ЖАҢА ТУРИСТІК МАУСЫМ БАСТАЛҒАЛЫ ҚАЛАҒА 130 503 ТУРИСТ КЕЛГЕН
Түркістан қалалық “Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің” басшысы Талғат Алпысбайұлының мәлімдеуіне сәйкес, облыс орталығына жаңа туристік маусым ашылғалы 130 503 турист келген.
Оның 129 645-і ішкі туристтер болса, 858-і шет елдік қонақтар.
Бүгінде шаһарда туристтерге қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкіндік қарастырылған.
2023 жылдың І-ші тоқсан қорытындысы бойынша қаладағы орналастыру орындарының саны- 57 бірлікті құраған. Ал, демалыс нөмірлері саны – 1199 болса, төсек-орын саны – 2557 бірлікке (2022 жылдың I тоқсандағы көрсеткіші -2093 бірлік ) көбейген.
Одан бөлек, жыл соңына дейін қалада
5 жұлдызды “Medina palace” қонақ үйі мен “Мұз айдыны” спорт кешені қолданысқа беріліп, туристтерге арналған демалыс орны арта түспек.