта шығаратын бірден бір зауыт

0
132

Қазір отандық нарыққа қажет дәрі-дәрмектің 87 пайызы шетелден тасымалданады!  Ал қалған 13 пайыз үлеске ие қазақстандық өнімнің өзі медицина саласы мен халық денсаулығына қажет өнім түрін шығаруға қол жеткізе алмай отыр. Отандық фармацевтиканың бұл мәселесіне Қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас назар аударып, саланы дамытуға қатысты түбегейлі реформа жасау қажеттігін айтқан болатын.

2020 жылы халыққа арнаған Жолдауында Президент:

– Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді, бірақ отандық фармацевтика саласын аяғынан тұрғызу керек. Барлық негізгі дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілуге тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Келесі жылдан бастап осы бағытта нақты нәтиже күтемін,-деді.

Осы орайда Түркістан қаласындағы «Фараб» зауыты ел нарығын он бес жылдан бері медициналық мақта және дәкемен қамтамасыз етіп келеді. Қажетті шикізат осы маңдағы жергілікті шаруалардан алынады. Ол зауыт ішінде тазалаудың 4 сатысынан өтеді. Қажетті құрылғылар Италия мен Германиядан әкелінген. Бір жарым жылға созылған тәжтажал індеті кезінде түркісандықтарды ғана емес, жақын маңдағы елді мекендерді де сапалы залалсыздандырылған мақта мен дәке секілді медицинада қат тауарларды жеткізді. Халық асып-сасқан тұста ауруханаларға тегін де жеткізіп берді. Қазіргі таңда 96 түрлі өнім шығарады. «Фараб» комбинатының басшысы ретінде танымал болған Абдурасул Құрбанәлиев «Ақ жол» демократиялық партиясының атынан Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстық «Атамекен»  кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіп кешені бойынша комитет төрағасы ретінде егін шаруашылығының басы-қасында жүрген жандардың жанына батып жүрген мәселелерді ту етіп көтеріп, ел аманатын түбегейлі орындап отырған халық қалаулыларының бірі әрі бірегейі.

“Біздің зауытқа субсидия бөлінбейді. Біздің зауытымыз жекеменшік болып табылады. Бүкіл жұмыстарды өз қаражатымызбен өз еңбеккерлеріміздің күшімен атқарып отырған жайымыз бар. Республикалық бюджеттен көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін қаржыны әр облыстың табиғи климаттық ерекшеліктеріне байланысты қаңтар айынан бастап беру қажет. Соған қол жеткізу үшін «Ақ жол» демократиялық партиясының атынан барлық деңгейдегі жиында көтеріп келеміз. Аталған отырыста осы мәселе қаржы ұйымдарының қатысуымен егжей-тегжейлі талқыланып, тиісті ұйымдарға нақты ұсыныс беріліп, оның шешу жолдарын қарастыруды талап еттік десем болады.  Күзгі жиын-терімнен соң шаруалар келесі жылға әрекет ететіні белгілі. Алған өнімдері бір жылдары жақсы табыс әкелсе, кей кезде шығынға ұшырауы мүмкін. Осы сәтте күн көзі жылынғанда іске кірісетін шаруалар үшін ең бірінші қаржы қажет. Несиені наурыз айында аламын деп күтіп отыра берсеңіз, «жаздың бір күні жылға азық» дегендей Түркістан өңірінің климаты жылы болғандықтан қыс мезгілінде егіс егуге әрекет етпесеңіз кеш қалатыныңыз белгілі. Міне, шаруаларымыздың қиналатын уақыты осы сәт. 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға  ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өтінімдерін қабылдауға талаптар белгіленді. Сонымен бірге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының 2021 жылғы 26 шілдедегі бұйрығымен бюджеттік заңнаманың  талаптарына сәйкес бюджеттік несие қаражатын тарату тәртібі туралы «жол картасы» бекітілді. Бұдан былай қаңтар-ақпан айларында бюджеттік несие берілетіндігі айтылды. Осылайша егіс алқабында жүрген жандардың негізгі мәселелерінің бірін шешуге қол жеткізіп отырмыз” – дейді зауыт басшысы.

Түркістан қаласында орналасқан «Фараб» зауыты қазіргі таңда 96 түрлі медициналық өнім шығарады. Ол республика көлемінде кеңінен тарап жатыр. «Фараб» комбинатының басшысы ретінде танымал болған Абдурасул Құрбанәлиев бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр.

“Сайлауалды бағдарламамда елге, халыққа қолымнан келгенше көмектесуге уәде берген болатынбыз. Бүгінгі таңда барынша соны орындауға кірісіп жатырмыз. Жаңа ғана айтып өттім. Бүкіл облыстың диқандарына қажетті қаржыны желтоқсанда шешетін еткеніміздің өзі үлкен қызмет. Мен осы күрделі мәселені  бастағанымда, құдай аузыма салған шығар, ақырына жеткізбей тынбаймын деп өзіме уәде бердім. Әйтеуір, «Ақжол» партиясы мен «Атамекен» ҰКП біріге отырып кіріскендігінің нәтижесінде оң шешімін тапты.  Бұйырса, биылғы желтоқсаннан бастап шаруаларға несие берілетін болады. Бізде қазіргі таңда 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Олардың дені жастар деуге болады. Біз алғаш кәсіпорынды ашқан кезімізде Оңтүстік Кореяға бес адамды жіберіп оқыттық. Олардан жеті маман осында келіп, алты ай бойына біздің жұмысшыларымызға үйретті. Қазіргі таңда бізде ешқандай шетел азаматы жоқ. Тек өзіміздің қала мен осы маңдағы ауылдардың адамдары. Кәсіпорын ашылғалы бері тығыз жұмыс жасаймыз. Бізге механик, дәнекерлеуші, электрик, бағдарламашы секілді мамандық иелері керек болады. Оқу орындарымен тығыз байланысымыз болғандықтан «Білім саласына қосқан үлесі үшін» деген марапатымыз да бар. Алдағы кешенді жоспарларымыз көп. Оның орындалуын уақыт көрсетеді” – дейді комбинат басшысы.

Бүгінде еліміз бойынша мақтаны терең өңдеп, өнім шығаратын, қаланың 150-ден астам адамын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған үлкен зауыт өзіміздің Түркістан қаласында орналасқан. Мақтадан жасалған өнімдерді өндіретін «Фараб» зауытының басшысы Құрбанәлиев Абдурасул өз жұмысын 2004 жылы бастады. «Алғашында бұл зауытты Қазақстан мен Ұлыбритания бірлесіп салған, кейін қаражат тапшылығына байланысты зауыт жұмысын тоқтатқан. Қазіргі таңда барлық өнімдер «Toyoda» маркалы германиялық, ағылшын, жапон аппараттарымен жүзеге асырылуда. Басында зауыт мақтаны тазалап, ағартуға бағытталған-ды. Келе-келе халық тұтынатын өнім шығару ісімен айналысуды қолға алдық. Алғаш жұмысымызды Кореядан 6 тәжірибелі маманды алдыртып, олардан кәсіп үйреніп, осындағы 5 жұмысшыны сол елге 6 айға біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасуға жіберуден бастадық. Қазақстанда мақта Түркістан облысында ғана өсіріледі. Сондықтан мақта зауыттарының басым бөлігі осы облыстың аумағында орналасқан. Түркістан облысындағы зауыттардың көпшілігі мақтаны шитінен, яғни, дәнегінен айырып, жуып тазалау ісімен ғана айналысады. Елімізде өсірілген мақтадан таза өнім шығармайды. Ал, Түркістан қаласындағы орналасқан мақта зауыты мақтадан халық күнделікті тұрмыста тұтынатын медициналық және косметикалық бұйымдар шығару ісін жолға қойған ірі өндіріс ошағы», – дейді өндіріс басшысы. Комбинат қазіргі таңда 1 сұрыпты мақта талшығынан баршамызға әйгілі «Малыш и малышка» атты гигиеналық медициналық стерильденбеген мақта, гигроскопиялы, стерильді мақта, дымқыл сулықтар (оның ішінде балаларға арналған), медициналық стерильді дәке бинті, «doctor sponge» косметикалық мақта жастықшалары секілді 106 түрлі экологиялық таза мақта өнімдерін өндіруде. Өндірістің бастапқы жалпы құны 12,5 млн. долларды құрайды. Мақта шығару-өндіру зауыттарымен, жеке шаруашылықтармен келісіп, мақтаны зауытқа жеткізгеннен кейін мақтаны қайнатуға 7 сағат, шаң-тозаңнан тазартуға 3 сағат жұмсалады. Тазартылған мақта кептіру, таралу, өңделу, қайта тазарту секілді санқилы процестерден өтіп, түрлі бұйымдарды жасауға әзірленеді. Мысалы, «Малыш и малышка» 25, 50, 100 граммдық қалташаларға буып-түйіледі; мақта жастықшалары аппараттар арқылы орама етіп дайындалғаннан кейін трафарет секілді қондырғыдан өтіп, домалақ пішінге енеді, жіңішке қалтаға салынады. Тұтынушының бұл затты өзіне ыңғайлы етіп ашып-жабуы үшін аузына арнайы жабыстырғыш ілмек те қарастырылған. Дәке бинттері стерильденіп, оралып, қондырғыға тұтас етіп салынғаннан кейін бөліктерге бөлінеді. Комбинат өнімдері Қазақстанның барлық облыстары мен аудандарына тарап, халық игілігіне ұсынылуда.

Leave a reply