Thursday, November 21

499 ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН ОТБАСЫНЫҢ 142 ОТБАСЫНА ГАЗОСИГНАЛИЗАТОР ҚҰРЫЛҒЫСЫ ҚОЙЫЛДЫ

0
129

Ағымдағы жылғы Басқарма тарапынан Түркістан қаласы әкімінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі №56-Ө «Түркістан қаласы аумағында жылыту маусымында улы газбен уланудың алдын-алуға бағытталған өрт профилактикасын жүргізу туралы»  енгізілді.

Өкіміне сәйкес, жергілікті атқарушы органдармен (Полиция басқармасы, Тұрғын үй инспекциясы, ҚазТрансАймақ, Адами әлеуетті дамыту бөлімі, Газ инспекциясы) бірге қала аумағындағы әлеуметттік жағдайы төмен 482 отбасылар бар тұрғын үйлерге Басқарма қызметкерлерімен Газ инспекциясының мамандары бірлесе отырып қазіргі таңда толығымен араланып, қайта аралау жұмыстары жүргізілді. 2022 жылға 499 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының 142 отбасына  газосигнализатор құрылғысы қойылды. 2023 жылға Түркістан қаласының мониторинг және жедел әрекет ету орталығы ұсынған 482 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының 129 отбасына газосигнализатор құрылғысын орнату жоспарлануда.

Қазіргі таңда, қала аумағындағы 6- сектор тұрғындар алқабына, яғни   39946 тұрғын үйлерге (оның ішінде 7534 көп қабатты тұрғын үй) №1 МӨСБ қызметкерлері, Газ инспекциясының мамандары және Басқарма қызметкерлері күшейтілген түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.  Аралау жұмыстары барысында 6 тұрғын үйден «Иран» пеші анықталып, Басқарма және Газ инспекциясы тарапынан үй иелерімен бірлескен акт түзіліп, «ҚазТрансГаз» Аймақ АҚ Түркістан өндірістік филиалына тиісті шара қабылдау үшін хат жолданды.

Жалпы араланған үйлер бойынша: 1960  жеке тұрғын үй секторлары араланып, (оның ішінде 775 көп қабатты тұрғын үй8465 адам қамтылды. және 2000 дана арнайы дайындалған жадынама парақшалары (25493 тұрғын үй араланған, 2022 жылдың 1 қаңтар -26 наурыз аралығы) таратылды.

2022 жылдың 9-айында жалпы №1 МӨСБ кезекші диспетчерлік пунктіне 327 (2021 жылы – 155) хабарламалар тіркелген. Оның ішінде, 49-өрт оқиғасы (2021 жылы-41), заңды шешім қабылдау үшін 16 өрт оқиғасы (2021 жылы-3) жолданды. Жалпы өрттен 116 млн 130 мың (2021 жылы – 137 млн 550 мың) материалдық шығын келіп, 467 млн (2021 жылы – 506 млн)  материалдық құндылықтары құтқарылған. 2022 жылдың 9 айында өрт оқиғасы салдарынан қайтыс болғандар жоқ (2021 жылы  қайтыс болғандар жоқ),  жарақат алғандар жоқ. Түркістан қаласы аумағында өрт оқиғасы бойынша
71 әкімшілік іс қаралды оның ішінде:

  1. 1 лауазымды тұлға, 43 жеке тұлғаға, 15 заңды тұлғаға «ескерту».
  2. 2 заңды тұлғаға 306300 тенге «айыппұл».
  3. 4 заңды тұлғаға 122520 тенге «айыппұл», 3 жеке тұлғаға 61260 тенге «айыппұл» салынған. 2022 жылдың 9 айында өрт оқиғасы салдарынан қайтыс болғандар жоқ (2021 жылы – 0),  жарақат алғандар жоқ.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығында «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» және 2021 жылғы
17 тамыздағы №405 бұйрығы «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптары» Техникалық регламентінде көрсетілген өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет. Басқармамен жылына 2 марте нысандарды есепке алу жұмыстары жүргізіледі біздің тарапымыздан жергілікті мекемелерге хаттар жолданады. Алайда қанағаттандырарлықтай хатқа жауап берілмейді. Сонымен қатар, тұрғын үйді коммерциялық мақсатында пайдалану көптеп кездеседі. Себебі коммерциялық ұйымдар тұрғын үй ден дүкен аптека, кафе жихаз жасау цехін ашып жатыр. Көптеген нысандардың мемлекеттік қабылдау актілеріндегі жерді пайдалану мақсаты өзгертілмеген.

Сонымен қатар, қала аумағының көрнекті жерлеріне «Иісті газдан улану», «Өрт қауіпсіздік ережелері» тақырыптарында қала аумағында 3 баннер ілініп, бейнероликтер әзірленіп, әлеуметтік желілерде көрсетілді және қала тұрғындарына арнайы дайындалаған жадынама парақшалары таратылды.

Сондай-ақ, қауіпсіз жылыту маусымы өткізу шеңберінде барлық мүдделі органдардың жұмысы күшейту қажет. 2022-2023 жылғы қыс-көктем айларында қала аумағында су тасқынының алдын алу жұмыстары бойынша тоқтап кетсем.

Ағымдағы жылғы (ақпан – сәуір айларында) қала аумағында нөсер жаңбыр су тасқынына байланысты жағдай аздап қалыптасты, жаңбыр кезінде қалалық ауқымдағы жолдардың 5-тен астам учаскелерін су жиналу оқиғасы тіркелді. Жағдайдың күрделенуіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтерімен суды соруға барлығы 12 адам, 4 мотопомпа және 4 техника жұмылдырылды.

Қазіргі таңда, қала аумағында су жиналатын участкерлерге
40 дана дренаждар орнатылды. Қала ішінде орналасқан иригациялық арық жүргізілген жалпы ұзындығы 30,3 шақырым күз-көктемгі су тасқыны кезенің қауіпсіз өткізу мақсатында тазалық жұмыстары күнделікті жүргізу қажет. Қаланы дамыту шеңберінде әр канал, арықтары тазалау жұмыстары және жаңбыр суларын бұру бойынша жаңа айналма арналары 13,5 шақырым құру жүргізілді.

Бірақ бұл әрекеттер жеткіліксіз болды, өйткені қала аумағында ағымдағы жылдың 12 сәуірдегі, 16 және 26 шілде күндері су басу фактілері болған. Қала аумағында су ағарлар суға толып көше бойларын су басты, оның негізгі себебі Р-32, Р-33 осы каналдардағы шлюз жарамсыз жағдайда болған. Осыған байланысты жарамсыз шлюздерді қалпына келтіріп, су ағарлардағы судың деңгейін аз мөлшерде жіберуін қамтамасыз ету қажет.

Алайда Тұран су мекемесі жарамсыз шлюзді жөніндегі ауыстыру бойынша жергілікті атқарушы органдарға мәлімет берген. Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» ММ қала аумағында су тасқыны жағдайын жою үшін 8 дана мотопомпа сатып алынды, қосымша 4 дана автокөлігін вакуумдық ассенизатордың сатып алу қарастырылуда.

«2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені» Жол картасын іске асыру шеңберінде қала аумағында 1 іс-шара жоспарланған (Шаға арнасын қалпына келтіру, Шошқакөл ойпатына қосу). Аталған іс-шараны іске асыру үшін 300,0 млн.теңге бөлінді. 1 кезеңде жоспарланған 5,8 шақырым 2,6 шақырымда жер жұмыстары орындалды (1,2 шақырым бетондау жұмыстары жүргізілді).

2022 жылғы 20 шілдегі Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев бекітілген «Түркістан облысы 2022-2023 жылғы қыс-көктемгі су тасқыны кезеңінде дайындықты жүргізу бойынша атқарулуы тиіс инженерлік іс-шаралар жоспары» орындалу бойынша 2022 жылғы 1 қарашаға дейін көрсетілген.

Осыған орай, барлық тиісті мекемелермен қауіпті деген жерлерде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қауіпті учаскелерді есепке алып, қажетті шараларды қабылдауды қажет етуде.

Бұдан басқа, алдағы күзгі және қысқы кезеңге жергілікті жолдар мен Республикалық маңызы бар жолдарды қар басуы мүмкін жол учаскелерін, аулаларды су басудың, ағаштарды кесудің алдын алу қызметтерін (Жасыл Түркістан, Түркістан тазалық және басқа тазалайтын ЖШС) дайындау қажет. Сонымен қатар, қалада су тасқыны және басқа да төтенше жағдайларды жоюға 20 түрлі ведомство (азаматтық қорғау қызметтері) және
21 объектілік құрылым құрылды
.

Түркістан қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 9 маусымдағы №1309 қаулысымен жаңадан енгізілген.

 Қала көлемінде 2665 дана, объектілерде 77 дана, барлығы – 2742 дана өрт гидранттары орналасқан.

2022 жылғы мамыр және маусым айында Түркістан қаласы «Түркістан-Су» МҚК-ның өтініш хатымен қала аумағындағы өрт гидранттарын тексеру жұмыстары жүргізіліп, тексеру барысында 2665 өрт гидрантының 621 данасы жарамсыз жағдайда екендігі анықталды (қисық орналасқан, қоқыс толған). Қала аумағындағы әкімшілік-іскерлік орталығы (АДЦ) мен рухани-мәдени орталығында (КДЦ) орналасқан жаңа құрылыс нысандарының өртке қарсы су көздері мен өрт гидранттарының жағдайына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша «Түркістан-Су» МҚК-не ҚР ӘҚБтК 359 бабымен 3 заңды тұлға 145 492 тенге айыппул салынды.

Қазіргі таңда қалада өрттердің өсуін ескере отырып, оларды жөндеу және ӨГ көрсеткіштерін орнату бойынша алдын алу шараларын қабылдау қажет, өйткені өрттердің негізгі бөлігін түнгі уақытта сөндіруге тура келеді.

Қазақстан Республикасының МЕМСТ Р 12.4.026-2002 Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері және сигналдық таңбалар» мемлекеттік стандартына сәйкес әрбір жер асты гидрантында өрт гидрантының метрмен қашықтық көрсеткіші орнатылады.

Алайда, қазіргі уақытта дейін қала аумағында өрт гидранттарының көрсеткіштері койылмаған.

Бұдан басқа, 101 диспетчерлік қызметінің уақтылы әрекет етуі үшін қаланың барлық ірі объектілері мен өрт гидранттарына жақын орналасқан ақпараттық картаны әзірлеу қажет.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі қауіпті метеорологиялық құбылыстардың салдарына талдау жүргізілді.

Жыл басынан бері қатты желдің салдарынан ғимараттардың шатырларын бұзудың 2 жағдайы болған, оның ішінде (денсаулық сақтау объектілерінде (Нұр мед) – 1, тұрғын ғимарат (1м/а 32 үй) – 1). Жыртылған шатырлардың жалпы ауданы 650 м2 құрады.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ақпараты бойынша 2016 жылы Еурокодтардың әдістемесін ескере отырып, Қазақстан Республикасы аумағының Климаттық сипаттамаларының жаңа карталары әзірленді.

Климаттық параметрлер бойынша жаңартылған деректер мен карталар нормативтік-техникалық құжаттарға енгізілген (ҚР ҚЖ 2.04-01-2017 «Құрылыс климатологиясы»; ҚР ЕЖ EN 1991-1-3:2003/2011 «Көтергіш конструкцияларға әсер ету», ҚР ЕЖ EN 1991-1-4:2003/2011 «Көтергіш конструкцияларға әсер ету. 1-4 бөлім Жалпы әсерлер. Желдің әсері» және EN 1991-1-5: 2003/2011 «Тірек конструкцияларына әсер ету. 1-5 бөлім Жалпы әсерлер. Температуралық әсер ету»; ҚР ҒТБ 01-01-3.1 (4.1)-2017 «Ғимараттарға жүктемелер мен әсер ету. 1-4 бөлім. Жел әсері (ҚР ЕЖ EN 1991-1-4: 2003/2011)»).

Яғни, жаңартылған деректер негізінде конструкцияларды есептеу және жобалау елдің климаттық жағдайларын ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шатырлардың бұзылу себептерін талдау негізінен шатыр ұзақ уақыт бойы жөнделмеген немесе оны жөндеу үшін сапасыз шатыр материалдары қолданылған және құрылыс немесе күрделі жөндеу кезінде жүк көтергіш элементтерді монтаж дұрыс жүргізілмегені көрсеттілген.

Қалада ұзақ пайдаланған мерзімінде ескі ғимараттар мен құрылыстар бар, олар шамалы қатты жел кезінде өздерін көрсете алады.

Көп қабатты тұрғын үйлердің шатырлары бұзылған кезде қоғамдық резонанс жиі туындайтынын атап өту қажет, тұрғындар жергілікті атқарушы органдарға жүгінеді, олар заң жүзінде төтенше жағдай жариялай алмайды және резервтен қаражат бөле алмайды (көп жағдайда желдің екпінінің мәні ТЖ өлшеміне жатпаса, Объектілік ауқымдағы ТЖ жариялау талап етіледі).

Іс жүзінде азаматтар үшін ТЖ салдарын әкімдіктер меценаттардың демеушілік көмегі арқылы қалпына келтіреді.

Сонымен қатар, қатты жел электр желісінің жарылу себептерінің бірі болып табылады, бұл ретте халықтың тіршілік әрекеті бұзылады.

Мұндай жағдайларда тұрмыстық техниканың істен шығуынан, өндірістің технологиялық процесінің бұзылуынан және т.б. көрінетін жеке және заңды тұлғаларға залал келтіріледі, бұл да азаматтардың наразылығын тудырады.

Зерделеу барысында анықталғаны; электр беру желілерінің үзілу себептері, электр беру желілері тіректерінің тартымдарындағы тартылу өлшемдерінің белгіленген нормаларға сәйкес келмеуі, электр желілерінің физикалық тозуы,әуе желілерінің мұздануы және электр беру тіректерінің құлауы болып табылады.

Бұл ретте, осы шараларды қызмет көрсетуші ұйымдар профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы қамтамасыз етуі тиіс.

Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында және Мемлекет басшысының 2020 жылғы 14 қазандағы №20-3584кбп сейсмикалық қауіпті өңірлердегі қиратушы жер сілкіністеріне азаматтық қорғау жүйесінің дайындығы туралы тапсырмасына сәйкес бірлескен бұйрықпен (ДСМ, АҚДМ, ИИДМ, ТЖМ, Қаржымин, ЭМ, ЭГТРМ) «Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған шаралар кешені» Жол картасы (бұдан әрі – жол картасы) бекітілді.

2021-2023 жылдарға арналған Жол картасына сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс тиімділігін арттыру бойынша барлығы 24 іс-шара енгізілген.

Қала аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында бұл мәселелер қарастырылмай отыр.

  1. Қиратушы жер сілкіністері (балл бойынша бөле отырып) туындаған кезде ықтимал жағдайға бағалау жүргізу ұйымдастырылмаған:
  • халықтың жалпы шығыны, оның ішінде санитарлық және қайтарымсыз;
  • баспанасыз қалатын халық саны;
  • тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің (энергия, газ, жылу және сумен жабдықтау, кәріз желілері) жай-күйі;
  • қатты және толық жойылатын ғимараттар мен құрылыстардың саны;
  • қатты және толық жойылатын мектептер, мектепке дейінгі және емдеу мекемелерінің саны.
  1. Қиратушы жер сілкінісі туындаған жағдайда және оның салдарын жою үшін материалдық ресурстар құру және қажетті қаржы резервін жоспарлау мүмкіндіктері қаралмаған.

Қала аумағында апатты ғимараттарды және жаңадан салынған тұрғын үйлерді пайдалану фактілері бар. Бұрын Tengrinews.kz Қарағандыдағы «Бесоба» апатты тұрғын үй кешені кез келген уақытта құлауы мүмкін екенін хабарлады. Ғимараттың тірек конструкцияларының жағдайы нақты құлау қаупі бар төтенше жағдай ретінде бағаланды. Бұған дейін 138 адам – бесінші-сегізінші кіреберістің тұрғындары эвакуацияланды. 1-5 сәуір аралығында үй бұрыштарының тік жазықтықтан 720 миллиметрге ауытқуына жол берілмеді. Үлестік құрылысқа қатысушылардың қаражаты есебінен салынған көп пәтерлі тұрғын үй 2009 жылы пайдалануға берілді. Негізгі құрылымдардың жылжуына байланысты ғимарат жарыла бастады. Үйде ТЖ режимі енгізілді. Тұрғындарды эвакуацияланды.

Қауіпсіздік шеңберінде қаланың Төтенше жағдайлар басқармасы білім беру және денсаулық сақтау объектілерінде
200 рет сейсмикалық жаттығулар мен семинарлар өткізілді.

ағымдағы жылғы 15 шілде күні қала аумағында білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын ұй инспекциясы және басқа ұйымдармен нысандарына сейсмикалық қаүіпсіздігі жөнінде оқыту семинар «Rixos Turkistan» ЖШС  ғимаратында кездесу өткізілді. Аталған семинар сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қолдану бойынша бағыттар берілді. Бұдан басқа, сейсмикалық қауіпі (жер сілкінісі) кезінде халықтың іс-қимылдарын қолдану бойынша іс-қимылдар және эвакуациялау жүргізу бойынша жеткізілді.

Азаматтық қорғаныс шаралары бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да маңызды сәттердің бірі болып табылады.

Табиғи және техногенды төтенше жағдайлар кезінде халықты уақытылы хабардар ету мақсатында, қала аумағында
31 құлақтандыру жүйесі «Марс Арсенал» орналасқан.

Қала әкімінің 2021 жылғы 16 тамызда № 62-Ө өкімімен ағымдағы жылғы қорғаныш ғимараттарына түгендеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ қала аумағында орналасқан жертөле және цокольдық ғимараттар саны – 51. Оның ішінде 48 объект (94% – «дайын»),

3 объект (5% – «шектеулі дайын»).

Түркістан облысы Түркістан қаласының бас жоспары туралы

(негізгі ережелерді қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 793 қаулысында қаланың әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көлік және инженерлік инфрақұрылымын қоса алғанда, аумақтық дамудың ұзақ мерзімді перспективалары айқындалған.

Бас жоспардың жобалық шешімдерінің негізінде түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде халықтың тұрмыс-тіршілігі негізінде күнделікті бөлігі ғана қарастырылған:

1) экологиялық (жасыл) қала (Green Сity);

2) эстетикалық тартымды қала;

3) ақылды қала (Smart City);

4) қауіпсіз қала;

5) тұрақты (өмірлік) қала (Resilience Сity);

6) жаһандық (әлемдік) қала (Global Сity).

Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін азаматтық қорғаныс объектілері мен мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар ескерілмеген (23 бап ҚРЗ «Азаматтық қорғау туралы» 11.04.2014 ж. №188), ал қала аумағында үлгілік құрылыстар (басқару пункттері, жеке тұрған және жапсарлас салынған баспаналар, радиацияға қарсы паналар, азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайлары) мүлдем жоқ.

Әлемдегі геосаяси жағдайды және қаланы қорғауды ескере отырып бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да табиғи және техногендік сипаттағы ықтимал төтенше жағдайлардан Азаматтық қорғаныс объектілерін салу және мүлкін жинақтау бойынша бірқатар алдын алу іс-шараларын көздеу қажет.

Бұдан басқа, облыс орталығы 6 баллға дейінгі сейсмикалық аймаққа жатады, онда сейсмикалық төзімді құрылысты және ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық беріктігін ескеру қажет (8т. 2 т. 41-бап ҚРЗ «Азаматтық қорғау туралы» 11.04.2014 ж. №188).

«Азаматтық қорғау туралы» Заңның талаптарын іске асыру шеңберінде 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру бойынша халықты жасыру (азаматтық қорғау қызметтерінің, неғұрлым жұмыс істейтін ауысымдардың, санатталған ұйымдар мен құралымдардың), жалпы азаматтық қорғаныс бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда көрсетілген мәселелерді ескере отырып, Сізден, тиісті бөлімшелерге тапсырма беруіңізді сұраймын, қала аумағында объектілерді одан әрі жобалау және салу кезінде азаматтық қорғаныс объектілері үшін ғимараттардың жер асты алаңдарын пайдалана отырып, азаматтық қорғаныс іс-шараларын және сейсмикалық күшейту элементтерін көздеу қажет.

2021 жылдың 20 қаңтарында бекітілген 2021-2023 жылдарға арналған азаматтық қорғау басқару органдары мен күштерін дайындыққа келтіру іс-шаралар жоспары және Түркістан облысы аумағында азаматтық қорғау саласында өткізілген оқу-жаттығулардың 2021 жылға арналған жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 2-3 желтоқсан аралығында Түркістан қаласындасанитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, кешенді оқу-жаттығу (әрі қарай – оқу-жаттығу) өткізілді.

Өткен оқу-жаттығуларда қаланың азаматтық қорғау қызметтері өз іс-әрекеттері мен дағдыларын әлсіз көрсетті.

Қала аумағында азаматтық қорғау құрылымдарының жеке құрамын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу дағдылары мен әдістерін үйрету жұмыстарын жалғастыруды;

– әр тоқсан сайын кемiнде 1 рет қала аумағында орналасқан барлық мекемелерде, шаруашылық нысандарында, сондай-ақ, қала әкiмдiгiнiң ғимаратында сейсможаттығулар өткiзуді;

– қала көлемінде азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыруды және тиісті ұйымдастырушылық және жоспарлау құжаттарын өңдеу жұмыстарын нормативтік талапқа сай жүргізуді;

– қала аумағында азаматтық қорғау құралымдарын «Азаматтық қорғау құрылымдарын құру, ұстау, материалдық техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №387 бұйрығының талаптарына сәйкес құруды және жасақтауды ұсынды.

 

Leave a reply