ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖАЙЫ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ

0
121

Түркістан қаласында қоғамдық көлік мәселесі соңғы жылдары жиі көтерілуде. Сондықтан бұл жайды қала әкімдігі күн тәртібінен түсірмей келеді. Айта берсек, бұл бағыттағы жұмыстарда қала тұрғындарының жайлылығы үшін жалғаса береді. Атап айтсақ, мұндағы аса маңызды мәселенің бірі – қаладағы қоғамдық көліктердің уақытында жүріп-тұруы және қалаға жаңадан қосылған секторлардағы соңғы жылдары салынған тұрғын үйлерге дейін жеткізілуі.

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің баяндауынша, қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің сексенге жуығы сыйымдылығы жоғары автобустар. Қалған 142-сі шағын автобустар. Олар жаңартуды қажет етеді. 2021 жылдан бастап қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес 78 жаңа автобус алынды.

Оның 40 – «ТехПрофАвто» ЖШС, 38 – «Жолаушы» ЖШС иелігінде. Соның нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің 34% жаңаланды.

Келесі жылы автобустарды жаңарту жұмыстарын 85 пайызға дейін көтеруді жоспарлап отырмыз. Бұл кезек күттірмейтін мәселе,-дейді қала әкімі.

Leave a reply