«AMANAT» : ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ

0
121

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Онда 5 жылға арналған облысты дамытудың Жол картасы талқыланып, бекітілді.

Бүгін Саяси Кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, «Жастар Рухы» жастар қанаты мен партияластар қатысқан мәжілістe «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасы бекітілді.

Жалпы Жол картаның 4 бағыты бойынша 136 іс-шара қарастырылған.

Жол картасы – бұл сайлауалды бағдарламаның әрбір тармағы бойынша көрсеткіштерді, мерзімін және орындаушылары көрсетілген нақты іс-қимыл жоспары.

Бағдарламада облысты дамытудағы өзекті мәселелердің шешілу жолдары белгіленіп, бірнеше бағытқа топтастырылған. Оны іс жүзінде тиімді іске асыру үшін арнайы Жол картасы әзірленіп, 136 іс-шарадан тұратын құжатта Сайлауалды бағдарламада аталған барлық іс-шаралар мен көрсеткіштер ескерілген және әр жылға бөлінген. Аталған Жол картасы барлық мемлекеттік органдармен келісілген, халықтың талап – тілегі ескерілген.

Жиында Жол картасын іске асыру жөнінде алда бірлесе атқарылатын жұмыстар айқындалып, күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты нақты қаулылар қабылданды.

Leave a reply