Thursday, November 21

САУРАН АУДАНЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ “ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ” ІС -ШАРАСЫ ӨТТІ

0
156
Сауран ауданы Шорнақ ауылындағы мәдениет үйінде “Тәуелсіздік тағылымы” тақырыбында іс-шара өткізілді. Жиынға ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Құрышбаев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов, Ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Жарылқасынов, зиялы қауым өкілдері мен білім саласының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейлхан Ахметов пен Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасынов Балтабай сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің маңызы мен мәні туралы ата-бабаларымыздың ел мен жерді қорғаудағы ерлігі жөнінде баяндады.
Іс-шарада зиялы қауым өкілдері Қ.Рысбеков, С.Мұсаев жас ұрпаққа тәрбие беретін осындай іс-шаралар мен кездесулерді көптеп өткізу жөнінде ұсыныстарын айтты.
Іс-шара барысында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері әннен шашу шашып, жыр термелер орындады.
Іс-шара соңында ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Құрышбаев іс-шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтады.

Leave a reply