Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы

0
117

Мемлекеттік рәміздеріміз еліміздің тәуелсіздігі мен біртұтастығын айқындайды. Көрсең көзің тоятын Туымыз бен Елтаңбамыз, естіген жанды елжіретіп тебрентетін Әнұранымыз әрбір қазақстандықтың жүрегінде болуы керек. 1992 жылғы 4 маусымда елімізде тұңғыш рет тәуелсіз республиканың жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Айтулы дата ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі қалады. Осы орайда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заң 2007 жылғы 4 маусымда қабылданды. Аталмыш заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым елімізде Мемлекеттік рәміздер күні болып атап өтіліп келеді. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран еліміздің айрықша белгілері. Рәміздің түсі мен бейнесі түрлі мән-мазмұнға ие.

 

Айта кетейік, Елтаңба, Ту, Әнұран үлгілерін әзірлеуге байқау жарияланып, оған 600-ден астам адам қатысты. Барлығы 1 200 өтінім Мемлекеттік Тудың эскиздерін әзірлеген. Сондай-ақ болашақ Мемлекеттік Елтаңбаның 245 жобасы мен 67 сипаттамасы және Мемлекеттік Гимннің 750 нұсқасы ұсынылды. Сайысқа қатысушылар арасынан Шәкен Ниязбеков (Ту авторы), Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихан (Елтаңба авторлары) сынды шеберлердің жұмысы таңдалды.

 

Осы кезеңге дейін Мемлекеттік Гимннің сөзі мен әні бірнеше рет өзгерді. Алғашқы мәтіндік конкурсының авторлары М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев және Ж.Дәрібаевалар жеңіске жетті. Бес жыл өткеннен кейін ғана 2006 жылы жаңа Мемлекеттік Гимн пайда болды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдалынып алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік Гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік Гимнін бекітті.

 

Еліміздің ежелден аңсаған Тәуелсіздігіне қол жеткіздік. Қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдетғұрпының қайта жаңғырды. Мемлекеттік рәміздердің бекітілуі болашаққа басқан нық қадамның бірі. Кемел келешек, біртұтас болашақ үшін бабалар арманы. Сондықтан

мемлекеттік рәміздерді қастерлеу азаматтарымыз үшін басты міндеті.  Сондайақ ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті қалайтын мемлекетіміз әлемдік деңгейде өз орынын тауып келеді. Десе де дамыған елдер қатарынан орын алуы үшін төл нышандарымыздың атқаратын қызметі айрықша екенін айта кеткеніміз жөн.

Жалғасбек Сабиров.

Түркістан қаласы, Балалар мен жасөспірімдер орталығы, Шахмат үйірмесінің педагогі.

Leave a reply